Күні:
Сыныбы: 6 «Б»
Тақырыбы: « Егіз жүрек »
Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату,сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне,жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу,ақын жырларынан үлгі алу.
Құндылықтарды дарыту: Жауапкершілік, сыйластық, өзгені тыңдай білу, пікірін құрметтеу, өзінің және өзгенің еңбегін бағалай білу.
Көрнекілігі Ақынның портреті,слайдттар,кітап көрмесі,шығармалары,ақын туралы естеліктер,ақын туралы жазылған пікірлер,нақыл сөздер,техникалық құрал-жабдықтар .
1-жүргізуші: Қайырлы кеш,қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
2-жүргізуші: Армысыздар жыр сүйер,асыл жандар! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Егіз жүрек» атты әдеби –сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Сырымда осы,
Жырым да осы,
Алдыңда.
Байқашы бір,
Бықсыдым ба,жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда,-деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні.
1-оқушы: Заңғар
Бүгін менің туған күнім
Ой,бәле-ай!
Мына адамдар неғып жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойған-ай
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
Мынау-шапан,мынау атың,мін! демей
Мынау жұртқа жақпады ма әлденем,
Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?
Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышын,мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен бәрібір өзіңменен бір болам,
Өзегіңнен тепсең дағы ұлыңды.
2-жүргізуші:
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 93 жасқа толып отыр.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай,өркендей өсіп,айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.
1-жүргізуші: Аламан бәйге оза шауып,өлең жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік,талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан.Оны біріміз білсек,біріміз білмейміз.
2-жүргізуші: Олай болса, cахнаға Мұқағали ағамен 10 жыл бірге оқыған әрі досы. әрі туысы Әбдіке Асановты шақырамыз.(Әбдіке Асанов рөлінде оқушы: Мұхаммед)
Достарыңызбен бөлісу: |