8 класс
Бақылау жұмысы №3
Тақырыбы: Тұрақты электр тогы
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда
қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.
I нұсқа
1. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм², ұзындығы 150 см күміс сымның
кедергісі қандай? Егер осы сым арқылы 1,5 А ток өтсе, онда өткізгіш
сымның ұштарындағы кернеу қандай?
2.Ұзындығы 2 км, кедергісі 8,5 Ом, мыс сымның массасы қандай?
3.Электр двигателінің қуаты 3 кВт ток күші 12 А. Электр двигателі
қысқыштарындағы кернеуді анықтаңдар.
4.Тізбекке екі өткізгіш параллель жалғанган өткізгіштердің біреуінің
кедергісі 150 Ом, екіншісінікі 30 Ом. Қай өткізгіштегі ток күші көп? Неше
есе көп?
II нұсқа
1.Көлденең қимасының ауданы 2 мм² ұзындығы 8 м икель сымның
кедергісі неге тең? Егер сымның ұштарындағы кернеу 3,2 В болса, онда
оның бойымен қандай ток өтеді?
2.Кедергісі 6 Ом реостат жасауға пайдаланылған көлденең қимасының
ауданы 2 мм² темір сымның массасын анықтаңдар.
3.Электр плитасы ток күші 5 А болғанда 30 мин, ішінде 1080 кДж энергия
жұмсайды. Плитаның кедергісін есептеңдер.
4.Ұзындықтары мен қималары бірдей болат және нихром сымдарының
ұштарына бірдей кернеу берілген. Қандай өткізгіштегі ток күші көп және
қанша есе?
Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар өткізгіштің кедергісі, тізбектің бөлігі үшің Ом заңы, формулаларын білуі тиіс. Өткізгіштің кедергісі мен массасын байланыстыра алуы тиіс; кестеден өткізгіштің меншікті кедергісі мәнін таба білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |