Би: «Достық»биі қабыл алыңыздар.
Ата-аналар ұжымға өз ризашылықтарын білдірді. Атап айтқанда Есенқұлова Әлия, Асанова Гүлзада, Қошманова Роза ұжымға ризашылықтарын білдірді. Балаларымызға өнегелі тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатып жатқандарыңызға мың алғыс. Сіздерге шығармашылық табыс, қажымас қайрат, талмас қанат, денсаулықтарыңыз зор болсын.
Ризашылық күні - мейірімділік пен ізгілік мерекесі. Бұл ана әлдиін, бесік жырын тыңдап өспеген бүлдіршіндерге көрсетілген қамқорлықтың бір көрінісі. Шарапатты шараны көріп, ықылысқа бөленген қамкөңіл әр баланың жүрегіне мейірімділік оты ұялары сөзсіз.
Мақсаты: Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын қалыптастыру, әдептілікке, кішіпейлілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттылыушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көмегі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне, жоғары баға беруі.
жүргізуші:Қайырлы күн,қымбатты балалар,құрметті қонақтар және ұстаздар! «Болашақ бүгіннен басталады» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
І- жүргізуші: Бұл жаймашуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан бері біздің басты Қазақстандық Анамыз Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасы бойынша өткізіліп келеді. Ризашылық күні адамдар бір-біріне қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір-біріне алғысын айтады.
Ортақ мекен жер шары Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан. Ортақ бізге бір Отан, Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жер ортақ, Ортақ бізге барлығы.
«Сіз», «біз» деген жылы сөз – Жылытады жүректі.
Жақсылық билеп жанды тез, Оятады игі тілекті.
Біреуге біреу жақсылық, Тілесе әркез жаны ашып,
Осы бір шырын – тәттілік, Тұрмай ма жанға жарасып Баршаға керек жақсылық!
Қызғанбай бөліп алыңыз! «Сіз», «біз» деген жылы сөз- Жақсылықтың мейірі.
Бір-біріне болып кез, Кең болсын адам пейілі.
І — жүргізуші: Қымбатты балалар! Біздің арамызда күнбе-күн сұхбаттасатын, сұрақтар қойып, жетістіктер мен армандар жәйлі ойларыңызбен бөлісетін адам бар. Ерекше құрметтей отырып,сөз сөйлеу үшін ортаға шақырымыз.
— Биді қабыл алыңыздар. І-жүргізуші : Мерекеміз «Болашақ бүгіннен басталады» деп аталады,шынында да біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауы арқылы еліміздің болашағына көз салуға мүмкіндік берді. Болашақ ұрпаққа: «Мен елім үшін не істей аламын?» — деген сұраққа жауап іздеуге көмектесті. Осы тақырып төңірегінде әңгімелесу барысында балалар, сендер, өз ойларыңмен бөлістіңдер. Барлық оқушылар «Қазақстан – 2050» азаматын жаңа көзқарасы бар, жоғары білімді, салауатты өмір салтын ұстанатын азамат ретінде елестетеді. Осы болашақты жақындату үшін көп еңбектену қажет екенін түсінеді.. — «Егемен ел» әні. ІІ- жүргізуші: Наш президент отметил, что главной целью развития страны считает построение независимого, процветающего, политически стабильного государства. «Но такой Казахстан, говорит Назарбаев,- не создается сам собой. Он будет построен нами, исходя из наших желаний и нашей воли к успеху». Конечно, те, кто живут и трудятся в Казахстане, думают и мечтают о будущем. Ән «Айналайын». Серия слайдов «Казахстане — 2050». Сюрпризный момент. Сахналау. Барыс шығады. ІІ-жүргізуші: Добро пожаловать, к нам в гости! Мы рады видеть тебя. І-жүргізуші: Қош келдің, айбатты барыс! Еліміздің қуаттылығының, ынтымақтастығының, бірлігінің, қайсарлығы мен ержүректілігінің символы. Барыс :- Армысың,жас ұрпақ! Естисің бе, менің үнімді, жете ме саған менің үнім. Жетсе, бүгінгі балалардан бастап, көп ұлтты Отанымыздың барлық болашақ ұрпақтарына айтар екі ауыз сөзім бар: — Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар.Сондықтан да сіздердің алдарыңызда, біз қол жеткізбек болған болашақты, өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер. Халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар. — Балалар,сендер Қазақстанды болашақта қандай болады деп ойлайсыңдар? (Слайдта шығады) Қ — қуатты А – айбатты З – зайырлы А – ауқатты Қ – қайратты С – салауатты Т – тәуелсіз А – асқақ Н – нұрлы. ІІ -жүргізуші: — Барс оставайся с нами, ты будешь украшением нашего праздника. Дорогие ребята, праздник наш продолжается. Давайте, вместе поиграем. Я буду называть слова , а вы скажете, о ком они, хорошо? ….близкий, верный, надежный, настоящий, истинный — о ком все эти слова? (Дети по очереди выкрикивают «друг», «друзья»). Правильно,о друге, о друзьях.Как хорошо,когда есть верные и преданные друзья, которые придут на помощь в трудную минуту, с которыми можно делиться своими проблемами. Разрешите представить наших друзей, наших спонсоров, которые пришли в этот праздничный день разделить общую радость. Представление гостей. Песня «Балалықтың балғын шағы» І -жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздерді бүкіл мектеп ұжымы атынан, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебізіңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. «Күзгі қайың» әні. «Достық»биі қабыл алыңыздар. «Менің өлкем» әні орындалады. Әннің аяғында : І-жүргізуші: Бүгінгі қүн — нұрлы күн Жарық шашқан әлемге Ескеретін күн бүгін Ризашылық ғой әр елде … ІІ -жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шарамызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылайық: Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар; Әлемде Егемен Қазақстан бар; Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар; Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар; Ең бастысы — бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар! Құрастырғандар: Арнханова Г.М.- орыс сыныптарындағы қазақ тілі мұғалімі, Жұмажанова А.А.-қазақ тілі мұғалімі, Картенова А.М.- орыс тілі мұғалімі,Мұханова Ж.С.-қазақ тілі мұғалімі
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/scenarii/7716-riza_1_nauryz.html#read
© www.ZHARAR.com
Достарыңызбен бөлісу: |