Күні: Сыныбы: 6 «Б» Тақырыбы: «Егіз жүрек» Мақсаты



бет4/6
Дата11.04.2024
өлшемі31,35 Kb.
#200746
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мұқағали Мақатаев

1-жүргізуші: Пай,пай киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбіреп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Ақынның туған еліне деген махаббатында шек барма?! Бізде ақынмен туған жерді жырлайық.
«Үш бақытым» Мұхаммед, «Отан туралы» Саламмат  өлеңдері жатқа оқылады.
2-жүргізуші: - Мыңдаған талантты сазгерлер Мұқағалидың мұңды, сырлы, сан қырлы жырларын жаттап, әуен-ән іздеп шарқ ұрды, шабыт шықырды. Оның оттай ыстық өлеңдері өз-өзінен әнге, толғауға, термеге сұранып тұрды. Самалдай желпіп маңдайдан сипайтын, жанға ләззат құятын, көкірек көзіңді майдай ашатын ән-әуез - әрқашан да өмір-серік, жанға қуат, рухани азық.
Ән: «Бақыт деген» Заңғар
1-жүргізуші: - Өлеңдері қандай еді ақынның,
Себелетіп жүрегіңе нұр шашқан,
Ал әндері қандай еді мөп-мөлдір,
Тыңдай бергің келе беред тыңдасаң.
Шыда”,“Байқа қалқам”, “Жігіттер” өлеңдері жатқа оқылады.
2 – жүргізуші: - Ақын тек жүрегінің егізі деп өлең жырды ғана атап қоймай, сол жүрегінің сыңары деп білетін деп сүйген жары Лашынға арнаған өлең шумақтарына кезек берсек.
«Ғашықпын» Айару
Ән: Сенің көзің
1-жүргізуші: Әр адам, әр бала бақытты болуға лайық. Дегенмен басына қасірет төніп тұрса одан құтылу екі талай. Сол сұм қасіретке ілініп, жетім-жесір қалған қаншама бала, қаншама ана бар. Мұқағали жетім – жесірді ісімен көмек бере алмасада, іштеріндегі ала сапыран дүние жеткізе білген.
Көрініс: Жетімдер үні
2-жүргізуші: Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рахат,
Қандай рахат сәбилер жыламаған.
«Шеше сен бақыттысың» өлеңдері жатқа айтылады. Инаббат
1-жүргізуші: - Шарасында шаттықтың мұңы басым,
Нұр-сәуле боп жүректе жыры қалсын.
Мұқағали – мұзарттың мұзбалағы,
Шашып өткен әлемге шұғыласын,-демекші, ендігі кезекті ақынның поэмаларына кезек берейік. Жазушы Ғабит Мүсірепов осы поэманы оқып шыққаннан кейін, поэманы қатты ұнатып, жазушы Ғабит Мүсірепов өзінің алтын қаламсабын ақынға сыйға тартты. Ендігі кезекті ақынның өз поэмасына берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет