Күні: 20. 01. 16ж Тақырыбы: Дәрігер Айболит бізде қонақта Мақсаты



Дата17.04.2017
өлшемі37,46 Kb.
#14111
түріСабақ


Күні: 20.01.16ж

Тақырыбы: Дәрігер Айболит бізде қонақта
Мақсаты: балалардың денсаулықтарын нығайту, бір - біріне деген жылы лебіздерін білдіріп, көңіл - күйлерінің көтеріңкі, қуанышты болуына жағдай жасау. Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
Сабақ барысы: балалар қанеки қонақтармен амандасайық, енді шаттық шеңберге тұра қалайық
Аспанымыз ашық болсын
Еліміз тыныш болсын
Деніміз сау болсын
Достарымыз аман болсын
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз жаңа тақырып өтеміз. Денсаулық тазалық кепілі, біздің жеке бас тазалығымызға және деніміздің сау болуына, ауырмау үшін не істеуіміз керек?
Балалар: Тәңертең және кешке жаттығу жасауымыз керек, жуынып жүруіміз керек, тісімізді тазалап жүру керек және тамақ ішер алдында қол жууымыз керек.
Тәңертең балабақшаға келгенде жаттығулар жасаймыз.
Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балалар, сендер өздерінің денсаулықтарыңды сақтау үшін көптеген ережелерді біледі екенсіңдер. Енді осы ережелерді ұстануда бізге қандай құралдар көмектеседі?
Қанеки балалар жұмбақ шешіп көрейікші.
Ертемен күнде сен
Қолыңды сүйкейсің
Кетіп кір ласың
Тап таза боласың
Сабын
Жылы және құйын жаңбыр
Бұл жауын бірақ жәй емес
Аспаны жоқ, бұлты жоқ
Күні бойы жаууға әзір
Душ
Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолыңды
Сүртеді бетіңді
Орамал
Аю мен қасқырданда
Ұзын менің тістерім
Бірақ жыртқыш аң емеспін
Шаштарға мен сән беремін
Тарақ
Т
әрбиеші: Балалар шаршадықпа қанеки серігіп алайық
Орнымыздан тұрайық
Алақанымызды соғайық
Белімізді жазайық
Айналаға карайық
Біз тынығып алайық
Біз тынығып алған соң
Орынымызға барайық
Бізге біреу телефон соғып жатыр - ау деймін
Ало, Ало Бұл кім екен. Дәрігер Айболитпа ия, ия бізге келіңіз, дәрігер, мейірімді дәрігер Айболит сізді асыға күтеміз. Балалар бізге қонаққа дәрігер Айболит келе жатыр. Ол сонау Африкадан ұшып келеді, ол жақтағы ауру аңдарды емдеп енді бізбен танысуға және денсаулығымызды қарауға келе жатыр екен.
Айболит: Сәлеметсіздерме, балалар. Мен сендерге сонау Африкадан келдім. Ол жақта аңдарды емдедім. Мен енді сендермен танысып, сендердің денсаулықтырынды тексеруге келдім. Қазір мен сендерді күлімдеген көздерінді, қызғылт түсті беттерінді және әдемі күлкілеріңді, тістерінді қарағым келіп тұр.
(Дәрігер Айболит балаларға жақындап, олардын бастарынан сипалап, денсаулықтарын сұрайды)
Дәрігер Айболит: Балалар сендер тістерінді тазалайсындарма?
Балалар: Ия тісімізді таңертең және кешке тазалаймыз.
Айболит: Балалар сендер жуынғанды жақсы көресіңдерме?
Балалар: Ия біз таңертең және кешке жуынамыз.
Маймыл: Жарайсыңдар балалар!
Африкадағы аңдар күнде өзімізге нүктелі жаттығу жасаймыз, ал сіздер жасайсыздарма?
Тәрбиеші: Әрине дәрігер менің балаларым күнделікті нүктелі жаттығуларын жасап жүр. Осы жаттығудың арқасында біздің денсаулығымыз жақсара түсуде. Ешқандай ауруға жол бермейміз. Балалар біз дәрігерге нүктелі жаттығуын жасап көрсетейікші.
Қанеки балалар 1. Мұрын ұшын саусақ ұшымен айналдырайық
2. Қасымызды басбармақпен айналдырайық
3. Құлағымызды да саусақ ұшымен айналдырайық
4. Маңдайымызды да саусақ ұшымен айналдырайық
5. Енді соңғы нүкте жаттығуымыз алақанымызды ашып - жабайық
Тәрбиеші: Міне дәрігер Айболит біз осылай күнде нүктелі жаттығуын жасаймыз.
Айболит: Жәрайсыңдар балалар сендер жаттығуды жақсы біледі екенсіңдер мен сендерге ризамын мінеки сол үшін сендерге тәтті дәруменім бар ала қойыңдар. Жақсы балалар мен енді кетейін Африкадағы қалған аңдарымды емдейін ол аңдар мені күтіп жатыр. Ал сендерге айтарым, өзімізді таза ұстауға үйренейік, ауырмайық, әрдайым көтеріңкі көңіл күйде болайық жақсы сау болыңыздар
Балалар: Сау болыңыз.
Қане балалар енді бәріміз Күн мен Жаңбыр қимылды ойынын ойнайық
Балалар бәріміз күн дегенде жарқыраймыз, ойнаймыз, жүгіреміз ал, жаңбыр дегенде бәріміз қолшатырымызды шығарып астына тұрып қалайық күн шыққанша жәрайма?
Балалар: Жәрайды.
Тәрбиеші: Балалар ойын ұнадыма келесіде тағыда ойнармыз.
Енді балалар сабағымызды қортындылайық
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
Балалар: Дәрігер Айболит
Тәрбиеші: Дәрігер Айболит бізге не үйретті?
Балалар: Деніміз сау болу үшін тазалықты сақтауға үйретті
Тәрбиеші: Біз қанжай жаттығу жасадық?
Балалар: Нүктелі жаттығу жасадық
Тәрбиеші: Жақсы балалар қонақтар бүгінгі ашық сабақ аяқталды келесі кездескенше сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 0a2c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a2c -> Сабақ: Химия Мектеп: Хамза Есенжанов атындағы жоббм күні: 21. 01. 17


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет