Табаным да тұяғым,
Көлге біткен құрағым,
Суырылып озған пырағым.
Литота: Дария шалқар көлеміз
Жер болып қалған суалып.
Теңеу: Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.
Кейіптеу: Сонда қаздар сөйлейді.
Аса рудың еліне
Төлегенді көрдік,-деп,
Жалғыз ағаң Төлеген
Тулап жатыр екен,-деп
Оқушыларға талдауға төмендегі тапсырмалар беріледі:
І оқушы: Жырдың тегі, тақырыбы мен идеясын анықта.
ІІ топ: Образдар жүйесіне талдау жаса.
Сол әріптен басталатын кейіпкерді атайды, сол әріптен басталатын мінездеме береді.
Талдау
- Жырда қазақтың қандай салт-дәстүрлері көрініс береді? – деген сұраққа жауап беріп (қыз көру, бата аяқ, бата, теріс бата, сүйінші, арыздасу, әмеңгерлік, т.б.), төмендегі тапсырманы жұмыс дәптеріне орындайды.
Сөз сырын ашуға тырыс. Сөйлемдер құрастыр. Көне мұра – Әке батасы – Қайғылы тағдыр – Сұлулық нышаны – Қатал заман құрбаны – Салт-дәстүрлер көрінісі – Жасампаз жыр
Төмендегі сұрақтар төңірегінде оқушылардан жүйелі, тұжырымды, дәлелді жауаптар алынады.
1. Бүгінгі таңда Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббатындай махаббат бар ма?
2. Сен жырдың қалай аяқталғанын қалар едің?
3. Төлеген мен Жібек басынан өткен жағдай бүгінгі таңда қаз қалпында қайталануы мүмкін бе?
Мұғалім қойған сұраққа толық жауап береді.
Бағалау
Гауһарлар иерархиясы
Оқушыларға карточкада белгілі бір сұраққа қатысты тоғыз идея беремін.
Олар берілген карточкаларды жыр құрылымы бойынша ретімен орналастырады.