Күні: 22.10.2019
Білім беру саласы: Таным
Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерден алған
білімдерін тиянақтау.Сандарды тура және кері санауға үйрету.
Таныс заттарды көлеміне қарай (үлкн-кіші,ұзын –қысқа,биік-
аласа) кеңістікті бағдарлау.Геометрик фигураларды атау және
тану, ұшбұрыш, шаршы, сопақ,тіктөртбұрышты салыстыру.
Ойынның шартын сақтап ойнауға ,ұйымшыл, көпшіл, шыдамды,
сабырлы,шапшаң болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: 1 ден 5ке дейінгі цифрі бар карточкалар,5 күбіктертапсыр-
масы, геометриялық пішіндер.
Оқу қызмет кезеңі
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балаладың қызметі
|
Мотивациялық
ойды ояту.
|
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң көдерім ояныңдар,
Қайырлы таң құлақтарыс ояныңдар
Қайырлы таң қолдарым ояныңдар
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң қонақтар!
Балалар жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар?
Апта күндері туралы тақпақтар.
Дүйсенбіде доп ойнадық далада,
Сейсенбіде серуен құрдық қалада,
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп,
Бейсенбіде би биледім әндетіп,ен
Жұма күні жидек тердім ағаштан,
Сенбі күні кіно көрдім клубтан,
Жексенбіде үйде болдым дем алып
Осылайша өте шықты бір апта.
|
Балалар бірге орындайды.
Күз мезгілі
үш ай бар.Қыркүйек,
қазан,қараша
Жеті күн бар
Холбек
Жасур
Ширин
Муслима
Зайнап
Дурдона
Рахматулла
|
Ұйымдастыру
шылық ізденістік
|
Балалар бүгін біз «Математика әлеміне саяхтқа шығамыз»
«Математика әлеміне саяхтқа» біз сиқырлы кілемге отырып барамыз. 1ден 10 ға дейін санаймыз.
Балалар біз математика әлеміне келіп қалдық, мен үшке дейін санаймын сосын көздеріңді ашасыңдар.
Тоты құс: тұмсығында хаты бар
Қорапта сиқырлы кубиктер 1,2,3,4,5 сандары бар, онда тапсырмалар бар, маған маған көмектесе аласыңдар ма?
Кәне тапсырмаларды ашып көрейік.
1-тапсырма
Сан және санай.1-ден 10ға дейін үш тілде санау.
Жарайсыңдар балалар сендер мүдірмей тез санай аласыңдар.
Олай болса ,бізге қонаққа келген сандардың дайындап келген тақпақтарын тыңдайық.
1.Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін,
Сандарға жол бастап,
Ең бірінші тұрамын.
2.Бірден кейін тұрамын
Бірден кейін тұрағым.
Бірді бірге қосқанда.
Мен шығамын қарағым
2-тапсырма.
Суретпен жұмыс.
«Алма мен сәбіз»
Балалар мынау не?
Түсі қандай?
Нешеу?
Ах мынау не?
Сәбіз нешеу?
Алма көп пе? Сәбіз көп пе?
3-тапсырма
«Үлкен-кіші, биік-аласа ұғымдары»
Мынау не?
Мынау қандай доп?
Мынау қандай доп?
Ағаш биік пе ,шырша биік пе?
4-тапсырма
«Кеңістікті бағдарлау,оң-сол, алыс –жақын»
Балалардан өздерінің оң жағында кім отырғанын,сол жағында кім отырғанын сұрау.
Балалар тамақты қай қолмен ішеміз?
5-тапсырма
Сөйлемді аяқта ойыны.
Таңғы асты таңертең ,ал кешкі асты...... ішеміз.
Күндіз күн шығады, ал ай ......
Сергіту сәті
Аңқайма қайтала,
Қане досым қайтала.
Менен кейін қайтала
Бір-тұрамыз созыламыз
Екі еңкейіп созыламыз
Үш шапалақ соғамыз
Басымызды шайқаймыз
Төрт дегенде қол көтеріп
Бес дегенде қол бұлғаймыз.
|
Балалардың жауаптары.
Диера
Мухлиса.
Алма
Қызыл
Екі
Сәбііз
Көп
Сәбіз көп
Доп
Үлкен
Кіші
Шырша аласа
Оң қолмен
Кешке
түнде
|
Рефлекциялық
түзетушілік кезең.
|
Математика әлеміне саяхат сендерге үнадыма?
Қандай тапсырмалар орындадыңдар?
Сендер бүгінгі оқу қызметімізге керемет қатыстыңдар.Жарайсыңдар!
|
Ия
Тақпақ,санамақ,
Пішіндерді атадық
|
Достарыңызбен бөлісу: |