Күні: _______
Сынып: 9 а,ә
Тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды «Кремний және оның қосылыстары» атты тақырыппен таныстыру.Тақырыпты пысықтай отырып кеңінен ашу
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, материалдық байлыққа, оны игеру мен сақтауға көңіл бөлуге дағдыларын қалыптастырып, дамыту.
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және бір-бірін тыңдап түсінуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, сызбанұсқа, суреттер.
Әдіс-тәсілі- интерактивті әдіс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Сұрақ-жауап;
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау;
ІV. Тапсырмалар;
V. Сабақты бекіту;
VI. Үй тапсырмасын беру;
VII. Бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Бүгін кім кезекші?
-Бүгін сабақта кім жоқ?
-Рахмет.
ІІ. Сұрақ-жауаптар
1. Элементтердің периодтық жүйесін кім және қашан ашты?
2. Аммиактың формуласы қандай?
3. Сіріңкенің басы және қорабының жанына жағылған қандай қоспа?
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау
-Аталуы: Кремний;
-Таңбасы: Si;
-П\ж орны: ІІІ период, ІV топтың негізгі топшасында орналасқан элемент;
-Қосылыстағы тотығу дәрежелері: -4, +2, +4;
-Аллотропиялық түр өзгерісі: кристалдық және аморфты;
-Табиғатта кездесуі: оксид және силикат түрінде.
Алынуы:
1.Лабораторияда бос күйде кремний алу үшін магнийді ұнтақ ақ құммен SiO2 қосып қыздырады:
SiO2+2Mg=2MgO+Si;
2.Өнеркәсіпте құм мен көмір қоспасын қыздырып кремний алады:
SiO2+C=Si+2CO.
Химиялық қасиеттері:
1.Аморфты кремнийді қыздырғанда тотықсыздандырғыш ретінде жай заттармен әрекеттеседі:
Si+2CI2=SiCI4(кремний тетрахлорид);
Si+O2=SiO2;
Si+C=SiC.
2.Кремний металмен әрекеттескенде тотықтырғыш болады:
Si+2Mg=Mg2Si (магний силициді);
3.Кремний ұнтағы концентрлі сілтімен реакцияға түседі де тотықсыздандырғыш болады, нәтижесінде натрий силикаты мен сутек газы түзіледі:
Si+NaOH+H2O=Na2SiO3 +H2.
Физикалық қасиеттері:
Кремнезем атомдық кристарлық торлы, қиын балқитын зат.Оның балқу температурасы-1700*С. Балқыған кремнезем суығанда шыны тәрізді аморфты кварц шынысына айналады.Құрамында кремний оксиді өзі ғана болса, ақ түсті құм, ал темір қосылыстары араласса, сары немесе қызғылт қоңыр түсті болады.
Қолданылуы:
Фотоэлементтер, отқа және қышқылға төзімді болат алу, оптикалық өнеркәсіпте, электроника, қыш бұйымдар алу үшін қолданылады.
Кремний қосылыстары:
Аты
|
Сипаты
|
Алынуы
|
SiH4-cилан
|
Түссіз, ауада өздігінен тұтанатын жанғыш газ
SiH4+O2=SiO2+2H2O
|
|
SiO2-кремний оксиді(кремнезем, құм, кварц кристалдары деп те аталады)
|
Суда ерімейтін, қиын балқитын зат.Ол қышқылдық оксид болғандықтан, қыздырғанда немесе балқытқанда негіздік оксидтермен, сілтілермен әрекеттеседі.Сөйтіп, кремний қышқылының тұздары-силикаттарды түзеді:
SiO2+Na2O=Na2SiO3(натрий силикаты)
SiO2+2NaOH=Na2SiO3+H2O
|
Химиялық реакциялар көмегімен қолдан алынады
|
H2SiO3-кремний қышқылы
|
Суда ерімейтін әлсіз қышқыл.Коллоид ерітінді түрінде болады
|
Оны силикаттарға күшті қышқылмен(тіпті көмір қышқылымен де) әсер ету арқылы алады:
K2SiO3+2HCI=H2SiO3 + 2KCI
Na2SiO3+H2O+CO2=H2SiO3 +Na2CO3
Кремний қышқылын сәл қыздырса немесе бөлме температурасында біраз уақыт ашық қалдырса айырылады:
H2SiO3=H2O+SiO2
|
Осы айтылғандардан басқа кремнийдің маңызды қосылыстарына: шыны, керамика, цементті жатқызады.Сондай-ақ кремнийдің көміртекпен қосылысы-карборунд SiC техникада бұрғы, егеу, т.б. қатты заттарды жасауға қолданылса, түрлі қоспалар қосып кремний (IV) оксидінен бағалы асыл тастар(агат, аметист, яшма) алынады.
ІV. Тапсырмалар:
1.Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар:
SiO2--------Si-----SiO2--------Na2SiO3--------H2SiO3-------SiO2
2.Массасы 6,1 кг натрий силикатын алу үшін массалық үлесінде 0,2% қоспасы бар қанша кремний(IV) оксиді қажет болатынын есептеңдер.
Деңгейлік тапсырмалар орындау.
І деңгей(1 ұпай)
Кремнийдің аллотропиялық _______түрөзгерісі бар. Ол _________ және аморфты кремний.
Кремнийдің қосылыстардағы тотығу дәрежелері ____, _____, ______ болады.
Кристалдық кремнеземді ________ дейді, оның алты қырлы призма тәрізді түрі ______________ деп аталады.
ІІ деңгей (2 ұпай)
Кремний қышқылының құрамындағы кремнийдің массалық үлесін есептеңдер.
ІІІ деңгей (3 ұпай)
Массасы 36,6 г натрий силикатын алу үшін қанша натрий оксиді, қанша кремний оксиді қажет болатынын есептеңдер.
V. Сабақты бекіту:
1.Табиғи силикаттар мен алюмосиликаттардан қандай заттар алынады?
2.Кремнийдің қолданылуын атаңдар
3.Кремнийдің периодтық жүйедегі орны
4.Табиғатта кремний қандай түрде кездеседі?
5.Кремнийдің аллотропиялық түр-өзгерісі қандай?
VI. Үй тапсырмасын беру
$27-28, 85-89бет оқу №3,5
VII.Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |