2019-2020 оқу жылы
Сабақтар мен қоңырау кестесі
І –ІІ жартыжылдық
№
|
Үзілістер
|
Дс
|
Сс
|
Ср
|
Бс
|
Жм
|
Сн
|
І ауысым
|
1
|
9:00-9:40
|
|
|
|
|
|
|
2
|
9:45-10:25
|
|
|
|
|
|
|
3
|
10:40-11:20
|
|
|
|
|
|
|
4
|
11:25-12:05
|
|
|
|
|
|
|
5
|
12:20-13:00
|
|
|
|
|
|
|
6
|
13:05-13:45
|
|
|
|
|
|
|
7
|
13:50-14:30
|
|
|
|
|
|
|
8
|
14:35-15:15
|
|
|
|
|
|
|
ІІ жартыжылдық
№
|
Үзілістер
|
Дс
|
Сс
|
Ср
|
Бс
|
Жм
|
Сн
|
І ауысым
|
1
|
9:00-9:40
|
|
|
|
|
|
|
2
|
9:45-10:25
|
|
|
|
|
|
|
3
|
10:40-11:20
|
|
|
|
|
|
|
4
|
11:25-12:05
|
|
|
|
|
|
|
5
|
12:20-13:00
|
|
|
|
|
|
|
6
|
13:05-13:45
|
|
|
|
|
|
|
7
|
13:50-14:30
|
|
|
|
|
|
|
8
|
14:35-15:15
|
|
|
|
|
|
|
МҰҒАЛІМ КҮНТІЗБЕСІ / КАЛЕНДАРЬ УЧИТЕЛЯ
Ай және тоқсан бойынша оқу күні және апта саны
Количество учебных дней и недель по месяцам и четвертям
ІХ
|
Х
|
ХІ
|
ХІІ
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІV
|
V
|
Барлығы
Всего
|
Жыл бойы
За год
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
І тоқсан/
І четверть
|
ІІ тоқсан/
ІІ четверть
|
ІІІ тоқсан/
ІІІ четверть
|
ІVтоқсан/
Іvчетверть
|
Барлығы
Всего
|
Жыл бойы
За год
|
|
|
|
|
|
|
БАҚЫЛАУ САБАҚТАРЫ / КОНТРОЛЬНЫЕ УРОКИ
№
|
Тоқсан /
Четверть
|
Сабақтар саны
Кол-во уроков
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жыл бойы / За год
|
|
Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына 17-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 206-қосымшасын, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР ОБМЖМС-2016), «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады; «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 Қаулысын назарға ала отырып жасалған.
2. Тарихи сана–бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау, өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына көмектеседі.
3. Оқу пәнінің мазмұны әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді.
4. Оқу пәнінің мақсаты -білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтанышсезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.
5. Оқу пәнінің міндеттері:
1) Қазақстан аумағындағы ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгіқоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;
2) Қазақстанның тарихи дамуы барысында қалыптасқанұлттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;
3) Қазақстанның тарихи дамуының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен процестердің мәні туралы түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін Отандық тарих контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;
5) тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту;
6) тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда,жарияланым мен электронды құралдарды қолдану.
2-тарау. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
6. "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
7. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінен білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
8. Оқу пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:
1) әлеуметтік қатынастардың дамуы;
2) мәдениеттің дамуы;
3) мемлекеттің дамуы;
4) Қазақстанның экономикалық дамуы.
9. "Әлеуметтік қатынастардың дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) этникалық қатынастар;
2) әлеуметтік қатынастар.
10. "Мәдениеттің дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) дүниетаным мен дін;
2) өнер мен әдебиет;
3) білім және ғылым.
11. "Мемлекеттің дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) мемлекеттің ішкі саясаты;
2) мемлекеттің сыртқы саясаты.
12."Қазақстанның экономикалық дамуы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) шаруашылық;
2) өндірістік қатынастар және сауда.
13. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
14. Оқу бағдарламасы базалық тарихи ойлау дағыдыларын: тарихи деректердің интерпретациясы, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, тарихи талдау және түсіндіруді қалыптастыруға бағытталған.
15. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді:
1) өзгеріс пен сабақтастық;
2) себеп пен салдар;
3) дәлел;
4) ұқсастық пен айырмашылық;
5) маңыздылық;
6) интерпретация.
16. Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:
1) "Өзгеріс пен сабақтастық" бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды, сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;
2) "Себеп және салдар" бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді, тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;
3) "Дәлел" бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды;
4) "Ұқсастық пен айырмашылық" бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады.
5) "Маңыздылық" бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;
6) "Интерпретация" бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.
5- сынып Қазақстан тарихы бойынша мына оқулықтармен оқиды.
Баспасы: НИШ Астана -2017, Оқулық авторлары: С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағмұмова, А.М. Марқабаева
6- сынып Қазақстан тарихы бойынша мына оқулықтармен оқиды.
Баспасы Алматы Атамұра -2018, Оқулық авторлары: Н.С.Бакина, Н.Т.Жанақова, Қ.Қ.Сүлейменова
7- сынып Қазақстан тарихы бойынша мына оқулықтармен оқиды.:
Баспасы Алматы Атамұра -2018, Оқулық авторлары:З.Е.Қадылдинов, Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бисенбаева.
8- сынып Қазақстан тарихы бойынша мына оқулықтармен оқиды.
Баспасы Алматы Атамұра -2018, Оқулық авторлары:З.Е.Қадылдинов, Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бисенбаева.
9-сынып Қазақстан тарихы бойынша мына оқулықтармен оқиды
10-сынып Қазақстан тарихы мынандай оқулықтармен оқиды
5-сынып Дүние жүзі тарихы бойынша мына оқулықпен оқиды:
Баспасы: НИШ Астана-2017, Оқулық авторлары: Б.С. Букаева, Г.Б.Зирикина,Ж.С. Макашева, Д.Н.Мукатаева, И.А. Тен
6-сынып Дүние жүзі тарихы бойынша мына оқулықпен оқиды:
Баспасы: «Атамұра» Алматы-2018, Оқулық авторлары: Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А.О. Ешмұқаанбетов
7-сынып Дүние жүзі тарихы бойынша мына оқулықпен оқиды:
Баспасы: «Мектеп» Алматы-2018, Оқулық авторлары: Н. Алдабек, К. Мақашева, Қ Байзақова
8-сынып Дүние жүзі тарихы бойынша мына оқулықпен оқиды:
Баспасы: «Мектеп» Алматы-2018, Оқулық авторлары: Н. Алдабек, К. Мақашева, Қ Байзақова
9-сынып Дүние жүзі тарихы бойынша мына оқулықпен оқиды:
10-сынып мынандай оқулықпен оқиды
5-10 сыныптардағы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
5-сынып
|
1
|
2
|
2
|
3
|
6-сынып
|
1
|
1
|
3
|
2
|
7-сынып
|
1
|
1
|
3
|
2
|
8-сынып
|
2
|
2
|
3
|
1
|
9-сынып
|
2
|
3
|
3
|
3
|
10-сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Дүние жүзі тарихы
Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары; «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары сәйкес әзірленген. Оқу пәнінің мақсаты - білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.
Оқу пәнінің міндеттері:
адамзат өркениетінің ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері және түрлі халықтардың тарихи даму жолының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;
әлемнің тарихи дамуы барысында қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;
негізгі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи даму процестерінің мәні туралы түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін дүниежүзі тарихы контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;
5)тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту;
6) Тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен
7) қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау;
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
9) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, соның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда, басылымдар мен электронды құралдарды қолдану.
.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
5-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
6-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
7-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
9-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
10-сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
«Өлкетану» оқу курсы туралы
2018-2019 оқу жылынан бастап қоғамдық танымды жаңғыртуды жүзеге асыру аясында мектеп бағдарламасына жалпы білім беретін «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтыратын және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін зерттеуге ықпал ететін кіріктірілген «Өлкетану» оқу курсы енгізіледі.
Курс мақсаты туған өлкенің қалыптасуы мен дамуы кешенінде сипатталатын географиялық, тарихи, мәдени, табиғат және басқа да факторлар; туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін, патриотизмді, қоршаған табиғатқа ұқыппен қарауды тәрбиелеу туралы білімді қалыптастыру болып табылады.
Курс міндетіне:
– Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті және музыка бойынша сабақтарда алған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;
– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін туған өлке аумағындағы тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру;
– туған өлкенің табиғат байлықтары, тарихи ескерткіштер мен мәдениет объектілері туралы білімді кеңейту;
– өңірдің мақтанышы болып табылатын өлкенің мәдени және әдеби мұралары мен адамдары, дәстүрлі қолөнер кәсіптері туралы білім көкжиегін кеңейту;
– туған өлкенің табиғаты, тарихы мен мәдениетінің бірегейлігіне деген құрмет сезімін; оны сақтауға деген жауапкершілікке тәрбиелеу кіреді.
«Өлкетану» курсы оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сыныпта – оқу жылында 5 сағатты;
2) 6-сыныпта – оқу жылында 7 сағатты;
3) 7-сыныпта – оқу жылында 8 сағатты, барлығы – 20 сағатты құрайды.
«Өлкетану» кіріктірілген курсының материалы 5-7-сыныптарда «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» оқу пәндерінің аясында оқытылады.
«Өлкетану» курсы оқу жүктемесінің көлемі сыныптар мен пәндер бойынша төмендегідей бөлінеді:
5-сыныпта – «Қазақстан тарихы» пәні аясында 4 сағат, «Музыка» пәні аясында 1 сағат;
6-сыныпта «Қазақстан тарихы» курсына 4 сағат, «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті») пәні бойынша 2 сағат, «Музыка» пәнінің мазмұны арқылы 1 сағат.
7-сыныпта «Қазақстан тарихына» (тағы 4 сағат), «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті») (2 сағат), «География» пәні аясыда 2 сағат қосылады.
Бағдарлама Қазақстан тарихы, география, әдебиет және музыка пәндерінің бағдарламасы мазмұнын қайталамайды. Тақырыптар мүлде басқаша. Мысалға, «Туған өлкенің аңыз-ертегілері», «Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (өлке тарихы атауларында)», «Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары)», өлкетану мұражайына баруды қажет ететін «Жәдігерлер сыр шертеді», «Туған өлке симфониясы», «Туған өлке тарихының тірі куәгерлері», «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада».
Мектеп оқушылары іс-әрекетінің түрлері де дәстүрлі қалыптан өзгеше болады. Мысалға, өз өлкесінің Визит карточкасын жасау, туристік маршруттар дайындау. Ұжыммен бірге «Менің туған өлкемнің 30 әні мен әуені» аудиокаталогын, «Менің туған өлкем» электронды энциклопедиясын жасайды.
Бірыңғай оқулық-хрестоматия болмайды. Әрбір өңір үшін өз оқулығы болады. Әр өңірде оқулық-хрестоматияға не кіретінін анықтайтын шығармашылық топ құрылған. Қазіргі уақытта 16 оқулық бар. Жұмысқа оқу процесіне жұмыс жасайтын барлық баспалар шақырылған.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6,7-сыныптарында «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:
- білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға;
- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.
Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.
Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:
Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді
5-сыныпта: «Өлкенің тарихи ескерткіштері», «Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар, ақындар», «Туған өлкенің аңыз-ертегілері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды ата-бабалардың дәстүрін құрметтеуге, келешек ұрпақтардың тәжірибесін жалғастыруға, өнегелі жерлестерінің өмірін замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.
5-сыныпта «Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер» тақырыбы бойынша тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рөлін сипаттау үшін мүмкіндігінше мұражай сабақтарын өткізу ұсынылады. Мұражайда өтетін сабақта білім алушылардың оқу материалдарын мұражайдағы бай қорды пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.
Мұражай базасында өткізілген сабақтар білімалушылардың азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді.
6-сыныпта: «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Өлкедегі жер-су атауларының тарихын, ұлттық қолданбалы өнері мен қолөнерді, қазіргі кездегі өлкедегі атақты тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім алушылардың өлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне ықпал ету ұсынылады.
Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел-бір тағдыр» тақырыбы арқылы аймақтағы әр түрлі ұлттардың тарихы, салт-дәстүрімен танысады. Бұл білімалушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.
7-сыныпта: «Өлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады.
Ежелгі Қазақстан тарихы 5-сынып, аптасына – 2 сағат, барлығы 68 сағат
№
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны
|
Оқыту мақсаттары. Білім алушылар тиісті:
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
Үй жұмысы
|
1- тоқсан
|
1
|
І тарау.5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
|
Кіріспе сабақ.
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?
|
Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу
|
1
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |