- Күні: 24.10.2015
- Пәні: Сауат ашу
- Сыныбы: 1“Ә”
- Пән мұғалімі: Қайролла М.М
- Балаларды Ұ дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін ұғындыру. Ұ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
- Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке, тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі: аралас сабақ, пәнаралық байланыс түрінде комплексті білім беру.(Табиғат, өмірмен, математика, тіл дамыту, жапсыру, музыкамен, дене тәрбиесімен).
- Сабақтың әдісі – тәсілдері: ойын элементтері, көрнекілік,
- сұрақ – жауап, сөздік.
- Көрнекі құралдар: ойыншықтар, кеспе әріптер, суреттер, буындар, үлестірмелі материалдар, текшелер т.б.
- І Ұйымдастыру кезеңі
- Балалармен амандасып, сабаққа назарын аудару”
- Сәлемдесу:
- Мен талапты баламын,
- Дайын дәптер, қаламым.
- Есептерді шығарып,
- Жазуларды жазамын.
-
- ІІ Өткен сабақты еске түсіру
- Қане, балалар жұмбақ шешейік.
- Ұя, ұлу, ұшақтың
- Басын бастап беремін.
- Құс, жұмыртқа, бұтақтың,
- Ортасында келемін.
- Ендеше бүрінгі қонаққа келетін дыбыс Ұ дыбысы екен.
- Ұ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Жуан ба , жіңішке ме?
- Жуан дауысты дыбыс.
- Қане, қанат жазайық,
- Қарлығаш болып ұшайық.
- Тік ұста бойыңды
- Жоғары соз қолыңды,
- Соз қолыңды тағы да,
- Жеткіз жираф мойнына.
- Сергіту сәті
- Жаза, жаза жазуды,
- Талып кетті қолымыз.
- Жақсы жазып жазуды,
- “5” аламыз бәріміз
- "Ұшқыш болу - арманым" әңгіме
- а) Әңгіме кім жайлы?
- б) Сұлтанның арманы қандай екен?
- -Балалар қазір біздерде Сұлтан сияқты арманымызды бір-бірімізбен бөлісейік.
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Қазақ тілінде барлығы неше әріп бар?
- Бүгін қай әріппен таныстық?
- Ұ қандай дыбыс?
- Жуан ба, жіңішке ме?
- Назар қойып
- тыңдағандарыңызға
- көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |