Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет17/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
Байланысты:
document (3)

Психология
. Тілдік күрделі жүйе қандай да бір психологиялық механизмге
сүйенері шындық. Тіл ғылымындағы психологизм жалпы лингвистер үшін ХІХ
ғасыр классиктерімен (А.А.Потебня, Г.Штейнталь, В.Вундт,т.б.)
ассоциацияланады. Лингвистика теориясында Л.В.Щерба негізін қалаған
экспериментальды тәсіл өз бағасын алды.
Психология мен лингвистиканың байланысы экспериментальды әдісті
қолдануында ма, әлде психолингвистикалық ұстанымдарының ұштасуында ма
дегенде ортақ тұжырым жоқ. П.Б.Паршин «Когнитивтік зерттеу ұстанымдары
психолингвистиканың дәстүрлі бағдарымен ұштасады. Айырмашылығы,
психолингвистика лингвистикалық болжамдардың психологиялық шындығын
(анықтығын), психологиялық негіздемесін түсіндіреді. Басқаша
айтқанда,психологиялық әдістеменің лингвистикалық теорияда қолданылуы,
яғни психолингвистика әдістемелік қатынаста эксперименталды психология
ретінде көрінеді. Когнитивтік лингвис-тика,керісінше,психологиялық
болжамдардың лингвистикалық шындығын, тұжырымын, лингвистикалық
негіздемесін түсіндіруге бағытталған»,- дейді.
«Когнитивная лингвистика или «психология наоборот» атты мақаласында
Р.М.Фрумкина П.Б.Паршиннің бұл пікіріне қарсы шығып, сын айтады. Жалпы
мәселенің бұлай қойылуын түпкілікті терістеп, психолингвистиканың
эксперименталды психологияға теңестірілуі қате деген ой білдіреді.
Эксперимент психолингвистиканың тек әдісінің бірі ғана. Ал оның когнитивтік
лингвистикамен ортақтастыратын негізгі тәсілі бола алмайтынын
О.Н.Селиверстова да айтады . Психологияны когнитивтік лингвистикамен
сыбайластыратын оның әдісі емес, сөйлеуші адам психикасында өтілетін
процесті, тірі тіл мен мидың ара қатынасын қарастыруы болса керек.Шындық
дүниені адам көзбен емес мимен көреді. «Тілдік таным жад, ойлау, қабылдау
сияқты психологиялық ұғымдарға тікелей қатысты»,ол тұтас когнитивтік
парадигма құруға мүмкіндік береді. Тілдің санада құрылуы семантикалық жад,
есте сақтау қабілеті, оның ақпарат сақтау мүмкіндігіне тәуелді. Психология мен
когнитивтік лингвистика сондай-ақ когнитивтік модель санада қалай құрылады
дегенді қарастырудың деңгейінде ұштасуымен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет