«Көбелек» 2 кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. Тәрбиеші



Дата15.09.2017
өлшемі61,49 Kb.
#33238
«Көбелек» 2 кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Гасанзаде Д.Б.

Күні: 14.04.2017

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық».

Бөлімі: Жаратылыстану, Жапсыру.

Тақырыбы: Құстар ауласында

Мақсаты: Үй құстарының сыртқы келбеті мен әрекеттері туралы білімдерін кеңейту: тауық, әтеш, балапан. Адамдарға әкелетін жақсылығы туралы айту. Сөздік қорын дамыту. Заттардың парақтың бетінде ретімен орналасқаның көрсету. Жапсыру барысында қажетті заттардың аттарын бекіту.

Билингвальдық компоненті: құс – птица, тауық –курица, әтеш – петух, балапан - цыпленок

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Балалар,қараңдар,бізге көп қонақтар келді,амандасайық.

Таңғы шеңбер:



Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң қонақтар!

-Балалар,әжеге құстар ауласына қонаққа барамыз ба? Сол үшін қазір біз атқа мініп әжеге барамыз.

-Қараңыз,біз әжеге құстар ауласына жеттік.Әжемен амандасамыз.

Ал бүгінгі сабағымыз не туралы екендігін,жұмбақ шешіп білеміз.

-Кім туралы айтамын?



«Ходит он с большим хвостом, с красным ярким гребешком, рано – рано поутру будит всех: Кукареку!»

-Дұрыс, петух қазақша әтеш.


«Ко- ко- ко!- зовет она. Собирайтесь все сюда. Забирайтесь под крыло, там и тихо и тепло!»

-Дұрыс, курица қазақша тауық.


Маленький, пушистый, желтый, голосистый, зовет маму«ПИ- ПИ-ПИ! Поскорее накорми!»

-Дұрыс, цыпленок қазақша балапан.

Үй құстардың да отбасы болады. Қарайықшы,қандай.

Видео «Отбасы семья»

Бұл не?



Қонақтармен амандасады
Таңғы шеңберді қайталайды.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Сұраққа жауап беруге тырысады.


Жұмбақтарға жауап береді

Петух әтеш


Курица тауық

Цыпленок балапан

Әтеш-әке,тауық-ана, балапан-баласы


Ұйымдастырушылық ізденіс

-Балалар,осы құстар үй құстары деп аталады.

Әтеш қандай түсті?

Әтеште не бар?


Тауық қандай түсті?

Тауықта не бар?



Балапан қандай түсті?

Ол қандай: кішкентай ма,үлкен?

Балапанда не бар?
Олар құстар ауласында турады. Балалар, үй құстары немен қоректенеді?

Үй құстарының пайдасы қандай?

Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор етеді.Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды.(Строят курятники,дают зерно,воду,чистят в курятнике)

-Балалар, үй құстарының дауысын салайық па?



Д/о «Не артық?»

-Балалар,шаршаған боларсындар, би билейміз бе?



Видео физмин «Балапандар»

-Жарайсындар балалар!Орындарымыза отырамыз.

-Балалар, тауық балапандарымен серуенге шыққаның қараймыз ба?

Видео «Тауық балапандармен»
-Қараңдар,балалар,балапандар қалай тату-тәтті ойнайды!Олар сізге ұнады ма? Балапандарға одан да көп көңілді болуы ұшін оларға дос жасайық па? Ол үшін орнымыздан тұрып мында отырамыз.
Дайын балапанды көрсетемін.

-Балапанның түсі қандай?

-Ол қандай пішіннен тұрады?
Балаларға жұмыстың жасалу ретін түсіндіріп, жасап көрсету.

- Бөлшектерді қағазға қалай орналастыруды көрсетініз.



Енді жапсыруға кірісеміз.

*Мұқият қарап,тыңдаймыз.

*Бөлшектерді клеенканың үстінде клеймен жағамыз;

*Қағазға бөлшектері ұқыпты жапсырамыз;

*Салфеткамен ұқыпты басамыз.

- Балалар,ал балапанымыз әдемі болуы үшін саусақтармен сергіту сәтін жасаймыз:



Саусақ аттары

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.

Енді отырып өз беттерінше жұмысқа кіріседі.



(Түзу отырамыз, ұқыпты жапсырамыз)
- Жарайсындар,балалар!Қандай әдемі балапандар! Тауық балапандармен өте қуанады.Ал әже сізге алғысын білдіреді,сізге сыйлық дайындаған.Бірақ мен сізге оларды топқа атпен қайтқанда беремін.


Сұрақтарға жауап береді.
Түрлі түсті

Басы,айдары(гребешок),

екі көзі,тұмсығы(клюв),

денесі,екі қанаты,үлкен құйрығы,екі аяғы.


Ақ

Басы,айдары,екі көзі,тұмсығы,денесі,екі қанаты,ал құйрығы әтешке қарағанда кішкентай,екі аяғы.


Сары.

Кішкентай.

Айдары жоқ, басы бар,екі көзі,тұмсығы, денесі,кішкентай екі қанаты,кіп кішкентай құйрығы,екі аяғы бар.
Жеммен қоректенеді,су ішеді.

Пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық жасайды.


-Ку-ка-ре-ку- әтеш, Пи пи: балапан, Ко ко ко: тауық.

Ойынға қатысады

Ортаға шығып, би билейді

Орындарына отырады

Экранға қарайды
-Жасайық

Сары.


Дөңгелек,үшбұрыш

Басы,денесі –сары түсті дөнгелек,ал тұмсығы,аяқтары – қызыл түсті ұшбұрыш,құйрығы-сары үшбұрыш.


Тәрбиешіні мұқият тындайды

Сергіту сәтін жасайды:

Өздері жұмысқа кіріседі

Қуанады


Рефлекстік түзету

Сабақты сұрақ – жауап бойынша бекітемін.
- Балалар, біз бүгін қайда болдық? Кімге қонаққа бардық?
- Ал балалар, бүгінгі сабақта сізге ең ұнатын не болды?

Балаларды жасаған жұмыстарына қарай мақтау, мадақтау




Балалар сұраққа жауап береді.

Балалардың жауаптары



Жасаған жұмыстарын тамашалайды.


Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды:үй құстарының сыртқы келбеті мен әрекеттері туралы білу: тауық, әтеш, балапан

Түсінеді: адамдарға әкелетін жақсылығы туралы айту

Қолданады: өз беттерімен қағаздан балапанды жапсырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет