«Кодекс Куманикус» шығармасы латын тілінен аударғанда «Codex Cumanicus» қыпшақ тілінің сөздігі болып табылады. Жалпы бұл шығарма XIV ғасырдағы ескі қыпшақ тілінде базылған тарихи-жазбаша ескерткіш болып табылады
«Кодекс Куманикус» шығармасы латын тілінен аударғанда «Codex Cumanicus» қыпшақ тілінің сөздігі болып табылады. Жалпы бұл шығарма XIV ғасырдағы ескі қыпшақ тілінде базылған тарихи-жазбаша ескерткіш болып табылады. Өйткені көптеген зерттеушілердің пікірінше шығарма 1303 жылдары жазылған болатын. Қазіргі таңда шығарманың бір ғана түпнұсқасы Венециядағы Әулие Марк соборының кітапханасында сақтаулы деп саналады.
«Кодекс Куманикус» шығармасы қыпшақтар арасында болған Батыс елінің миссионерлері құрастырған болатын. Қыпшақтардың ауызекі сөздері арқылы құрастырылған шығарманың ең алғаш рет 1362 жылы Қайта өрлеу дәуірінің әйгілі ақыны Петрарх Франческо тауып, Венециядағы Сент-Марк ғибадатханасына әкелген. Бірнеше әкелінген кітаптардың ішінде дәл осы «Кодекс Куманикус» та болған еді. Шығарманың авторы көрсетілмеген, белгісіз. «Кодекс Куманикус» ескі готикалық стильде жазылған. Көптеген осы еңбекте қарастырған зерттеушілердің пікірінше, «Кодекс Куманикус» негізінен Қара теңіз аймағындағы қыпшақтарға тиесілі деп саналады. Алайда біз шығармамен танысу барысында Дала қыпшақтар, яғни қазақ халқының этникалық құрамына кірген қыпшақ тіліне, протоқазақ тіліне өте ұқсас екендігін байқадық. «Кодекс Куманикус» шығармасының қазіргі таңда бірнеше қолжазба нұсқалары бар. Солардың бірі 1936 жылғы Копенгаген басылымынан алынған фотокөшірмесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Тіл білімі институтында және Ғылым академиясында сақтаулы. Жалпы «Кодекс Куманикус» шығармасының қолжазбаларының итальян және неміс бөліктерінен тұрады. Біріншісін ғалымдар «итальяндық бөлім» деп аталып, мұнда адам қызметінің барлық саласын қамтитын мәселелер кешенді түрде қарастырылады. «Неміс бөлімі» деп аталатын екінші бөлім негізінен діни уағыздарға, мақал-мәтелдерге, жұмбақтарға, аңыздарға арналған. «Кодекс Куманикус» қазақ және қыпшақ тілдерінің тарихын зерттеуге арналған құнды материал болып табылады. Онда шамамен 1300 сөз бар. Ескерткіштің авторлары алғаш рет түркі тілдеріне лингвистикалық талдау жасап, етістіктер мен есімдіктер, сын есімдер мен зат есімдердің өзгеруі туралы мәліметтерді табуға болады.
Жалпы қазіргі қазақ тілінің заңдылықтарына қатысты зерттеу жүргізген зерттеушілер қыпшақ тілі қазақ тілінің өзегі болып табылады деген пікірлерді ортаға салады. Алайда, кейбір ғалымдар бұл түсінікті әлі де болса жеткілікті терең зерттеудің қажет екендігін де ескертеді. Мысалы, академик С. Аманжоловтар ІХ-ХІІ ғасырларда қыпшақ тілі қалыптасты деген пікірді ұстанады. Оның пікірінше сол дәуірдің өзінде қыпшақ тілі көшпелі, жартылай көшпелі қыпшақтардың қалыптасқан ортақ тілі болып, әлеммен бірыңғай мәдени-рухани қарым-қатынас жасау құралына дейін көтеріле алды.
Жалпы тілдік ұқсастықтардан бөлек «Кодекс Куманикус» шығармасымен танысу барысында біз халықтардың ортақ қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік ортақтықты байқадық. «Кодекс Куманикус» қазақ тілінің тарихын зерттеуге ісіне тигізер пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш», «с», «ж», «т», «к», «у» әріптерінің қолданыс ерекшелегі бар екенін анықтадық. Мысалы:
Bilgä, tetik kisiler,
menim sözim estinler
Eki yolnï ayrïlar!
немесе:
Yarli, miskin kisiler
Yaqsï Bitik bilmesler,
talasman sozin inanirlar,
ortlik tamuqqa tuserler,
yekni tuzaqina ilnirler.
Бұл жыр жолдарынан «Кодекс Куманикус» шығармасының тілдік ерекшелігі қазақ тіліне ұқсастығын байқаймыз. Тек қана жекелеген әріптердің айтылуы мен жазылуы бөлек. Қазақ тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар, еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар қолданылады. Қазақ тілінің тарихи грамматикасына «Кодекс Куманикус» қазақ халқының төл мұрасы ретінде мойындауға болады. «Кодекстің» тілін тұлғалық және мағыналық деңгейде терең зерделенген. Ондағы фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктердің өзге түркі тілдерімен салыстырғанда қазақ тіліне өте жақын екенін нақты тілдік деректермен бұлтартпай дәлелденіп тұр.