Күні: 24. 10. 2020 ж. Тақырыбы: Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Жоспары


Анықтама. А және В оқиғаларының А•В көбейтіндісі



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,43 Kb.
#88017
1   2   3   4
Байланысты:
24.10.20жыл. Математика

Анықтама. А және В оқиғаларының А•В көбейтіндісі деп екі оқиғаның қатар орындалуынан тұратын оқиғаны айтады.
Анықтама. A және B тәуелсіз үйлесімді оқиғалардың ықтималдығы келесі формуламен анықталады:
P(AB) = P(A)•P(B).
Теорема. A немесе B тәуелсіз және үйлесімді оқиғалардың біреуінің орындалу ықтималдығы келесі формуламен анықталады:
P(A + B) = P(A) + P(B) – P(A)•P(B).
Мысал. Ойын сүйегін екі рет лақтырғанда

  • екі ретте де жұп сан түсті;

  • кем дегенде біреуінде жұп сан түсті оқиғаларының орындалу ықтималдығын табу керек.

Шешуі. A оқиғасы – «Ойын сүйегін бірінші рет лақтырғанда жұп сан түсті», B оқиғасы – «Ойын сүйегін екінші рет лақтырғанда жұп сан түсті». A оқиғасының орындалу ықтималдығы P(A) =0,5 және B оқиғасының орындалу ықтималдығы P(B) = 0,5.

  • Ойын сүйегін екі рет лақтырғанда екі ретте жұп сан түсуінің ықтималдығы келесідей анықталады:

P(AB) = P(A)P(B) = 0,5 ⋅ 0,5 = 0,25.

  • Ойын сүйегін екі рет лақтырғанда кем дегенде біреуінде жұп сан түсуінің ықтималдығы келесідей анықталады:

P(A + B) = P(A) + P(B) – P(A)P(B) = 0,5 + 0,5 – 0,5 ⋅ 0,5 = 0,75.



  1. Тапсырма. 1-тапсырма. Жоспар бойынша конспект жазу.

2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс: https://www.okulyk.kz/wp-content/books/550/550.pdf №10.1, №11.8
Дескриптор: Білім алушы

  • барлық мүмкін болатын үштаңбалы сандардың санын анықтайды;

  • санның «0» цифрымен аяқталуының ықтималдығын табады;

  • санның «2» цифрымен аяқталуының ықтималдығын табады;

  • санның «6» цифрымен аяқталуының ықтималдығын табады;

  • ықтималдықтарды қосу ережесін пайдаланады.



Қолданылған әдебиеттер мен ресурстар:

  1. А.Е.Әбілқасымова, З.Ә.Жұмағұлова. Алгебра және анализ бастамалары. 10 сынып, - Алматы: Мектеп, 2019. 64-66 беттер. https://www.okulyk.kz/wp-content/books/550/550.pdf

  2. https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/11-synyp/yqtimaldyqtar-tusinigi-yqtimaldyqtardy-qosu-zhane-kobejtu-teoremalary

  3. https://www.youtube.com/watch?v=3v47p-WYRdY

  4. https://www.youtube.com/watch?v=HNbzDMPtBHI&t=17s

  5. https://www.youtube.com/watch?v=dLxKk56AhN0

  6. https://www.youtube.com/watch?v=1DzoA3mvIzs

  7. https://www.youtube.com/watch?v=g4ed6EkVunc


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет