(тауық, күркетауық, үйрек, қаз, мысыр тауығы, жапон бөденесі, көгершін, тауыс, баққунақ).
Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені — асыранды қаз – гусь - goose. Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50 жұмыртқа береді. Арнайы шаруашылықтарда жылына 50-80 жұмыртқа алуға болады.
Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні - үй тауығы – курица - hen. Тауық мүшелді жыл санауда 10-жылды иеленген. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі - Азияның оңтүстік-шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Үй тауығынан алынатын жұмыртқа мен етіне байланысты, бірнеше бағытта өсірілетін қолтүқымдар бар. Үй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода) ұғымы қолданылады.
Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі – күркетауық – индейка - turkey . Ол алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12 килограмм.
Достарыңызбен бөлісу: |