Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет24/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
Байланысты:
document (3)

онтологиялық
тұрғыдан
фреймдер ғылыми-практикалық әрекеттерді ұйымдастыру
құрылымы деп. қаралу керек; 2)
гносеологиялық тұрғыдан
– аталмыш
әрекеттердің танымдық бейнесі анықталады; 3)
когнитивтік тұрғыдан

фреймдер адам санасындағы деректерді жинақтайтын, реттеп отыратын
құрылым ретінде айғақталады. Айтылған пікірлерді қорытындылай келе, қазіргі
когнитивті лингвистикада фреймдер деп тіл арқылы жүзеге асатын қалыпты
жағдайлар мен оқиғалар туралы білімдер тізбегі танылады (Кубрякова, 1995;
Агеев, 1999 [203]). М.Тернер мен Ж.Фолконье фреймдерді таза
лингвистикалық бірлік ретінде қарастырмау керектігін де ескертеді. Олар адам
сөздер мен өзге тілдік құрылымдардан тыс жатқан сан алуан фреймдерді де
қолданады, кез келген ой нақты тілдік келбетке ие болуы да, болмауы да
мүмкін деп тұжырымдайды. Фреймнің әр құрамды бөлігі немесе деңгейі бір-
бірімен байланыста дамып отыратындықтан, кейде олардың ара-жігін ажырату,
жеке белгілерін айырып көрсету қиынға соғады. Осыған орай, ғалымдар фрейм
құрылымын төмендегідей талаптарға сай анықтаған дұрыс деп есептейді:
фрейм аты, уақыты, кезеңдері, орны, нәтижелері, мазмұны, субъект, объект,
сипаттамалар тізбегі және т.б. . Қазақ тіл білімінде де бүгінгі күні фреймдер
алуан түрлі тілдік деректер негізінде талданып жүр. Олардың қатарында
поэтикалық мәтіндер, тұрақты тіркестер, жекеленген концептілер
қарастырылып келеді. Фреймге „концептуалдық жүйенің құрылымдық
46


элементтерін танытатын қарапайым формасы” деген анықтама беріліп, басты
өзгешелігі ретінде „концептінің ең жақын семаларынан құрылуы және ең
жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табуы” өзектеліп
отыр. Мәселен, А.Б.Әмірбекова „...өмір концептісінің фреймдік құрылымы
М.Мақатаевтың поэтикалық мәтінінде „тіршілік”, „күнелту”, „өмір кешу”,
„тағдыр”, „жан бағу”...сияқты танымдық элементтерден құралады”, - деп атап
көрсетеді. Осыған орай, ізденуші фрейммен қатар қолданылатын сценарий
ұғымына да мән берді, оны „фрейм тармақтарының төңірегінен ” жинақталатын
„оқиғалар мен жағдаяттар жүйесінен” өрбитін әрі „белгілі бір фреймнен
туындайтын эпизод фрагменттерінен” құралатын өзгешелік деп түсіндірді.
Сана
.
В.А.Маслова бұл танымдық бірліктің шеңберінде „адамның
құндылықтарды, заттар мен құбылыстардың универсалды байланысын тану
мүмкіндіктерін әрі сол сабақтастық негізінде әрекет ету өзгешеліктерін”
қарастырады, сондықтан адамға тән ақыл-ой жүйесін „кез келген ілімнің
қалыптасуын дәйектейтін құрылғы” деп таниды. Логика саласы бойынша
жарық көрген оқу құралында аталмыш ұғым туралы төмендегідей анықтама
берілген: „Ақыл-ой дамуы дегеніміз – бұл өз мәнінде ескіні қайта ой елегінен
өткізуші және жаңа ұғымдарды өмірдің өзгерген жағдайларына сәйкес
құрастырушы қабілет ретінде қарастырудан өзге еш нәрсе емес” .
Білім
.
Бұл „бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік
негізінде субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар
мен қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған
әрекет” деп танылатын термин үнемі дамып, толығып отыратын
функционалды құрылымдар қатарынан орын алатын вербалды және
бейвербалды тәжірибелер нәтижесі болып табылады. Петерим Сорокин
білімнің негізін құрайтын ғылыми шындық үш түрлі үлгіде кездеседі деп
пайымдаған, олар: эмпирикалық немесе қарапайым яки қарабайыр ілімдер;
ғылыми-рационалды, яғни индуктивті жолмен нақтыланған ғылыми
тұжырымдар тізбегі және интуитивті не болмаса дедуктивті болжамға сүйене
дамитын пікірлер. Осы ретте ғылыми және қарапайым танымдық білім
негіздерін анықтау субъект табиғатын анықтауға, олардың қалыптасу
жолдарын, амал-тәсілдерін саралауға, нысанаға алынған құбылысты қамту
ерекшелігіне, мәліметтердің жинақталу үлгісіне және т.б. қатысты болады . 
Білім когнитивтік ғылымның барлық мәселелеріне қатысты талданатын
ұғым болғандықтан, ғалымдар оны адамның танымдық әрекетінің нәтижесі,
жиналған тәжірибесін қамтитын бірлігі деп айқындайды. Кейде білім „хабар”,
„дерек”, „мәлімет” сынды терминдермен қатар қолданылады, алайда, „хабар”
адамға жан-жақтан келіп түсетін мәліметтерден құралатын, әр түрлі сигналдар
мен белгілер, сезім мүшелері арқылы қабыланатын әрі қалыпты жағдайда ғана
сана әрекетіне негізделіп өңделетін міндеттелмеген ерекшелік болып табылса,
білім санада сақталатын, жадының құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын
ұғым деп танылады. „Білім – кездейсоқ фактілер жиынтығы емес, арнайы
сұрыпталып, белгілі бір жүйеге біріктірілген мәліметтер топтамасы”
47


болғандықтан, танымдық ғылымда білім арқылы айқындалатын, оның өзіндік
бағыт-бағдарын құрайтын мәселелер тізбегі жинақталады. Айталық, 

білімді тудыратын себептер қатарында әлемнің объективті заңдылықтары
мен оның субъективті түрде қабылданатын өзгешеліктерін қарастыру
қажеттігі туралы мәселенің қойылуы;

білімнің өсу, молаю жолдарын саралау;

білімнің диалектика заңдарына бағынған қарама-қарсылық негіздеріне
сүйене дамуы туралы – эмпирикалық – рационалды; процедуралық –
декларативті; тілдік – тілдік емес; - т.б. білім жүйелерінің ерекшелігі;

білімді жинау процесін жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер – дедуктивті,
индуктивті, қорыту, талқылау, салыстыру, тану, жіктеу және т.б.

адам зердесінде білім қалай, қандай құрылымдар арқылы көрініс
табатынын ескеру, олардың өзара байланысу негіздеріне мән беру –
фреймдер, сценарийлер, бейнелер – бір жағынан; жады, ментальды
лексикон, концептуалды құрылымдар – екінші жағынан;

білімнің филогенезі мен онтогенезі туралы мәселенің зерделенуі;

білімді ойлау, сөйлеу әрекеттерінде қолдана білудің қарастырылу сипаты
және т.б. .
Зейін

Зейін хабарды өңдеу барысында айқын байқалатын әрі сол хабарға не
болмаса объектіге, яки процеске назар аударуға мүмкіндік беретін танымдық
қабілеттердің бірі болып табылады. Аталмыш нысананы саралап қарастыру
мақсатында бөліп талдау, сипаттау, жіктеу амалдары қолданыла келе, адам
ойында көрініс табатын шынайы болмысты саралау, оның белгілі бір
ерекшелігін шектеп айқындау, зейіннің негізгі түйінін хабардың құрамды
бөлігі немесе бөлшегі арқылы дәйектеу мәселелерінің барлығы дерлік адам
миында қалыптасып, жүзеге асатын білімнің белсенділігін арттыруға, сырттан
келіп түсетін хабарлар жүйесін реттеп отыруға жағдай жасайды. Адамзат
болмысына қатысты, яғни оның табиғатына тәуелді деңгейде өңдеуден өтіп
отыратын хабарлар желісі жеке тұлғалардың еркі мен эмоциясына,
тәжірибесіне, жадыда сақталатын мезеттік және мәңгілік деректер тізбегіне
орайласа айғақталатындықтан, адамның зейіні де бір саладан екінші салаға
оңай ауыса келе, танымдық процестердің жеделдігін, бір бағытқа
бағыныштылығын қамтамасыз етуге үлес қосады. Зейін адамға келіп түскен
мәліметтердің ішінен өзіне керектісін, маңыздысын және қызықтысын бөліп
зерделеуге мүмкіндік береді, сондықтан объективті фактордың негізінде белгілі
бір хабарды таңдап алу әр субъектінің жеке тәжірибесіне, түсіну, пайымдау
әрекетіне қатысты сұрыпталады. 
У.Найссер қабылдау кезінде алдын-ала зер салу мен тыңғылықты зейін
қоюдың маңыздылығына тоқтала отырып, олардың жүзеге асу амалдарын көру
процесіне қатысты айқындауға тырысқан, сол себепті алғашқы мезеттен бастап,
адамдардың танымында әлем объектілердің жиынтығы ретінде сипатталып,
олардың біреулері алғы шепте, ал кейбіреулері артқы шепте тұратын
нысаналар деп ұғынылды.Автор қабылдаудың бұл түрі автоматты түрде жүзеге
асып отырады деген тұжырымды ұстанды. Келесі кезекте, керісінше, зейін
48


ізденудің үлгісін құрайтын анықтау, салыстыру, шектеу әрекеттерінің
қосындысы ретінде жүйеленіп, оның маңыздылығы адамдардың пікірлеріне,
көзқарастарына сәйкес өзектелетіндіктен, оның табиғаты тек
психофизиологиялық тұрғыдан емес, танымдық, пәлсапалық, әлеуметтік
жіктемелерге де сүйене зерттеле бастады. Қорыта келгенде, оған «...адам
санасының белгілі бір заттар мен құбылыстарға бағытталған таңдамалы
әрекеті»,- деп анықтама берілсе, басты өзгешеліктерін «шындықты бейнелейтін
сипаты емес, адам ағзасының өзгеру табиғаты» құрады, сол себепті адамның
зейін қою әрекетімен қатар байқалатын өзгерістер қатарында ғалымдар оның
тыныстауында, жүрек тамырларында аңғарылатын динамикалы құбылыстарға
мән берді. 
Жады.
 
Жады – адамның өзі мен өзін қоршаған әлем туралы хабарларды
есінде сақтауының, танымдық және ментальды көзқарастарға негізделген
тәжірибе мен білімді жинақтауының әрі адамға жан-жақтан келіп түсетін
мәліметтерді реттеп жүйелеуінің когнитивті қабілеті. Адамның санасы мен
ақыл-ойының функциялары осы көрген-білген, естіген-сезінген деректерді дер
кезінде қолданып отыру арқылы жүзеге асатындықтан, аталмыш термин оның
сөйлеу әрекеті кезіндегі алуан түрлі әсерлері мен білімдерін қайта жаңғыртар,
оларды тілдік қатынаста не болмаса ойлау әрекетінде қолдана білер әрі хабар
өңдеуге қатысар аса керек қорларын жинақтауға көмектесетін қабілеттерді
сипаттауға мүмкіндік берді. 1969 ж. когнитивтік ғылым енді дүниеге келе
бастағанда, Дж. Миллер жадының алты түрлі моделін айқындай отырып,
олардың психология мен психолингвистика негіздерін саралаудағы маңызына
тоқталған болатын. Дәл сол жылы А.А.Леонтьев жады табиғатын толық ашып
көрсету мүмкін емес деген тұжырым жасады, оның себебін автор екі
мәселемен түсіндірді: 1) деректердің молдығымен; 2) теориялық жақтан
бірізділіктің жоқтығымен . Соның негізінде жады болмысын анықтауға
бағыттылған талпыныстардың көптігі және құрылымдық фактордың тың
ізденістерге жол ашқандығы байқалды, әсіресе, хабар мен оларды өңдеу
жүйелері алғашқы шепке шығып, жадының когнитивтік өзгешелігін зерттеу
қажеттігі аталды. Осыған орай, жады туралы толық мәлімет алу үшін, жалпы
когнитивтік ғылым хақындағы жұмыстармен, адамзат санасының танымдық
ерекшелігін қарастырар әдебиеттермен әрі когнитивтік және эксперименталды
психология саласында жарық көрген басылымдармен танысу керектігі де
назардан тыс қалған жоқ.
Бүгінде баланың танымдық дамуын, түсінік пен пайым ұғымдарын,
хабарды өңдеу амалдарын, когнитивтік психология мен лингвистика
мәселелерін қарастырар ғылыми-теориялық аспектілердің барлығы дерлік жады
ұғымымен тікелей байланыста сөз болады, себебі зерттеушілер жадының алуан
түрі типтерін анықтау барысында қайшылықтар жүйесіне де көңіл бөліп
келеді. Айталық, Ч.Осгуд ортақ жүйке жүйесінің құрылғысын айқындай
отырып, лексикон, оператор, буфер ұғымдарына тоқталып, оларды жадының
түрлері деп сипаттады. Ғалым лексиконды жадының «қорлану» бөлімін
құрайтын көрсеткіш ретінде емес, динамикалық дамуын айғақтайтын құрал
49


есебінде бағалады, өйткені лексикон сөйлесімді қабылдау барысындағы
хабарды өңдеуді және оның бір кодтан екіншісіне ауысуын қамтамасыз етеді.
Оператор мен буфер де қысқа мерзімде жұмыс істей отырып, жады арқылы
сақталған мәліметті ұзақ уақыт ұмытпау қабілетіне ие болады. Кез келген
жағдайды түсініп бағалай білу қасиеті оны өткен тәжірибемен салыстыру
арқылы, яғни жадыда орныққан мәліметтерді жандандырудың көмегімен
жүзеге асатыны анық екенін білеміз. А.Р.Лурия: «Жады арқылы біз өткен
тәжірибенің көмегімен жаңа құбылыстарды сақтауға, керек кезінде қайта
жаңғыртуға және адамға әсер етуден қалған сигналдар жүйесіне көңіл бөлуге
мүмкіндік аламыз» деп есептеді. Демек, жады негізінде адамның сақтау
қабілеті іске асатындықтан оның табиғатын анықтау мақсатында ғалымдар екі
түрлі көзқарасты қолдап келеді. Біріншіден, жады мидың жоғарыда келтірілген
қабылдау, сақтау әр түрлі әсерлер мен сезімдерді қайталау әрекеттерімен тығыз
байланысты болса; екінші пікірге сәйкес, жады өкеннің бейнелерін салыстырар,
нақтылау арқылы қабылдар қасиеттердің шоғырлануынан пайда болады , яғни
аталған екі тұжырым да жадының кез келген ақпаратты есте сақтар және қажет
кезінде сыртқа шығарар қызметіне негізделе жасалған. Осыған орай,
В.Н.Крысько жадының негізгі түрлерін төмендегідей ерекшеліктермен
саралады:

көріп бейнелеуге негізделетін жады әрекеті; оларға адамның көру, есту,
иіс сезу қабілеттері жатқызылды;

сөзді-логикалық жады қызметі; ол баяндау мазмұны мен логикасынан
бастау алады;

адамның қимыл-әрекетіне негізделетін жадының функциясы;

эмоционалды жадының өзгешелігі немесе адамның көңіл-күйі мен ішкі
толқуларын сипаттайтын өзгешеліктер жігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет