Сабақ тәрбиешінің жан-жануарлар жөнінде әңгімесінен басталады. Тәрбиеші әңгімесінің бағытын балалардың төрт түлік туралы түсініктеріне карай аударады.
— Төрт түлікке қандай малдар жатады?
— Олардың төлдері қалай аталады?
Балалардың жауаптарын қорытындылай келе, тәрбиеші "Ала бұзау'' (авт. Ерешова К.) атты әңгіме айтып беретіндігін хабарлайды.
"Ала бұзау".
Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп, көк орай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетгі. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. Бір кезде қатты жел соқты.
— Жел соққанда қандай дыбыс шығады?
— Жел уілдейді.
— У -У -У-
Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.
— Қандай дыбыс естіледі?
— Ш -ш -ш -ш.
Тоғай ішінде жүру өте қиын болды. Маса да ызындап, мазасын алды.
— Маса қандай дыбыс шығарады? -з-з-з-з.
Ескендір қасында еріп келе жатқан Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді.
— Ит қандай дыбыс шығарады?
— р - р - р -р.
Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Актөске қарап айбат шегіп тұрған жыланды байқады. Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен.
— с - с - с -с.
Жыланды көрген Ескендір қорыққаннан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалды. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көрді. Ыжылдаған аралар екен.
— ж - ж- ж- ж.
Ескендір ала бұзауын шақырды.
Қане, балалар, бұзауды шақыруға көмектесейікші:
— Акау - ақау - ақау!
Жақын жерден бұзаудың мөңіреген дауысы естшді.
— мө - мө - мө -мө.
Сөйтіп Ескендір бүзауын үйіне айдап қайтты.
Балалар, сонда біз әр түрлі дыбыстар естідік, яғни біз дыбысты естідік, яғни біз дыбысты естиміз.
Енді балаларға әріп туралы түсінік беру.
—Балалар, жаңағы естіген дыбысты қағаз бетіне түсіру үшін әріп жазамыз. Әр дыбыстың өз таңбасы болады. Оны әріп дейміз. Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз
Дәптермен жұмыс
«Қай дыбыстан басталады?»
Суреттегі сөздерді атату, қай дыбыстан басталатынын айтқызу.
|