2. Суретпен жұмыс.
Тәрбиеші Алматы қаласы бейнеленген суретті көрсетіп:
- Мына суретте Алматы қаласының суреті бейнеленген.
Тау жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақшақала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеп, қала ертегіге айналады.Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.Алманың көптеген түрі бар, алма қызыл, сары, жасыл түсті болады.
Алма - өте тәтті және пайдалы жеміс. Ал енді, балалар, алма қайда өседі екен?
-Енді себетте қанша алма бар екенін санап көрейік?
-Балалар, алдарыңдағы алманың суретіне қарайықшы. Түсі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |