Мұғалім: Сіздерді Халықаралық
әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін
1. Оқушы: Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
2. Оқушы: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытгы балалар!
3. Оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында отетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: