Жүргізуші: олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік
Сайыс шарттары.
1. Таныстыру
2. Мақалды жалғастыр
3. Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік.
4. «Шешеге қарап-қыз өсер». -қолөнер сайысы
5. «Ауыз тию» дәмді ас
Жүргізуші:
Ак көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалыкпай,
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын,
Сайлап алсақ жөн болар. –
Әділқазылар:
1.
2.
3.
4. Оқушы: Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
5.Оқушы: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
6.Оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты ар-намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.
Жүргізуші:
Енді сайысымызды бастайық.
Өнер қуып аналар өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.
1. «Қызғалдақтар тобы»
Қазақтың біз қара көзді қыздары.
Құлпырған «4-ші А сыныптың» қызғалдағы
Арулар сайысына келіп тұрмыз
Қарсылас топ сіздермен жарысқалы.
-Ендігі таныстыру кезегін Бәйшешек тобына берейік
2.«Бәйшешектер тобы»
Бәйшешектей бұршақ атқан
Арулар гүлдей жайнаймыз
Сәнді көктем нұрымен,
Ойын ойнап, би билеп
Сайыста қарап қалмаймыз
Бұлбұл құстай сайраймыз
1-ші жүргізуші:
Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.
Достарыңызбен бөлісу: |