7 класс
Бақылау жұмысы №2
Тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Масса және күш
Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.
I нұсқа
1.Ұшқыш 150 км қашықтықты реактивті үшақпен 2,4 минутта ұшып өтті.
Ұшақтың орташа жылдамдығын тап.
2. Автомашина бензин құтысының сыйымдылығы 30 л.Оған толтыра құйылған
бензиннің массасын есепте.
3. Болаттан жасалған серіппе 120Н күштің әсерінен 15 мм-ге ұзарды. Серіппенің
қатаңдығы қандай?
4. Массасы 30 кг қозғалмай тұрған салдан жағаға қарай массасы 45 кг бала
секіріп түсті. Бұл кезде сал 1,5 м/с жылдамдыққа ие болды. Баланың
жылдамдығы қандай?
II нұсқа
1 Автомашина 1500 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомашинаның
жолды жүріп өтуге кеткен уақытын тап.
2. Мұзжарғыш кеме тәулігіне 250 г уран пайдаланады. Уранның тығыздығы
18,7 кг/м³ болса, оның көлемі қандай?
3. Егер динамометрдің серіппесі 5 Н жүктің әсерінен 4 мм-ге созылған болса, онда
салмағы 10 Н жүктің әсерінен ол қанша мм-ге созылады?
4. Екі арба әсерлескен кезде олардың жылдамдықтары 20 және 60 см/с-қа өзгерді.
Үлкен арбаның массасы 0,6 кг. Кіші арбаның массасы неге тең?
Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар қозғалыс жылдамдығы, заттың тығыздығы, серпімділік күші формулаларын білуі тиіс; кестеден заттың тығыздығын таба алуы тиіс; дененің массасы мен жылдамдығын байланыстыра алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |