ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
(10 мин).
ІІІ.«Топтық жұмыс»
(12 мин)
«Жеке жұмыс»
(5 мин)
|
" Тамақтану бойынша жалпы мәліметтер. Үстелді жабдықтау.".
1.Азық – түліктерді өңдеудің кезеңдерін ата. Олар қалай орындалады?
2.Азық – түліктерді жылумен өңдеудің қандай түрлерін білесіңдер?
3. Аспаздық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін айтып беріңдер?
Жоспар:
1. Тамақ әзірлеудің негізгі әдістері. Жылумен өңдеу түрлері.
2. Аспаздық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Миға шабуыл.
«Ас – адамның арқауы» деген мақал нені білдіреді, кім айтады?
Жауабы: Денсаулықтың жақсы болуы, адамның жақсы ойлап, жұмыс істеуі. Адам тамақтанғанда жұмыс жасауға, өмір сүруге қызығушылығы артады. Аспен адамның ойлау өрісі кеңейіп, тірек күші артады.
Оқушылар топ болып берілген тапсырма бойынша дайындалады.
1-тапсырма.
Сіздер үйде ата-аналарыңызбен ас үйінде жүргенде қандай қауіпсіздік ережелері мен тазалық, гигиеналық сақтайсыздар?
Олай болса бәріміз бірге еске түсіріп жіберейік, тақтаға назар аударайық.
Артық болмас білгенің..............
1.Тамақ пісірер алдында, алжапқыш пен бас орамалыңды міндетті түрде тақ.
2Қолыңды мұқият жу.
3. Қызып тұрған кастрөлді немесе басқада ыдыстарды үстел үстіне қоюға болмайды.
4. Егер үйде газ плитасымен тамақ әзірлесең, мына ережені ұмытпа.
- газ жанбай қалып, шығуына жол берме, газдың шығуын оның иісін білуге болады;
-газ белгілі бір себептермен шыға бастаса, оны тез арада жауып, терезе мен есікті ашып, бөлменің ауасын тазарту керек.
2-тапсырма. Дәптерлеріңе санитарлық - гигиеналық талаптар байланысты өз ойларыңды жазыңдар.
|
10 мин ішінде үй тапсырмасын орындап, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар сұраққа жауап беру сабақтың тақырыбын анықтайды.
Топтар тақырыппен танысып, бүгінгі тақырыпты талқылайды.
Дәптермен жұмыс.
|