Ұйымдастыру -
шылық –
ізденушілік
Ғылым орталығы
|
1.Әңгіме жүргізу.
- Балалар,бізге ойыншықтар елінен қонақтар келіпті.
Бұлар кімдер екен?
Е.Өтетілеуұлның «Ойыншықтары» Өлеңін оқиды:
Аю, қоян, жолбарыс
Арыстан мен піл, барыс –
Ойыншықтар, тұрыңдар.
Ойын - сауық құрыңдар.
2. Ғажайып сәт:
Шарға байланған аю ойыншықтыкөрсетеді.
- Балалар, мына шарға байланған не екен?
Өзі әдемі, бәрімізді танғалдырып тұр. Балалар, қараңдаршы шардың өзі де сиқырлы екен. Шардың құпиясын ашу үшін мына тұрған хатты оқиын. Құпиясы қандай екен.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерге ойыншықтар еліненкөптеген тапсырмаларжібердім. Егер осы тапсырмаларды, сендерге сыйлықтар беремін.»
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі, әсем ойыншықтар!
- Балалар ойыншықтарды бірнеше түрге бөлеміз: қатты, жұмсақ, резеңке. Қатты ойыншықтарға машина ұшақ, пойыз, жұмсақ ойыншықтарға аю, қоян, түлкі жатады. Резеңке ойыншықтардың қаттысы да, жұмсағыда болады.
Менің қолымдағы қандай ойыншық?
- Иә,балалар, доп екен.Балалар, доптың пішіні қандай?
Түсі қандай?
Допты ұрсақ, не істейді? Кәне барлығымыз допша секіреміз.
|