7 класс
Бақылау жұмысы №1
Тақырыбы: Заттың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар
Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік
дағдысын тексеру.
I нұсқа
1. Ұзындығы 1,2 м, ені 8 см және қалыңдығы 50 мм тік бұрышты білеушенің
көлемін тап.
2. Өрнектердің мәнін тап
3. Мына сандарды стандарт түрде жаз: 8300; 816200000; 0,00527; 0,000000029.
4. Берілген кестеге төменде келтірілген сөздердің ішінен физикалық денелерді,
затты, құбылысты білдіретін сөздерді теріп жазыңдар: қорғасын,
күннің күркіреуі, рельс, алюминий, қарлы боран, Ай, спирт, қайшы, сынап, қар
көшкіні, үстел, мыс, тікұшақ, мұнай, қайнау, мылтықтың атылуы, судың
тасуы.
II нұсқа
1.Гранит бағанының биіктігі 4 м, бағанының табаны қабырғалары 50 және
60 см болып келген тік төртбұрыш. Бағанның көлемін анықта.
2.Өрнектердің мәнін тап .
3.Мына сандарды стандарт түрде жаз: 75000; 525300000; 0,000329;
0,0000000561.
4.Берілген кестеге келтірілген сөздердін ішінен механикалық құбылыстарды,
дыбыс, жылу, электр, жарық құбылыстарын білдіретін сөздерді теріп
жазыңдар: шардың домалауы, қорғасынның балқуы, күннің сууы, күннің
күркіреуі, қардың еруі, жұлдыздардың жыпылықтауы, судың қайнауы,
таңның атуы, жаңғырықтың естілуі, бөрененің жүзуі, сағат маятнигінің
тербелуі, бұлттың көшуі, жай түсуі, найзағайдың жарқылдауы,
жапырақтардың сыбдыры, электр шамының жануы.
Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар физикалық шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеден екінші жүйеге айналдыра алуы тиіс; физикалық дене, зат, құбылыс ұғымдарын білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |