Күні: 12 03 2016 ж 5 «А», «Б» -сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



Дата29.01.2017
өлшемі200,68 Kb.
#8243
Күні: 12 03 2016 ж 5 «А», «Б» -сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер 
Сабақтың тақырыбы: § 25Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы, қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград қалаларын фашистерден қорғауда қосқан үлесі жайлы мағлұмат беру. Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдай, жеңіске қосқан Қазақстандықтардың үлесі жайлы және Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы білім алуға көмектесу. 
Дамытушылық: тақырыпты меңгерте отырып Ұлы жеңіс жайлы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру. 
Тәрбиелік: жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйішпеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру. 
Сабақтың түрі: аралас 
Әдісі: сұрақ-жауап, кесте құру, «Миға шабуыл»

Көрнекілік: соғыс туралы картиналар, КСРО батырларының суреттері, бұрынғы КСРО және Еуропа картасы.Қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының суреті.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 

-Оқушылармен амандасу және түгелдеу.

-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.Қазақ ұлт зиялылары. «Сұрақтар шеңбері»
Алаш үкіметінің құрылуы? 
1) Алаш партиясы қай кезде құрылды? 
2) Мақсаты? 
3) І-шіжалпықазақ съезі өткен қала? 
4) «Алаш» бағдарламасы қайда жарияланды? 
5) «Алаш» партиясы таратылды? 
ІІ Алаш қайраткерлері: 
1. Алаш партиясының жетекшісі? 
2. Ә.Бөкейхановтың дүниеге келген жері? 
3. 1879-1886жж. қайда оқыған? 
4. 1886-1890жж алған мамандығы? 
5. 1890-1894жж қай қалада білім алады? 

. Алаш қайраткерлері: 


1. А.Байтұрсынов дүниеге келген жері? 
2. Өмір жолы? 
3. 1910-1917жж қай қалада тұрады? 
4. 1913ж бастап шыға бастаған газет? 
5. 1921-1928жж қайда сабақ береді? 
Алаш қайраткерлері: 
1. «Қазақ» газетінің редакторы? 
2. Алашорда үкіметінің белгілі қайраткерлерін ата? 
3. Қазақстан қай кезде өз тәуелсіздігін алды? 
4. 1937ж не себептен ату жазасына кесілді? 
5. «Алаш» бағдарламасы неше бөлімнен тұрады? 

III. Жаңа сабақ. 


Фашиттік Германияның Кеңеселіне қарсы соғыс жоспары.

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.


«Миға шабуыл»

-Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? 


-Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл толып отыр? 

Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар аралығындаболды. 


Еуропада орналасқан Германияда 1933 жылы ұлтшыл-фашистік тәртіп орнады. Жетекшісі Адольф Гитлер болды. 1939 жылы фашистік Германия әлемге иелік ету мақсатында соғыс бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірді. 1941 жылы Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Енді тек оған қарсы шығатын КСРО ғана қалды. Фашистік Германия КСРО-ны 3-4 ай-дың ішінде басып алу жоспарын жасады. Ол жоспар «Барбаросса» деп аталды. 
1941 жылы 22 маусымда неміс өскерлері КСРО шека-расына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.Қазақстан халқы да Отан қорғау ісіне алғашқы күндерден бастап өз үлестерін қосты. 
ҰОС жылдары 1 млн 200 мың қазақстандық армия қатарына алынды. Қазақстан халқының бестен бірі майданға аттанды. 
Ең алдымен Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру жүргізілді. Көптеген өнеркәсіптер соғысқа қажетті заттар шығаратын кәсіпорын етіліп қайта құрылды. Сонымен қатар майдан өңірі болып саналатын Ресей, Украина, Белоруссиядан көптеген кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Ондай кәсіпорындардың саны 220-ға жетті. 
1941-1945жж. ауыл еңбеккерлері майданға 5829мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. 
Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі базаға айналды. Майданда қолданылған барлық оқтың 90%-ы Қазақстан жерінде өндірілген қорғасыннан жасалды. Қазақстан жерінде яғни тылда негізінен кәрі адамдар, әйелдер және балалар жұмыс істеді. 
1941ж қараша айында Кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп қалды. Генерал - майор И.В.Панфилов басшылық еткен 316 –шы атқыштар дивизиясы 4 сағат бойы ерлікпен шайқасты. 
Мәскеу үшін шайқасқан батырлар: Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Бауыржан Момышұлы. 

1941ж қыркүйек айында фашистік Германия Ленинград қаласына шабуыл жасады. 


Ленинград 900 күн бойы жау қоршауында тұрсада, жұмыс істеуін тоқтатпады. 
Орталықпен тек Ладога көлінің мұзы арқылы салынғанжол болатын. Осы жолды 
Ленинградтықтар «Өмір жолы»деп атады.Қазақстандық 310,314 – атқыштар дивизиялары, Сұлтан Баймағамбетов және Шығыстың қос жұлдызы Әлия Молдағулова мен Маншук Маметова ерлікпен шайқасты. 
Бейсекбаев Бақтыораз (1920-1941жж) – әуе атқышы, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры. 1941жылы 26 маусымда отқа оранған ұшақты жау танкілері мен қару-жарақ қоймасына бағыттап, ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. 
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының 2004жылы Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. Соғыс жылдары КСРО бойынша 11600-дей адам ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды. Соның 497-сі қазақстандықтар, ал 97-сі қазақтар болды. ҰОС жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең алғаш қазақстандық жауынгер К.А.Семеченко (1941жылы 22 шілде) 
Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар Жәнібек Елеусізов 1945ж соғысқа қатынасқан ақын-жазушылар 100-ге жуық 
1945ж 30сәуірде жауынгер Булатовпен бірге Рейхстагка ту тіккен Р.Қошқарбаев 1999жылы «Халық қаһарманы» атағын алды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды 1945ж 2 қыркүйек Жапонияның тізе бүгуімен. 
ҰОС жылдары КСРО 27 млн. адамынан айырылды. Оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 
Сабақты бекіту тапсырмалары:1-тапсырма.Кестені толтыр.

Қазақ батырлары 

Мәскеуді қорғаған Қазақстандық батырлар

Ленинград үшін шайқасқан қазақтың қос жұлдызы 









2-тапсырма.Ұлы Жеңіске үлес қосқан батырлар.

Қаһарман батырлар

Көрсеткен ерліктері

Рейхстагқа ту тіккен қазақ батырлары 










3-тапсырма. Топтастыру стратегиясы. 
Қаһарман батырлар

4.Ұлы Жеңіс.Кесте толтыру. 


Әлия Молдағұлова Мәншүк Мәметова Бауыржан Момышұлы Талғат Бигелдинов 
Өмір сүрген жылдары 
Туып-өскен жері 
Соғысқан майданы 




Әлия Молдағұлова

Мәншүк Мәметова

Бауыржан Момышұлы

Талғат Бигелдинов 



Өмір сүрген жылдары 













Туып-өскен жері 













Соғысқан майданы 














Ерлік істері 













Сабақты қорытындылау: тест сұрақтары 
Ұлы Отан соғысы

Мемлекеттік тәуелсіздік пен аумақтық біртұтастығын, егемендігін әскери күшпен бұзу- а/ фашизм б/агрессия с/ отарлау

Ұлы Отан соғысы қашан басталды? а/1945ж б/1941ж с/1939ж

«Барбаросса» деген не?

а/Фашистік партия б/Гитлердің соғыс жоспары с/ Газет атауы

Соғыс кезінде күріш өсіруден рекорд көрсекен кім? а/ Шығанақ Берсиев б/Ыбырай Жақаев с/Жазылбек Қуанышбаев

Төл алудан жоғары көрсеткішке жеткен кім?

а/ Шығанақ Берсиев б/Ыбырай Жақаев с/Жазылбек Қуанышбаев

Тары өсіруден рекорд жасаған кім? а/ Шығанақ Берсиев б/Ыбырай Жақаев с/Жазылбек Қуанышбаев

КСРО-ның батыс өлкесінен Қазақстанға қанша зауыт,фабрика көшірілді? а/110 б/220 с/250

Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, қаһармандық ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық дивизия: а/238-атқыштар дивизиясы б/316-атқыштар дивизиясы с/310-атқыштар дивизиясы

Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау пулеметін өз денесімен жауып, ерлікпен қаза тапты? а/Әлия Молдағұлова б/ Сұлтан Баймағамбетов с/Маншүк Мәметова

Ленинград блокадасы неше күнге созылды? а/500 б/900 с/800

«Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу!» деген жалынды сөздерді кім айтқан? а/Бауыржан Момышұлы б/ В.Г.Клочков с/И.Панфилов

Рейхстагқа ту тіккен қазақ жауынгері кім? а/Р.Қошқарбаев б/Б.Момышұлы с/Т.Бигельдинов

Хиуаз Доспанова- а/мерген б/ ұшқыш с/ пулеметшы

Қазақтың атақты партизаны – а/ Т.Бигельдинов б/Қ.Қайсенов с/Б.Момышұлы

Кеңес Одағының батыры атағын қанша қазақстандықтар алды? а/497 б/725 с/31

Бағалау: 
Үй тапсырмасы: 25-параграфты оқу. ҰОС қатынасқан ата-әжелерің туралы мәлімет жинақтау

Күні: 19 03 2016 ж 5 «А», «Б» -сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер 

Сабақтың тақырыбы: §26. Тың игеру.


Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі:Оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшеліктері жайында жалпы мағлұмат беру, тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсінуге жағдай жасау.

 Дамытушылық: тақырыптың негізгі мәселелерін меңгерту арқылы тарихи оқиғаларға жан-жақты баға бере білу дағдыларын қалыптастыру. Басты мәселелерді, себеп-салдарларды ажырата білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесу.

 Тәрбиелік: өткен оқиғаларға сыни көзбен қарау арқылы шығармашылық әрекетке тәрбиелеу, ез елінің тарихын құрметтеу сезімін оятуға көмектесу. Өткеннен тағылым алуға үйрету.



Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, тың игеру көрінісінің суреттері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен амандасу және түгелдеу

-Оқушы зейінін сабаққа аудару


II. Үй тапсырмасын сұрау. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

          Пысықтау сұрақтары. «Кім жылдам» ойыны.

 Фашистік Германияның КСРО-ға соғыс ашу жоспары (Барбаросса.)

Ұлы Отан соғысы басталған уақыт (1945 жылы 22-маусым).

Фашистік Германия КСРО-ны неше айдың ішінде басып алуды көздеді? (3-4 айдың ішінде).

Қазақстанда құрылған, Мәскеуді қорғауға қатысқан әйгілі дивизия (316-шы дивизия).

Ленинградты қорғауда кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен батыр (Сұлтан Баймағамбетов).

  Невель қаласы үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан батыр қыз (Мәншүк Мәметова).

 КСРО-ның екі мәрте батыры, ұшқыш (Талғат Бигелдинов).

-Ұлы Отан соғысында қаза тапкан КСРО азаматтарының саны (27 миллион) т.б.

-Ұлы Отан соғысының әлем тарихында және Қазақстан тарихында алатын орны.

-Ұлы жеңістің тарихи маңызы.

-Соғыс зардабы.

         Оқушылардың жауабын тыңдаған соң,  өткен тақырыптарға шолу жасап үй тапсырмасын қорытындылап шығамын да жаңа сабаққа кірісемін.

III. Жаңа сабақ жоспары:

1. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

2. Тың жерлерді игерудің нәтижесі.

          

 Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-ның ауыл шаруашылығы өте төмен дәрежеде болды. Коммунистік партияның алдында азық-түлік мәселесін тезірек шешу міндеті тұрды. 1954 жылы компартия «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешім қабылдады. Жаңадан игерілуге тиіс тың жерлердің басым бөлігі Қазақстанда орналасты.

Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстар.

                  Алғашқы жылы Қазақстанда 6,5 мың га жер жыртылды. Ал тың игеру жылдары Қазақстанда барлығы 25 мың га жер жыртылған екен. Тың игеру үшін одақтас республикалардан көптеген адамдар келді. Олар мемлекет тарапынан көмек алып Қазақстан жерінде қалып қойды.

         



Тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесі

Жағымды (пайдасы)

Жағымсыз (зияны)

 1. Экспортқа бидай шығару.Қазір бір адмға Қазақстанда жылына 2 мың кг. астықтан келеді, ал дүниежүзілік тәжірибеде әр адамға 1 мың кг. астық жеткілікті, яғни Қазақстан шетке астық шығара алады.

2. Бес жүз совхоз құрылды, бұлардың арасында тас жол, байланыс жүргізілді.

3. 1954-56 жылдары 391 мың механизатор, 50 мың құрылысшылар, 3 мың дәрігерлер, 1500 мұғалім, т.б. келеді. 


 Осы жылдары 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 78 мың машинаны алды. 1. Тың жақсы өнімді уш- ақ жыл берді: 1956, 56-57, 58 жылдары. Ал 1962 жылы КСРО ашаршылық алдында тұрды. 

2. 1957-58 жылдары Павлодар облысында  9 млн га жер қуаңшылықққа ұшырады. Қазір 25 млн. га  жердің 14-15 млн жарамсыз. 

3. Қазақ ауылдары тозды. Түкпір

-түкпірдегі қазақ ауылдары ірі совхоздарға қосылып кетіп, ондағы 700 мектеп жабылды. 

4. 1954-60 жылдарда Қазақстанға тың игеруге батыстан 2 млн. аса келді. Нәтижесінде қазақтар саны 29% ғана қалды.

 

ІҮ.Сабақты бекіту.



Тест алу. 

1.  «Тың  және тыңайған жерлерді игеру» жоспары қашан қабылданды?

А) 1955  ж  қаңтар- наурыз      В) 1954 ж. ақпан-наурыз

Б) 1958 ж. ақпан- наурыз        С)   1957 ж. наурыз- сәуір

2. Қазақстанда тың игерілген аймақты көрсетіңіз.

А! Атырау В) Шымкент

Б! Ақтөбе С) Торғай

3. 1954- 1965 жылдарда КСРО бойынша қанша гектар жер жыртылды?

А) 25 млн.га В) 6,5 млн га.

Б! 42 млн. га С) 9 млн. га

4. Қазақстанға тың игеру жылдарында  қанша ұлт өкілдері келі қоныстанды?

А) 2 млн. В) 5 млн

Б) 3 млн С) 6 млн

 

5. Алғашқы тың игеруші механизатор, Еңбек Ері



А) Ж. Қуанышбаев В) К.Б. Дөненбаева

Б) Ш. Берсиев С) Ы. Жақаев

    Ү.Сабақты қорыту. Интервью алу.   (Ауыл шаруашылығының министрінен сұхбат алу)

1. Тың игерудің алдына қойған міндеттері қандай еді?

2. Тың өзін экономикалық жағынан ақтады ма?

3. Бүгінгі күні тың игерудің маңызы қандай?

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үй тапсырмасы: § 50. «Тың көтеру» реферат дайындау 

 

Жағымды Жағымсыз



5. Экспортқа бидай шығару.Қазір бір адмға Қазақстанда жылына 2 мың кг. астықтан келеді, ал дүниежүзілік


    1.  «Тың  және тыңайған жерлерді игеру» жоспары қашан қабылданды?

А) 1955  ж  қаңтар- наурыз      В) 1954 ж. ақпан-наурыз

Б) 1958 ж. ақпан- наурыз        С)   1957 ж. наурыз- сәуір

2. Қазақстанда тың игерілген аймақты көрсетіңіз.

А! Атырау В) Шымкент

Б! Ақтөбе С) Торғай

3. 1954- 1965 жылдарда КСРО бойынша қанша гектар жер жыртылды?

А) 25 млн.га В) 6,5 млн га.

Б! 42 млн. га С) 9 млн. га

4. Қазақстанға тың игеру жылдарында  қанша ұлт өкілдері келі қоныстанды?

А) 2 млн. В) 5 млн

Б) 3 млн С) 6 млн

 

5. Алғашқы тың игеруші механизатор, Еңбек Ері



А) Ж. Қуанышбаев     В) К.Б. Дөненбаева

Б) Ш. Берсиев С) Ы. Жақаев


Қорытынды кезең

          Сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын:

1. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі басты мақсат не болды?

2. Неліктен тыңайған жерлерді игеру көбінесе Қазақстанда жүргізілді?

3. Тың жерлерді игерудің пайдасын айт.

4. Тың жерлерді игеру мал шаруашылығының дамуына неліктен кері әсер етті?

5. Тың жерлерді игерудің экологияға тигізт ең зардабы қандай болды?

6. Тың жерлерді игеру қазақ халқының ұлттык ерекшелігіне қандай зиян тигізді?

7. Тың игерудің тарихи маңызы?

8. Тың жерлерді игеру неліктен солтүстік және орталық облыстарда жүргізілді деп ойлайсың?



Бағалау:

Үй тапсырмасы: § 52.

Күні: 2 04 2016 ж 5 «А», «Б» -сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер 
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы жайында мағлұмат беру, ғылыми-техниқалық прогрестің Қазақстан шаруашылығына тигізген әсерін анықтауға жағдай жасау. Қазақстанның ғылым, мәдениет және өнер саласындағы жетістіктерін анықтау.

 Дамытушылық: тақырыптағы өзекті мәселелерге назар аударта отырып, нақты мәліметтерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау, шығармашылық әрекеттерін дамытуға көмектесу.

Тәрбиелік: ғылымның жетістіктері мен озық мәдени үлгілерді оқыта отырып, білімділікке, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды үлгі түта білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,

 Көрнекілік: Қ. Сәтбаев, Ш. Айманов суреттері, Қазақстан картасы.

Сабақтық барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу;

-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:Тың көтеру.

Тың және тыңайған жерлерді игерудегі басты мақсат не болды?

2. Неліктен тыңайған жерлерді игеру көбінесе Қазақстанда жүргізілді?

3. Тың жерлерді игерудің пайдасын айт.

4. Тың жерлерді игеру мал шаруашылығының дамуына неліктен кері әсер етті?

5. Тың жерлерді игерудің экологияға тигізт ең зардабы қандай болды?

6. Тың жерлерді игеру қазақ халқының ұлттык ерекшелігіне қандай зиян тигізді?

7. Тың игерудің тарихи маңызы?

8. Тың жерлерді игеру неліктен солтүстік және орталық облыстарда жүргізілді деп ойлайсың?

III. Жаңа сабақ жоспары:

1.  Қаныш Сәтбаев - ғұлама ғалым, академик.

2.  Қазақстан ғылымы.

3.  Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті.

        


Қ. Сәтбаев


Балалық шағы, өскен ортасы.
Ғылым жолындағы

жаңалықтары.


Академик.

        




Тірек-сызба арқылытүсіндіру.

Ғылым

Мәдениет

Әдебиет

Тарихи ескерткіштердің

Ән-күй, театр, байқаулар

Жаңа әдеби ағымдар,жас

жаңаруы, озық технология,

мен фестивальдар, мерейтой

ақын-жазушылар,

Ілияс


ғылыми энциклопедия, ғылыми конференция.

(Абай, Жамбыл, Қаныш және Түркістан қаласының

Есенберлин.

 

1500 жылдығы), Қазақ

 

 

киносының дамуы.

Ш. Айманов.



 

 

 

 

 

 

 

 




 

 




 

Сабақты бекіту тапсырмалары:

1-тапсырма. Қазақ мәдениеті мен спорты. Кестені толтыр.



Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері

Атақты опера әншілері

Олимпиада чемпиондары

Көрнекті кинорежжисер













2-тапсырма. Топтастыру стратегиясы.

100 ж мерейтойы 1998 ж ЮНЕСКО көлемінде тойланып өтті.




Қаныш Сатпаев

3-тапсырма. Қабілетті оқушылармен жұмыс.

-Қазіргі кездегі ғылыми басымдықтар мен бағыттарды ата.

Білімінде олқылығы бар оқушылармен жұмыс. Карточка тарату.

1.  Ғылыми жетістік деп нені айтады?

2.  Қазақстанда ғылымның дамуы қандай дәрежеде болды?

3. Мәдениет пен өнердің дамуына баға бер.  

Сабақты қорытындылау.INSERT әдісі.



Не білемін

Нені білдім

Нені білгім келеді?



















Бағалау:

Үй тапсырмасы: 27 параграфты оқу.тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.



Күні: 9 04 2016 ж 5 «А», «Б» -сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер 

Сабақтың тақырыбы: Ғарышты игеру.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XX ғасырдың екінші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушыларға білім беру.

Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып ғылыми жаңалықтардың маңызын түсіне білу қабілеттерін арттыру, ой-өрістерін, шығармашылық ізденістерін дамытуға көмектесу.
Тәрбиелік: ғылымға қызығушылықтарын арттыру, тақырыпты меңгерте отырып патриоттық, отаншыл тәрбие беру, ғарышкерлерге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,кесте толтыру.
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю.А.Гагарин портреттері. Байқоңыр ғарыш айлағының және планеталар суреті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен амандасу және түгелдеу

-Оқушы зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру:Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы.

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

1.Ғылыми жетістік деп нені айтады?
2. Қазақстанда ғылымның дамуы қандай дәрежеде болды?
3. Мәдениет пен өнердің дамуына баға бер?

ІІІ.Жаңа сабақ жоспары:

Қазақстан ғарыштық мемлекет.

Қазақ ғарышкерлері.

«Миға шабуыл»

-Ғарыш дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
 
Ғарышқа талпыныс.
Адам баласының алғаш рет ғарышқа ұшуы. Ю.А. Гагарин.
Байқоңыр.
Адам баласының алғаш ғарышқа ұшқан мерзімі - 1961 жылғы 12 сәуір. Қазақстанның өз жерінде әлемде теңдесі жоқ ғарыш айлағы болса да көп уақыт ғарышқа ұшу қазақ баласына бұйырмады. Бұл әрине коммунистік саясаттың кесірі. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соң ғана мұндай мүмкіндікке қол жеткіздік.


Қазақ ғарышкерлері



Тоқтар Әубәкіров.

1991 жылы 2 қазанда алғаш рет ғарышқа ұшты.


Талғат Мұсабаев - 1994 жылы 1 маусымда ғарышқа ұшты.

Талғат Мұсабаев үш рет ғарыш көгіне самғады.


 О. Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді!» поэмасын оқушыларға оқыту.

Сабақты бкекіту тапсырмалары:1-тапсырма.

«Тарихи диктант»

1.Ғарыш- .... тілінен аударғанда ,.......,......

деген мағананы білдіреді.

2.О.Сүлейменотың поэмасы «…… ….., …….!»

3.Ғарыш кемелері Қазақстанның ........ .....

Айлағынан ұшады.

4.1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «.......»

кемесімен ғарышқа ұшты.

5.Т.Мұсабаев.1991 жылы «..... -.......»біліктігін алып шықты.

2-тапсырма. Берілген оқиғаларды ретімен орналастыру» арналған тапсырма

1961ж 12 сәуір Ю.Гагарин ғарышқа ұшты.

1991ж 2 қазан Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1969 ж Т.Әубәкіров Армавир әскери авиация учелищесін үздік аяқтады.

1994 ж 1 маусымынан 4 қарашасына дейін Т. Мұсабаев «Союз ТМ» ғарыш кемесімен ғарышта болды

3-тапсырма. Тест тапсырмаларымен жұмыс.

1)Адамзат баласы ғарышқа алғаш рет қашан ұшты?

А) 1961 жыл 12 сәуірБ) 1962 жыл 18 сәуірВ) 1961 жыл 14 тамыз

2) «Адамға табын, Жер, енді!» поэмасын жазған қазақ ақыны кім?

А) О. Сүлейменов

Б) Қ. Мырзалиев

В) М. Мақатаев

3) Т. Әубәкіров ғарышқа қандай кемемен ұшты?

А) Восток

Б) Челленджер

В) Союз ТМ-13

4) Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевқа қандай жоғары атақ берілді?

А) Халық батыры

Б) Ел қорғаны

В) Халық қаһарманы



Сабақты қорытындылау.
1.  Ғарышты игерудің ғылымға тигізер пайдасы қандай деп ойлайсың?
2.  Қазақстанның ғарышты игеруге кандай мүмкіндіктері бар?
3. Қазақ ғарышкерлері туралы не білесің? т.б. 
   Бағалау:
Үй тапсырмасы:§28. Мазмұндау.Тақырыптық тест тапсырмаларын құру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет