- Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау, болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
-
- «Ұлттық бәсекелестікке қабілеттілік бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңестілігіне кіру білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз” сөзсіз» \
- Н. Ә. Назарбаев
- Қазақстан халқына жолдауы
-
- «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 832 2012 жылғы 25 маусымдағы қаулы бойынша
- «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді.
- ...Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
- М.Әуезов
- Оқу, жазу және түсінгенін жеткізу сауаттылығы;
- Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық;
- Математика сауаттылығы;
- Компьютер сауаттылығы;
- Отбасы мәселелеріндегі сауаттылық;
- Денсаулық мәселесіндегі сауаттылық;
- Заң сауаттылығы.
- Қазіргі кездегі бастауыш сынып
- оқушыларын оқытудағы жаңа
- өзгерістерге бет бұру үшін
- мынадай талаптарды ескеру керек
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
- қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу
- Өзіндік жұмыс түрлерін
- орындай алу
- Шығармашылық іс - әрекетіне
- және үнемі ізденісте болуына
- жағдай тудыру,
- Баланың жеке қасиеттерін ашу
- арқылы тәрбиелей отырып,
- танымдық қабілеттерін қалыптастыру,
- Ақпараттық технологияларды
- меңгерту
- Ойлау мүмкіндігінің
- ең жоғары деңгейіне жеткізу
- Қазақ тілі пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру
- Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді.
- Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.
- Сабақта функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары
- Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, конспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қысқа әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.
- Функционалдық сауаттылық қалыптастырудың әдістері
- Мән беріп оқыту технологиясы
- Диалогтік оқыту
- Сұрақ-жауап әдісі
- Ойын түрлері
- Блум жүйесі
- Сатылай кешенді талдау технологиясы
- Мына сөйлемді толықтырыңыз:
- Мен бүгін … жаттап алдым.
- Сіз тақтаға шығып өзіңіздің сөйлеміңізді айтқанда, сіздің сыныптастарыңыз материалды қаншалықты меңгергендігіңізге наразылық білдіру үшін сізге бірқатар сұрақ қояды.
- Білімін тексеруге арналған
- кейбір сұрақтар:
- Неге....
- Мұны қайдан білесіз....
- … үшін сізде қандай дәлел бар.
- Сіз неге олай ойлайсыз…
- Сіз келісесіз бе…
- Түсіндіре аласыз ба…
- … үшін не істеу керек.
- Қорытынды.
- Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры, оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болған.
- Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы орайда, қазақ тілін дұрыс үйрете білу өте маңызды. Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |