Көбіктер Г/С типті дисперстік жүйеге жатады


Агрегаттық күйіне байланысты дисперстік жүйенің классификациясы



бет2/7
Дата06.05.2020
өлшемі1,24 Mb.
#66192
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
sro(20180641-280389)

Агрегаттық күйіне байланысты дисперстік жүйенің классификациясы:

Дисперсиялық

орта


Дисперстік фаза

Қатты

Сұйық

Газ

Сұйықтық

Қ/С (зольдер, суспензиялар, Гельдер, пасталар)

С/С (эмульсиялар, кремдер)

Г/С(газды

эмульсиялар,

көбіктер)


Қатты

Қ/Қ(қатты зольдер, құймалар)

С/Қ(қатты эмульсия, кеуекті денелер)

Г/С(қатты көбіктер, кеуекті денелер)

Газ

Қ/Г(шаң, тозаң)

С/Г(тұман)

Г/Г(ықтималдылығы аз, тығыздық

флуктуациясының

әсерінен түзіледі)


2. Көбіктің еселігі

Сұйылтылған жүйелерде газды көпіршіктердің қалқып шығуы нәтижесінде кері седиментация жүреді. Г/С типті концентрлі және жоғары концентрлі жүйелерде, яғни көбіктерде көпіршіктер бір-бірімен жанасып еркін қозғалу мүмкіндігінен айрылады. Құрамы дисперстік фазаның концентрациясы арқылы сипатталатын көбіктер дисперсиялық ортаның мелшерімен сипатталады .Газды дисперстік фазаның массасы мен көлемі тұрақсыз болғандықтан және тез өзгергендіктен, дисперстік байланыстың жалпы көлемдік мөлшері β көбіктің еселігі арқылы сипатталады. Ол көбіктің көлемінің (Vк) сұйықтықтың көлемінен (Vс) неше есе жоғары болатындығын көрсетеді:

β =Vk/Vc=Vr+ Vc /Vc= 1+Vr/Vc

Сұйықтықтың көбіктегі көлемдік үлесі 1- ε =1/β Егер β>10 болса ылғалды төменгі еселіктегі көбіктер деп атайды, құрғақ үшін β 100-ден жоғары болады. Егер 10<βСұйықтықтың көбіктегі көлемдік үлесі 1- ε =1/β Егер β>10 болса ылғалды төменгі еселіктегі көбіктер деп атайды, құрғақ үшін β 100-ден жоғары болады. Егер 10<β<100 болса, көбіктер жартылай құрғақ деп аталады. Көбіктер өте тұрақсыз дисперстік жүйелер болып табылады. Сұйықгың тығыздығы көбіктердің көпіршіктерін құрайтын газдың тығыздығының 100 тіпті 1000 есе жоғары болады

Көбіктер дөрекі дисперстік жүйелерге жатады . Көбіктің көпіршіктерінің түзілуі көзге жақсы байқалады .Олардың өлшемі әр-түрлі, яғни көбіктер-полидисперстік жүйелер. Көбіктің еселігі өскен сайын көпіршіктердің орташа диаметрі өседі . Көпіршіктің орташа диаметрінің өсуі теңдеуге сәйкес газды дисперстік фазаның көлемінің Vг өсуін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет