-Балалар, бізге қонаққа қуыршақ Әсел келіп тұр. Бүгін оның туылған күні екен. Бізде туған кунге сыйлық сыйлау дәстүрге арналған.
-Ал біз қуыршаққа сыйлық ретінде өз қолымызбен кәмпит жасай аламыз ба?
Тәрбиеші үлестірмелі матералдағы суретке балалардың назарын аударады.
Оларға қуыршаққа арналған кәмпитті жасаудың реттін көрсетеді.
Ермексазды алақан арасына салып домалақтау керектігін айтады. Осылайша кәмпиттің үш түрін жасап, балаларға көрсетеді.
Сергіту сәті.
Қуыршағым келе ғой,
Менен кәмпит ала ғой.
Өкпелемей, келсеңші,
Өлең айтып берсеңші.
Балалалармен жеке жұмыс
жүргізеді. Жасаған кәмпиттерін үлестірмелі материалдағы Әселдің алдындағы сауытқа «салуды» сурайды.
-Балалар, жасаған кәмпитіміз дайын болды. Кәмпитімізді сүйікті қуыршағымызға берейік.
Әсел сендерге рахмет айтты.
Қуыршаққа тәттіні көп жеуге болмайтынын ескертейік.
|