Сәби болғым келеді. Ерсұлтан
2-жүргізуші: -Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсті. Тиын әжесі мейірлі, кісілігі мол, керек кезінде адуынды да бола білетін адам еді. Әжесіне арнап ақын өлең жазды да, Нұрғиса Тілендиевтен ән жазуды сұрады.. Ән тамаша болып шықты. «Әжем, ұлы әжем, еңбегің ақталды» деп қатты қуанды, қуанып тұрып жылады да.
«Сөнбейді әже шырағың» Жұмәділ
1-жүргізуші: Шетінен өлең жыры шұғылалы,
Біз түсініп болған жоқпыз ұғып әлі,-демекші шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» деген еді Шелли хан. Мұқағалидың поэзиясымен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.
«Поэзия» Альтаир
«Қарасаз» Дархан
2-жүргізуші Балалық шағынан-ақ ақын ерте есейді,еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы,қызыл отаудың меңгерушісі,комсомол қызыметінде болды.1954-1962жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды.1962-1972жылдар аралығында Социялистік Қазақстан,Қазақ әдебиеті газетіндеМәдениет және тұрмыс,Жұлдыз журналдарында білім меңгерушісі,1972-1973жылы Қазақстан Ж азушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істейді. 2-жүргізуші Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданындағы Советтік шекара газетінде жарық көрді.Осы орайда ақынның Менің анкетам атты өлеңіне арналған көрініс айтылғандарды нақтылай түседі деп ойлаймыз.
/ «Менің анкетам» өлеңі бойынша шағын көрініс көрсетіледі.Дәрігер:Айару және Мұқағали: Ерсұлтан
«Менің анкетам»өлеңі көрініс түрінде көрсетіледі.
Дәрігер:№17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз.
Дәрігер: Туған жеріңіз?
Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Дәрігер: Туған жылыңыз?
Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Дәрігер: Шыққан тегіңіз?
Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Дәрігер: Білімің ше?
Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын.
Дәрігер: Ана тілің?
Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.
Дәрігер: Қайда істейсің?
Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар.
Дәрігер: міндеттісің бе әскерге?
Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде.
Дәрігер: Шет елдерде болдың ба?
Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда - ақ.
Дәрігер: Мекен - жайың?
Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгемін.
Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек.
Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің.
Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз.(тыңдап, дәрі жазып береді.)
Достарыңызбен бөлісу: |