9 класс
Бақылау жұмысы №1
Тақырыбы: Кинематика негіздері
Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.
I нұсқа
1.Үдеу дегеніміз не?
2. Ұста балғасымен дайындаманы соғып қалғанда, балға тежелген кездегі үдеу модулі бойынша - қа тең болды. Егер балғаның бастапқы жылдамдығы 10м/с болса, соққы қанша уақытқа созылған еді?
3. Велосипед дөнгелегінің радиусы 40 см. Егер дөнгелек 100 айн/мин жасайтын
болса, онда велосипедшінің жылдамдығы қандай?
4. Қатаңдығы 100 Н/м тіркеу арқанымен массасы 3т автомобильді үдеумен сүйреген кездегі арқанның ұзаруын табыңдар.
II нұсқа
1. Күштің қандай түрлерін білесің? Формулаларын жаз.
2. Автомобиль үдеумен қозғалып келе жатып, өзінің жылдамдығын қанша уақытта 12-ден 20 м/с – қа дейін арттырады?
3. Айналатын барабан қалақшаларының жүкті 0.4 м/с жылдамдықпен көтерген
кездегі диаметрі 16 см. Осы барабан қалақшаларының айналу жиілігін тап.
4. Массасы 0,2кг хоккей добы таяқпен соққаннан кейін мұз бетімен сырғанай қозғалады. Доптың мұз бетімен қозғалғандағы үйкеліс коэффиценті 0,02 болса, қозғалысты тежеуші үйкеліс күші неге тең? Доптың мұз бетімен сырғанауы кезіндегі үдеуін анықта.
Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, жол, үдеу формулаларын, шеңбер бойымен қозғалысты сипаттайтын айналу периоды, айналу жиілігі формулаларды білуі тиіс; бүкіл әлемдік тартылыс заңы мен ауырлық күшін байланыстыра алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |