Тақтамен жұмыс Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Саралау тәсілі: қорытынды
Бағалау критерийі Білім алушы -Үшбұрыштың ауданы формулаларын есеп шығаруда қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
1-тапсырма Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы 750-қа тең. Бүйір қабырғасы 24 см. Үшбұрыштың ауданын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын қолданады;
- керекті бұрышты табады;
- теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданады;
- үшбұрыш ауданын табу формуласын таңдайды;
- үшбұрыштың ауданын табады.
2-тапсырма Айжан қабырғаларының ұзындықтары 5см, 12см, 13см болатын үшбұрыштардан құралған құрақ тікті. Егер құрақ тігуге 0,3м2 мата кеткені белгілі болса, Айжанның құрағы неше үшбұрышты бөліктен құралған?
Дескриптор: Білім алушы
- Герон формуласын қолданады;
- үшбұрыштың ауданын табады;
- м2-ты см2-қа айналдырады;
- үшбұрыштардың санын анықтайды.
Жауабын мұғалім тексеріп,бағалайды.