Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет20/78
Дата25.02.2018
өлшемі18,82 Mb.
#38194
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78

151-бап. 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-1-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-1-бап. Қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;

2) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

3) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;

4) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;

5) машиналар мен жабдықтарды жасау;

6) металлургия өнеркәсiбi;

7) электр жабдығын, оның iшiнде электр-жарық берушi жабдық жасау;

8) жарық берушi аспаптарға арналған шыны компоненттерiн өндiру;

9) тамақ өнiмiн өндiру;

10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз бен картон өндiру;

11) жиһаз жасау;

12) автокөлiк құралдарын, трейлерлер мен жартылай тiркемелердi жасау;

13) темiр жол локомотивтерi мен жылжымалы құрамды жасау;

14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жасау;

15) негiзгi фармацевтикалық өнiмдер мен препараттарды өндiру;

16) электрондық бөлшектер жасау;

17) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салу және пайдалануға беру;

18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептердi, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кiтапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерiн салу және пайдалануға беру.

2. Қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуі кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:



жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.



Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) - 17) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-2-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-2-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-2-бап. Қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:

1) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;

2) мұнай-химия өнiмдерiн өндiру;

3) еркін экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылыс объектісі еркін экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетінін растайтын қорытындысы болған кезде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру.

2. Қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер бойынша:



жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-3-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-3-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-3-бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:

1) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;

2) терi бұйымдарын өндiру;

3) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;

4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

5) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;

6) металлургия өнеркәсiбi;

7) дайын металл бұйымдарын жасау;

8) машиналар мен жабдықтарды жасау;

9) мұнай-химия өнiмдерiн өндiру;

10) қойма шаруашылығы және қосалқы көлiк қызметi.

2. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-4-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 151-4-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-4-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-4-бап. Қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:

1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;

2) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);

3) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;

4) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

4) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген, осындай жұмыстарды жүргізу туралы қорытынды болған кезде ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және байланыс, электроника, аспап жасау, жаңартылатын энергия көздері, ресурс үнемдеу және табиғат пайдалану саласында, жаңа материалдар жасау және қолдану, мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;

5) мәтiндердi өңдеуге арналған машиналарды, көшiру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасау, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасау;

6) электр- және радио-элементтердi, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейненi қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасау;

7) электрондық, өлшейтін, оптикалық, жарық беруші аспаптарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мамандықтар тізбесі бойынша инновациялық технологиялар саласындағы бiлiм беру қызметi;

9) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

9) жаңа материалдарды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;

10) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

10) еркін экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылыс объектісі еркін экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетінін растайтын қорытындысы болған кезде осы баптың 1-тармағының 1) - 9) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру.

2. Осы Кодекстiң 150-бабының 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:

1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;

2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);

3) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу.

3. Қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) - 9) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

4-тармақтың екінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

4-тармақтың үшінші  абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Егер осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1 - 9) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

5. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталғанда:

жеңілдікті қолданудың ең ұзақ кезеңі - заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуметтік салық жөніндегі салық кезеңінен бастап 5 жыл болса;

корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 50 пайызын құраса;

корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының 90 пайызын қызметкерлердің - Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстары құраса, осы баптың 1) - 9) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырумен ғана айналысатын қызметкерлердің табысы түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша есептелген әлеуметтік салық пен осындай қызметкерлер бойынша «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы арасындағы айырма 100 пайызға азайтылады.

6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған болса, салық төлеуші:

1) әлеуметтік салықты осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабында белгіленген тәртіппен есептеуге;

2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуметтік салық осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабына сәйкес есептелуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес әлеуметтік салық бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.

7-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

7. Әртүрлі қызмет салаларында және аяларында қолдануға арналған, бұрын қолданылмаған немесе бұрын белгісіз болған жаңа қасиеттерге ие металл немесе металл емес негіздегі конструкциялық материалдар осы баптың мақсаттары үшін әртүрлі мақсаттағы жаңа материалдар болып табылады.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-5-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-5-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-5-бап. Қызметiн «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:

1) киiмнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару;

2) трикотаж бұйымдарын шығару;

3) тоқыма материалдарынан тiгiлетiн киiм шығару;

4) жiбек маталар мен солардың негiзiнде жасалатын бұйымдар шығару;

5) мата емес тоқыма материалдар мен солардан жасалған бұйымдар шығару;

6) кiлемдер, кiлем бұйымдары мен гобелендер шығару;

7) мақта целлюлозасы мен одан туынды өнiмдер шығару;

8) мақта шикiзатынан жоғары сапалы қағаз шығару;

9) терi бұйымдарын шығару.

2. Қызметiн «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-6-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-6-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-6-бап. Қызметiн «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1) туристік қызметтер көрсету;

2) мынадай талаптарды сақтаған:

салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты болмайтын;

салынуы және пайдалануға берілуі жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда, туристер орналасатын орындарды, санаторий және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру.

2. Қызметiн «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-7-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



Каталог: 266543


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет