Күні: 15. 01. 2018 ж «М. Мәметова атындағы орта мектебі»



Дата21.11.2019
өлшемі32,25 Kb.
#52230
Байланысты:
ЖОСПАР рефлексиямен Ықшамсабақ Калиева

Ықшамсабақтың жоспары

Күні: 15.01.2018 ж

«М.Мәметова атындағы орта мектебі» КММ

Өткізуші:

мектеп тренері Калиева Назипа Канибаевна

Тақырыбы:

«Қалыптастырушы бағалау арқылы мақсатқа жету жолдары»

Мақсаты:

Мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың нақты мақсатқа жетелеуші, ынталандырушы құрал екеніне көз жеткізу.

Міндеттері:

  • тапсырма бойынша ізденеді;

  • бейнежазбадағы көрініске өз пікірлерін айтады, сабақтың тақырыбымен байланыстырады;

  • сыни тұрғыдан ойланады, ортақ пікір қалыптастырады;

Күтілетін нәтиже:

  • қатысушы мұғалімдер бір-бірімен ынтымақтасады.

  • өз жұмыстарына талдау жасайды.

  • топтар бірін-бірі бағалайды.

  • тиімді кері байланыс орнайды

Түйінді идея:

“Білім берудің оннан тоғызы мадақтаудан тұрады” Анатоль Франс

Жетістік критерийлері

Барлық қатысушылар: Тақырыпқа байланысты білімдерін жетілдіреді;

Басым бөлігі: Оқу мақсаттарын айқындайды

Өздігінен білім алуда белсенділік танытадымақсатқа жетуге жұмыс жасайды.


Сабақта қолданылатын материалдар

МАН, бейнефильм,слайд, сауалнамалар, суреттер, стикерлер, маркерлер, үлестірмелі материалдар, А4 қағазы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Миға шабуыл», «Қара жәшік», өзара бағалау, критериалды бағалау, ұжымдық, топтық талқылау, «Екі жұлдыз бір тілек», бағдаршам.



Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңдері

Тапсырма

Тренердің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

Бағалау

Басы

Жағымды ахуал

қалыптастыру

(4мин)


Топқа бірігу (2 мин)

Топ ережесін қабылдау.



Топта табысты жұмыс жасау үшін қандай ережелерді сақтауымыз керек?


Амандасу жағымды жағдай туғызу.

– Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Кәнеки, барлығымыз ортаға шығайық! Мектебімізге хош келдіңіздер! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Мен үшін сіздер Қарасай ауданының ең таңдаулы, ең білімді, ең мақтаулы ұстазысыздар!

Музыканың ырғағымен билей отырып, «Атом» әдісімен топтарға біріктіру.


Барлығы ортаға шығады.

Музыканың ырғағымен билейді, топтасады. Топ ережесін қабылдайды.




Мадақтау



Ортасы.

Зейінін шоғырландыру

(10мин)


Суреттер арқылы ықшамсабақтың тақырыбын анықтау.

«Менің атым - Қожа» фильмінен үзінді

көрсету арқылы қызығушылығын ояту.

«Миға шабуыл». Тапсырма.

1.Бейнефильмдегі Сұлтан мен кішкентай Дәулеттің диалогін бүгінгі ықшамсабақтың тақырыбымен қалай байланыстырар едіңіздер?

2. Дәулеттің іс-әрекетін қалай бағалар едіңіз? 3.Сұлтан мақсатына жетуіне қалай жетті қандай қасиеттері көмектесті?


Слайдтан қалыптастырушы бағалауға байланысты суреттер көрсету арқылы ықшамсабақтың тақырыбын табуды сұрау.

Бейнефильмнен үзінді көрсету. Сұлтан мен Дәулеттің диалогінен үзінді көрсету арқылы қатысушылардың зейінін шоғырландыру.

Тапсырманы алдын-ала түсіндіру.


Слайдтан қалыптастырушы бағалауға байланысты суреттер көрсету арқылы ықшамсабақтың тақырыбын табады, мақсатын анықтауға тырысады.

Бейнефильмнен үзінді көреді, сыни ойланады. Топта талқылайды, ортақ шешімге келеді.




слайд, бейнефильм





Кері байланыс

(3 мин)


Қай топтың жауабы нақты, ықшамсабақтың мақсатына жақын болды деп ойлайсыздар? Дәлелдеңіз.


Кері байланысқа критерийлер ұсыну.

Бағалау критерийлері:

  • Бейнефильмнің мазмұнын сабақтың тақырыбымен байланыстыра алуы;

  • ықшамсабақтың мақсатымен үйлестіруі;

  • қалыптастырушы бағалаудың мақсатқа жетуде ынталандырушы құрал екенін түсіндіре білуі;

Критерийлер арқылы кері байланысты қалыптастырады, топтар бір-бірінің жауаптарын өзара бағалайды.

слайд

Критерий арқылы бағалау



Соңы

Рефлексия

Бағалау

(3мин)


Сауалнама толтыру

Қалыптастырушы бағалау:

Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қалыптастырады;
Оқушы өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі;
Мұғалім қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.


«Екі жұлдыз бір тілек» арқылы ықшамсабаққа баға беру.

  1. Сабақтан не ұнады?

  2. Сіздің ұсынысыңыз.

  3. Тренерге тілек.

Тренердің қорытынды сөзі.

“Білім берудің оннан тоғызы мадақтаудан тұрады” Анатоль Франс

Бүгінгі ықшамсабақты қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап», - деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді. Назарларыңызға көп-көп рахмет!



Сауалнама толтырады.
«Екі жұлдыз бір тілек» арқылы ықшамсабаққа баға береді, қорытындылайды.


стикерлер сауалнама,

«Екі жұлдыз бір тілек»

слайд



Калиева Назипа Канибаевна мектеп тренері-2017ж,

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,

ІІ (негізгі) деңгей, 2014ж.

«М.Мәметова атындағы орта мектебі» КММ
«Қалыптастырушы бағалау арқылы мақсатқа жету жолдары» тақырыбы

бойынша өткізілген ықшамсабағына

РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕП
М.Мәметова орта мектебінде 2018-жылдың 15-қаңтарында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жаңартылған бағдарлама аясында жаратылыстану бағытында сабақ беретін мұғалімдермен қарым-қатынасты нығайту және озат тәжірибе тарату мақсатында аудандық семинар болып етті. Осы семинарда «Қалыптастырушы бағалау арқылы мақсатқа жету жолдары» деген тақырыпта ықшамсабақ өткіздім. Оған әртүрлі пән иелерінен 18 мұғалім қатысты. Ықшамсабақ тақырыбын таңдау семинардың жалпы мақсатына сәйкес мұғалімдердің қажеттілігіне байланысты туындады. Ықшамсабақтың мақсаты - Мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың нақты мақсатқа жетелеуші, ынталандырушы құрал екеніне көз жеткізу, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау. Ықшамсабақтың міндеттері:

  • тапсырма бойынша ізденеді;

  • бейнежазбадағы көрініске өз пікірлерін айтады, сабақтың тақырыбымен байланыстырады;

сыни тұрғыдан ойланады, ортақ пікір қалыптастырады;

Ықшамсабақ барысында қатысушылармен мынадай нәтижеге жетемін деп жоспарладым:



  • қатысушы мұғалімдер бір-бірімен ынтымақтасады.

  • өз жұмыстарына талдау жасайды.

  • топтар бірін-бірі бағалайды.

  • тиімді кері байланыс орнайды.

Ықшамсабақта қатысушылардың таныстыру мақсатында семинардың тақырыбымен сәйкестендіре отырып, әркім өз есімімен байланыстырып, өз атына мақтау сөз қосып таныстыруларын өтіндім.Өздерінің жақсы жақтарын айту әріптестер арасында жағымды жағдай туғызды және олардың өздерін еркін сезінуіне жол бастады. Семинарға келген мұғалімдердің көпшілігі деңгейлік курс бітірмегендіктен, кейбіреулері қиналып қалған кездері де кездесті. Бұл әдісті қолдануым мұғалімдерді аздап болса да, еркіндікке бағыттады. Келесі кезекте қатысушылармен музыканың ырғағымен билей отырып, «Атом» әдісімен топтарға біріктіруді жоспарладым. Бұл әдіс оларға өте жақсы әсер еткендігін олардың сабаө соңында жазған кері байланыстан көруге болады.

Топта тиімді жұмыс жасау үшін қандай ережелерді сақтауымыз керек екенінін әріптестер өздері айқындады.

Слайдтан қалыптастырушы бағалауға байланысты суреттер көрсету арқылы ықшамсабақтың тақырыбын табуды сұрадым, олар слайдтан қалыптастырушы бағалауға байланысты суреттер арқылы ықшамсабақтың тақырыбын табуға, мақсатын анықтауға тырысты. Осылайша ықшамсабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеттері жіне күтілетін нәтиже айқындлды.

Қатысушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында «Менің атым - Қожа» фильмінен үзінді

көрсету арқылы қызығушылығын оятуды көздегенмін.

«Миға шабуыл» әдісімен төмендегідей тапсырма орындалды.

1.Бейнефильмдегі Сұлтан мен кішкентай Дәулеттің диалогін бүгінгі ықшамсабақтың тақырыбымен қалай байланыстырар едіңіздер?

2. Дәулеттің іс-әрекетін қалай бағалар едіңіз?

3.Сұлтан мақсатына жетуіне қалай жетті қандай қасиеттері көмектесті?

Қатысушылар осы сұрақтарға топтарда ақылдасып, жауап берді. Осылайша қалыптастырушы бағалауды өмірмен байланыстыра отырып, бейнефильмдегі үзіндіні талқылады. Топтар бір-бірінің жауаптарын өзара бағалады және кері байланыс беру арқылы тақырып бойынша білімдерін толықтырды.

Тренер ретінде ықшамсабақты қорытындылай келе, қалыптастырушы бағалау туралы мынадай басты нәрселерді басты назарда ұстау керек екенін айттым:

Қалыптастырушы бағалау арқылы оқытуды жақсартудағы маңызды 4 мәселе

-Сыныптасын және өзін-өзі бағалау.

-Сұрақтың дұрыс қойылуы.

-Оқушымен бірге критерийлер талдау.



-Кері байланысты қамтамасыз ету.

Қалыптастырушы бағалау(оқу үшін бағалау) арқылы мақсатқа жету жолдары:

  1. Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі;

  2. Тиімді кері байланыстың орнауы;

  3. Өздігінен білім алуға деген белсенділіктің болуы;

  4. Бағалау критерийлерімен таныс болуы;

  5. Өз жұмысына талдау жасай білуі.

Ықшамсабақ соңында «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы ықшамсабаққа баға берулерін сұрадым. Олар төмендегідей сұрақтарды басты назарда ұстай отырып, ықшамсабаққа кері байланыс берді.

  1. Сабақтан не ұнады?

  2. Сіздің ұсынысыңыз.

  3. Тренерге тілек.

Стикерге жазған жауаптардан барлық қатысушы өздеріне ықшамсабақтың мазмұнынының ұнағандығын, көп нәрсеге үйренгендерін жазған. Мұндай жақсы тілектер мені жаңа ізденістерге бастайтыны сөзсіз. Төмендегі сауалнаманы толтыру арқылы ықшамсабаққан не үйренгендері туралы қысқаша ойларын білдірді.

САУАЛНАМА

Аты-жөніңіз:__________________________________________________________________

Мектебіңіз_________________________________Оқыту саласы (пән):_______________________



Сауалдар

иә

жоқ

1

Сізге бүгінгі сабақ ұнады ма?







2

Сізге коучинг сабақтың мақсаттары түсінікті болды ма?







3

Сіз бұл мақсаттар Сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келе ме?







4

Ықшамсабақ барысында сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?







5

Ықшамсабақ кезінде жаңа нәрсе үйрендіңіз бе ?







Сауалнама қорытындысы бойынша барлық қатысушылар бірауыздан «иә» жауабын таңдапты. Сабақты “Білім берудің оннан тоғызы мадақтаудан тұрады” деген Анатоль Франстың нақыл сөзімен қорытындылап, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,Еңбегің мен ақылың екі жақтап», - деген ұлағатты сөзімен аяқтадым. Ондағы мақсатым- жаңартылған бағдарлама аясында мұғалімдер өз бетінше көп іздену керектігін айттым.

Болашақта мұғалімдердің деңгейін көтеруде коучинг сабақтар, тренерлік сабақтарды жүйелі жүргізу арқылы еліміздің білім салаын көтеруге үлес қосуды өзімнің басты міндетім деп санаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет