Күні: Сыныбы: 6 «Б» Тақырыбы: «Егіз жүрек» Мақсаты



бет5/6
Дата11.04.2024
өлшемі31,35 Kb.
#200746
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мұқағали Мақатаев

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді жатқа айтылады. Саламмат
2-жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кейде өмірден безініп, ол да өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез- келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Ақын ағамыз қазақтың ақын қызына арнап өлең шығарды. Ақиық ақын Мұқағали жырға қосқан Фариза қызда қаңтардың қытымыр күндерінде өмірден өтті. Қош алып жүрек қос ақын!
/ «Фаризаға» өлеңі оқылады./ Дархан
1-жүргізуші:Көптеген өлеңдеріне әнде шығарылды.Дантеннің,Шекспирдің шығармаларын қазақ тіліне аударған ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев 1976 жылы 27-наурызда өмірден өтті.
2-жүргізуші:Халық ақыны,қазақ жырының шоқ жұлдызы,сұлулық сарайының шебер тасқалаушысы тірі болғанда биыл 9-ақпанда 93 жасқа толар еді.
1-жүргізуші: - Мұқағали жыры күшті жыр. Сондықтан да, ол – ер ақын, ерен ақын, ерекше ақын. Ер ақын дейтініміз – ол шындықты бүкпесіз бетке айтады. Ерен ақын дейтініміз – сөзі шырайлы, тілі қарапайым, тың өлеңдер жазды. Ерекше ақын дейтініміз – ол ер ақын және ерен ақын болғандықтан ерекше.
2-жүргізуші: - Тірісінде сый көрмей кеткен ақын,
Тек өлген соң атағын жайған ақын.
Ежелден қазақтың бұл қасіреті,
Бармағын тістеп кейін ойланатын.
Күн сүйіп кереқарыс маңдайынан,
Лағыл жандар төгілген маңдайынан,
Барында бағаламай білдік кейін
Қазақтың айырылғанын қандай ұлдан.
1-жүргізуші: -Алтынға мейлі толмай-ақ қойсын сандығым,
Ырзамын саған, ырзамын саған тағдырым!
Ақынның өз тағдырына деген ризашылығы болашаққа деген ұлы сенімінен туындаған болатын.
2-жүргізуші : Қарсы алмаса,
Құрысып қарсы алмағын.
Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған.
Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір,
Жатасың ұйып, жапанда дел-сал далам,- деп ақынның өзі жырлағанындай, әннің де құдіреттілігін ақын ерекше бағалаған.
Хор «Есіңе мені алғайсың»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет