Күні: 16/03/2015 Сынып: 6 «а» Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата08.06.2018
өлшемі24,37 Kb.
#41339
Күні:16/03/2015

Сынып: 6 «а»

Тақырыбы: Қош келдің, әз - Наурыз!
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Оқушыларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Дамытушылығы: Халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Тәрбиелілігі:Ұлағатты сөздердің мәніне қарай балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа баулу, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар.

Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар.
Наурыз думан басталды,
Бермен жақын тұрыңдар.
Жауқазындай наурыздың,
Жақсы ән мен жыры бар.
- Қадірменді халайық! Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
(Осы кезде 3-4 әже топқа кіріп, шашуларын шашады, ақ тілектерін айтады.)
Әжелер:

Армысыңдар ағайын!


Бармысыңдар ағайын.
Ұлыс бақты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!

Армысыңдар балалар!


Бармысыңдар халайық!
Бұл мереке, бұл тойдың,
Шашуларын шашайық.
- Рахмет ақ жаулықты әжелер, қонақ болып келген екенсіздер, төрлетіңіздер.
Жүргізуші:

Ау, халайық, халайық,


Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілмен,
Бірге қарсы алайық.
Би биленсін қауым боп,
Уақыт болды тұрмайық, - деп бүлдіршіндердің кезекті өнерін тамашалайық.

1-оқушы: Ау, жараңдар, келіңдер!


Той қызығын көріңдер!
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер.

2-оқушы:Ата-бабам тойлаған,


Наурызым армысың!
Қызыққа еш тоймаған
Дархан дала, қарлы шың.

3-оқушы: Наурыз шаттық әніміз,


Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас –кәріміз,
Би билейміз бәріміз.

4-оқушы: Би билейік ән салып,


Келді Наурыз, жар салып.
Жылда келсін Ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып.

5-оқушы: Наурыз тойы - береке,


Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз!

6-оқушы: Ұлыс күні кәрі-жас,


Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.

7-оқушы:Ұлыс күні қар еріп,


Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.

8-оқушы: Күттіріп келген жыл басы,


Бізбенен бірге жырлашы.
Дастарханына елімнің,
Береке – ырыс сыйлашы.

Ән: « Қазақтың дастарханы»


9-оқушы:
Тақпақ айтам, жыл басы,
Құлағыңды сал, тыңдашы.
Бар бөбекке өзіңдей,
Тыныш өмір сыйлашы.

10-оқушы:Сәнді көктем - нұрымыз,
Наурыз тойы - жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Тіршілік жаңа оянсын.

11-оқушы:
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі!
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз.
Осынау байтақ елімде,
Айтылады жырымыз.

12-оқушы: Бүршік жарып жапырақ,


Жаяды көктеп тал біткен.
Айран, сүтін көбейтіп
Көктемде төлдер мал біткен.

13-оқушы: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,


Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.

14-оқушы: Әнім де саған, биім де


Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

15-оқушы: Наурыз келді әнімен,


Салтанатты сәнімен
Қуантады біздерді.
Қыздарымыз әнімен.

16-оқушы: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!


Деніміз сау, мықты болсын!
Еліміздің несібесі көп болсын!
Ұрпағымыз көбейіп, тоқ болсын!

17-оқушы: Ілесіп наурыз бен көктем жетсін,


Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер-азамат,
Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін.

18-оқушы: Наурыз-гүл көктем,


Сенде ай арайлы.
Күлімдеп күн көктен,
Нұр шашып қарайды.

19-оқушы: Бусанып жерім бай,


Төсінде қалқыр ән.
Наурыз - көңілді ай,
Шаттығы шалқыған.
20-оқушы:Наурыз келді - жыл келді,
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар,
Сәбилермен бірге енді.
21-оқушы: Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырайды күніміз.

22-оқушы: Күннің жаңа нұры бар.


Мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрам - бұл!
Қарсы алайық тұрыңдар.

Жүргізуші: Шаңырақ еш уақытты шайқалмасын,


Берекеміз осылайша ортаймасын.
Босағаға Наурыз құт боп кіріп,
Аналардың жүздері қартаймасын!
- дей келе, наурыздың алғашқы мерекелерінің бірі аналарымызды да естен шығармайық, балалар.
Ән: «Анашым»

Жүргізуші: Ұлыс күні қазан толса,


Сол жылы ақ мол болар.
Наурызда бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар!
- демекші сәбилердің де, шынайы жүрегінен шыққан «ақ батасын» алайық.

1 -оқушы Уа, халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!

-оқушы Ұлыс бақты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!
Достығымыз берік болсын,
Өнер-білім серік болсын!

-оқушы Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң ақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

Жүргізуші: Кең пейіл, дархан халқымыз,


Кеңейді дәстүр салтымыз.
Дәстүрін елдің сыйлаңдар,
Ата-салтын тойлаңдар.
- Балалар, қазір сіздер қазақ халқының әдет - ғұрпында ерекше орын алатын салт—дәстүрлерін көріп, куәсі боласыңдар. Әжеміз бізді бесік жабдықтарымен таныстырып, бесікке қалай бөлеуді көрсетеді. Ал, біздер өзіміз үйренген бесік жырын айтайық.


Y. Бесікке салу рәсімі.
Әже: - Айналайын қарақтарым, бәріңде осындай кішкентай болғансыңдар. Сендердің де аналарың бесікке бөлеп, «Бесік жырын» айтқан. Жас нәрестені бесікке бөлеу ата-бабамыздан келе жатқан қасиетті дәстүрлерінің бірі. Бесікті талдан, қарағайдан, қайыңнан оюлап шеберлер жасаған. Бесік жабдықтары: бесік көрпе, жергөк, бас жастық, аяқ жастық , екі жамбас жастық, екі тартпа жіп, шүмек, түбек.

Нәрестені бесікке салмас бұрын адыраспанмен түтіндетіп аластайды. Сонда баланың ұйқысы тыныш болады, шошымайды деген ырым бар.


Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Баланы бесікке бөлерден бұрын «тышты ма?» ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит, тәттілер өткізіледі. Бұл халқымыздың « балаға бесік құт дарытсын!» деген ниеттен туған рәсім.
(Айжанның әжесі бесікке бөлеп берген соң, әжеге сыйлық-кәдесі берілді.)

YI. «Бесік жыры»
Ашық болсын қас-қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныста
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай тары бар.
Қатық, малта тағы бар.
Ішетінің, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар, - демекші әжелеріміздің «наурыз көжесі» дайын екен.

YII. «Наурыз көже» (Бір әже көженің дайындалуын түсіндірді.)
Әженің әуені:
Ау аталар, аналар!
Айналайын балалар!
Жеп-ішсін деп тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып
Наурыз көже пісірдім.
Құйдым алтын табаққа
Бал көжеден татыңдар,
Бар қызыққа батыңдар.
Көжеге жас-кәріңді,
Шақырамын бәріңді.
(Көжеден дәм татқан соң, бата беріледі.)

Жүргізуші:

Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Басқа ұлттан өзгеше
Айтыс өнер салтымыз.
- Ұлыстың ұлы күні – Наурыз көбінесе жарыс пен ойын мерекесі. Бұл мерекені жастар ерекше бір ыждаһаттылықпен күткен. Өйткені бұл күні әнмен жарысқан, шешен қыз-жігіттеріміз әзіл-қалжыңмен айтыс өнерін тамашалаған.
Енді, қыз бен жігіттің айтыс өнері. Ортада 2 топтың дүл-дүл айтыскерлері і қошеметпен қарсы алайық.

-оқушы

Меніменен айтысар,


Пысық қызың қайсың бар.
Қолдан келсе әзілдеп,
Маған сынды айтыңдар.
Анель: Айтысуға өзіңмен
Шығып тұрмын алдыңа.
Күн аттарын білмеуші-ең,
Жаттап оны алдың ба?


-оқушы

Құрбым кімге күлесің,


Өзің нені білесің, ?
Онға дейін қиналып,
Санай да алмай жүресің.
-оқушы:
Бәтеңкеңнің бауында
Байлай алмай жүруші ең.
Үйрендің бе, жидеңді,
Теріс қарай киюші ең?
-оқушы

Олпы—солпы кигенің,


Ойыңда не түйгенің
Намысыма құрбыжан,
Наурыз күні тимегін.


Екеуі бірге:
Ұлы наурыз бәріңді,
Татулыққа шақырған.
Тоқтатпасақ айтысты,
Сөз қалған ба ақыннан.

Жүргізуші:

- Халқымыздың ежелден бері келе жатқан дәстүрінің бірі - Тұсау кесу.
Бұл бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүрген кезде жасалатын дәстүр. Сәбидің тұсауын жүрісі әдемі, елге сыйлы адамға кескізеді. Ол адамның өмірін үлгі-өнеге етіп ырымдайды екен.
Ендеше тұсау кесу рәсімін тамашалайық. Бізге қонаққа кішкентай бүлдіршініміз келіп отыр екен. Осы тойда сол бүлдіршініміздің тұсауын кесуге рұқсат етіңіздер.
Әже сөзі:
- Халқымыз баланың тұсауын ала жіппен, тоқ ішекпен немесе көк шөппен кескен. Ала жіппен кесетіні – ешкімнің ала жібін аттамасын дегені. Тоқ ішекпен кесетін себебі - тоқшылықта өмір сүрсін дегені. Ал көк шөппен кесетіні - көктей өсіп-өркендесін деп ырымдайды.
(Тұсау кесу салты жасалды. Сәбиді екі адам ортаға алып шығып қадам бастырады.)

Тұсау кесер жыры:
Қаз, қаз балам қаз балам,
Қадам басаң қуанам
Қаз, қаз балам қаз балам
Тақымыңды жаз балам.
Күрмеуіңд шешейін,
Тұсауыңды кесейін
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз, қаз балам жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой,
Қаз баса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың,
Өмірге аяқ баса ғой.
Асулардан аса ғой.

(Тұсауын кескен адамға арнайы сыйлық беріліп, сәбиге жаңа киім кигізіледі.)


Жүргізуші:] Наурыз тойында ұлттық ойындардың да ерекше мәні бар. Олар: қыз қуу, аударыспақ, күш сынасу, арқан тартыс, асық ату, т.б. Олай болса, сол ойындарды тамашалайық.
1. «Қыз қуу» ойыны.
2. «Арқан тартыс» ойыны.
3. «Күш сынасу» (білектесу) ойыны.
Ата-аналармен ойын:
4. «Асық ату» (Бұл ойында қоржындағы асықты алу арқылы, ата-аналар сұрақтарға жауап береді.)
1-асық: Сүйінші қай уақытта сұралады?
2-асық: Базарлық деген не?
3-асық: Сүндет той туралы түсінік беріңіз?
4-асық: Тілашар қай кезде жасалады?
5-асық: Ұлттық тағамдарды атаңыз?
6-асық: Қазақша жыл санауды ретімен айтыңыз?
7-асық: Қонақтың қандай түрлері болады?
8-асық: Дастархан басында балаңызға қандай ескертулер, тыйымдар жасайсыз?
9-асық: Қазақша апта күндерін атаңыз?
10-асық: Киіз үйдің құрылысын атаңыз?

Жүргізуші:



Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әнмен қазақ жерін.
Той бастаған қадамың құтты болсын.
Жалғасын дәстүріңді бөбектерің.
- Ал, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар, бүгінгі Ұлыстың ұлы күнгі - Наурыз мерекесін, жақсы көңіл-күймен өткізуге ат салысып қатынасқандарыңызға көптен-көп рахмет! Келер Наурызға төрт көзіміз түгел уайым-қайғысыз, аман-сау болып, тоқшылықпен жетейік», - деген игі тілекпен мерекелік бағдарламаны аяқтайық.
(Қонақтар мерекелік дастарханға шақырылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет