Көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Есептерді шығару



Дата29.05.2022
өлшемі29,81 Kb.
#145436



Көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Есептерді шығару


Тақырып: Бау-бақ құрылысы



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану
3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау
3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Қосындыны санға көбейту ережесін білу

Бірқатар оқушылар үшін:

Қосындыны санға көбейту ережесін ауызша есептеу кезінде қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:
Қосындыны санға көбейту ережесін тиімді есептеу үшін қолдану

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
Ауызша көбейтуді орындауда қосындыны санға көбейту ережесін түсіндіру
Пәндік лексика және терминология:
Өрнек, қосындыны санға көбейту

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:

Қосындыны санға қалай көбейтуге болады?
Тиімді есептеу үшін бұл қасиеттерді қалай қолдануға болады?

Жазу:

Өрнектерді жазу

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлудің ауызша тәсілдері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру. Мұғалім өз қалауы бойынша ұйымдастырады.




4–6




Өзектендіру.
Ауызша есептеу. Мысалдар тізбегін нұсқа бойынша тексеріп орындау.


Тапсырмалары бар қима қағаздар

7–11




Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда қандай да бір туындаған қиындықты тауып, оны түзейміз.




12–29



Өзіндік жұмыс
Оқушылар 2 мен 3-тапсырманы орындау нәтижесін эталонмен салыстырады.
Қиындықтарды түзету
Мұғалім орындалу барысының дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Сіз қай жерде қате жібердіңіз?
– Қате кетудің себебі неде?
– Егер өзіндік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз амалыңыздың мақсатын құрастырыңыз.
(Қосымша тапсырма орындау).
– Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты андай?
(Қатені түзету).
– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өз оқу мақсатын айтады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен:

  • Қосындыны санға көбейту ережесін қолданып, әртүрлі тәсілдермен есептеймін;

  • Қосындыны санға көбейту ережесіне негізделіп, сандардың көбейту алгоритмін біртаңбалы санға қолданамын.

Дәптер, оқулық

30–40




Өткенмен жұмыс
Баланың ой-өрісінің даму деңгейі бойынша мұғалім жеке-жеке тапсырма береді.

Дәптер, оқулық

41–45



Рефлексия.
–Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
– Осы мақсаттарға жете алдық па?
– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?
– Сіз оларды өте алдыңыз ба?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.

Жетістік сызғышы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет