Күні: 02. 2018ж. 6 «А» сынып Сабақтың тақырыбы



Дата06.07.2018
өлшемі23,96 Kb.
#47366
түріСабақ
Күні: 2.02.2018ж.

6 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқанжапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.

Сабақтың мақсаты

1. Білімділік.

Қылқанжапырақты өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын көрсете отырып, табиғат айналымындағы рөлін көрсету.



2. Дамытушылық.

Оқушылардың ой-өрісін дамыта, ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, экологиялық тәрбие беру.



3. Тәрбиелік.

Қылқанжапырақты ағаштардың табиғаттағы алатын ролін көрсете отырып, адам өміріндегі маңызын айқындау. Оқушыларды өсімдік әлемін қорғай білуге үйрету. «Қызыл кітапқа» енген сирек өсімдіктерді айтып түсіндіру.



Сабақ әдісі: Аралас сабақ (көрнекілік, оқулықпен жұмыс, топтық, жеке жұмыстар, тапсырмаларды орындау)

Күтілетін нәтиже: Өз беттерінше білімді меңгеру,

ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту, өз-өздерін бағалай білу.

Сабақтың түрі: аралас абақ.

Сабақ көрнекілігі: 1. Түрлі тапсырмалар жазылған слайдтар, Гербарий «Қылқанжапырақты ағаштар», Бүрлер.

Пән аралық байланыс: география, химия, экология

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

  • Психологиялық ахуал. Шаттық шеңберін құрып « Жүректен жүрекке» тренингі (Жұмсақ жүрек)ойыншығы арқылы оқушылар бір-біріне бере отырып жылы тілектерін білдіреді.

Оқушыларды екі топқа бөлу. (Жұмбақ шешу арқылы)

  1. Дауылға да, аязға да,

Шыдап бағар мізбақпай.

Тау етегі тұрағы,

Жап-жасыл боп тұрады. (Қарағай).

2.Қысы-жазы шешпейтін,

көйлегі бар жасылдан.

Өзгертпейді еш кейпін,

жаралғандай асылдан. (Шырша).

II. Үй тапсырмасын тексеру (өткен материалды қайталау) Кім жылдам.(сұрақ - жауап)

1. Өсімдіктерді қандай үлкен екі топқа бөлеміз? (жоғары және төменгі)

2. Қарағай не арқылы көбейеді? (қанатты тұқым)

3.Жер бетінде ашықтұқымды өсімдіктердің неше түрі бар? (700-ге жуық)

4.Қарағайдың тұқымы қандай түсті болады? (аналығы- қызғылт бүрі, аталығы- жасылдау сары бүрі)

  Биологиялық диктант

Жоғары сатыдағы  споралы өсімдіктер”  Сөйлемдер



Қажетті сөздер

1. Мүктерді зерттейтін ғылым  _________________ деп аталады.

2. Мүктерде тамырдың қызметін __________________ атқарады..

3 . Мүктер екі жолмен ___________ , _______________ көбейеді . 

4. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті __________ деп атаған.

5. Көктемгі өркендері -  _______________ , ал  жаздық өркендері  ______ қызметін атқарады.

(бриология, ризоидтар ,  жынысты, жыныссыз  қырықбуын  көбею, өсу )

  

 “Жоғары сатыдағы  тұқымды өсімдіктер”



Сөйлемдер

1. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді  ___________ топқа бөледі.

2._______________________ - өсімдіктердің ең ежелгі тобы .

3. Тұқымды өсімдіктер үлкен екі бөлімнен тұрады: ____________________ , _________________.

4. Кәдімгі қарағай -  ______________________ өсімдік.

5. Ағаш сабағы  ____________________ деп аталады.

(екі, қырықбуындылар, ашық және жабық, бірүйлі өсімдік, дің)

III. Жаңа сабақ жоспары:

Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың

табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. (слайд)

  Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. «Эрозия»- латын сөзі, яғни ірітіп- шіріту,  бүлдіру мағынасында қолданылады. Демек топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуын, жел ұшыруын болдырмайды. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге ағзалық заттар түзеді.



Балқарағай 

Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт,  бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.

Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыстахимиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.

Біз  қылқан жапырақты өсімдіктемен таныстық. Ал , енді осы өсімдіктердің пайдасы туралы өздерің білім алып, оны бізге түсіндіріп, білімдеріңді ортаға салады  деп сенемін.

 1 топ. Қарағайда -зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөлінеді. Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор. Бұл  қарағайдың табиғаттағы маңызы болса, қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады.

2 топ. Жатаған шырша

Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.

Шыршаның қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25 – 29%-дай сұйық май болады. Сүрегі жеңіл және жұмсақ, оны құрылыста, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады; шайыр, қара май, скипидар,  сүрек сірке қышқылы алынады.

Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридың скрипкалары шыршадан жасалған.

Жатаған шырша тау беткейіндегі топырақты шайылудан қорғайды. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Шырша сүрегі – қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат. 

Әр топ оқып болды(3 мин. беріледі).



4-слайд Сергіту сәті. 

  1. Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары: 

1.Ашық тұқымды өсімдіктер топырақты неден сақтайды?

А) ірітіп-шірітуден           В) зиянкестерден                  С) құрғап кетуден

2.Қай қылқан жапырақты өсімдік зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөледі?

  А) жатаған шырша         В) қарағай             С) балқарағай

3.«Қылқан жапырақты» дейтін себебі жапырақтары:

  А) жүрек тәріздес         В) ине тәріздес            С) қауырсын тәріздес

4. Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі?



А) өзек В)қабық С) сүрек

V. Қорытынды. Рефлексия. 

VI. Үйге тапсырма беру. §41.
VІІ Бағалау (Жауап берген оқушыларға таратылған стикер арқылы)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет