Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаң да,
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
7.Есте сақтау қабілетін дамыту.
«Не өзгерді» ойыны
Оқушының алдына жемістердің сүреттері қойылады.Оқушы көзін жұмып , ал мұғалім олардың орнын ауыстырып қояды.Оқушы қай сүрет қай жерде тұрғанын есте сақтап қалу керек.
Сергіту сәті:
«Шебер және батыл қолды мүсіндейік»
Балалар «мүсінші» болып,саусақтарымен топырақты,уыстағандай қысып, ермексазды ширатқандай алақандарын бір-біріне үйкелеп,ашып-жұмып қолдарына жаттығу жасайды.Балалар бір-бірлеп саусақтарын ашып,санап,әр саусаққа сипаттама береді.
• Бас бармақ-өте күшті,қайырымды,бәріне негізгі,нағыз тірек болуы керек(Бұл әке).
• Балаң үйрек-қатал,тәртіпке қатаң қарап,қадағалайды(Бұл ана)
• Ортан терек -ата-ананың негізгі көмекшісі (Үлкен аға)
• Шылдыр шүмек-көп сөйлемейтін,бірақ өте еңбекқор(ортаншы аға)
• Кішкентай бөбек-ең титтей,бәрінің сүйіктісі,кішкентай көмекші.
Оқушы жауап береді.
Өлшем бірліктерін жаттайды
Берілген өлшемдерді салыстырады
Текшелердің көлемін табады
Теңдеулерді шешеді
Берілген сөздердің басты әріптерінен жаңа сөз құрастырады
Ребустерді шешеді
Саусақ жаттығуын орындайды.
Сүреттердің орнын есте сақтау
Қимылдарды орындайды
|
Рефлексивті - түзетушілік
|
|
Сау болыңыз!
|