Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет38/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81
Байланысты:
document (3)

Пайдаланытын әдебиеттер: 
1.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика., – Минск., 2004. 
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.
3.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1. 
4.Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі
вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша). Филол. ғыл. канд.
дисс. автореф.,-А.,2006.
5. Куштаева М.Т. Этномәдени концептінің семантикалық құрылымы мен
лингвмәдени мазмұны
(«тары» концептісі бойынша
). Монография. Ақтөбе,
2019
№14 дәріс 
Концептуализация ұғымы
Жоспар:

Концептуализация ұғымы

Көркем шығарманы концептуалды талдау
Дәріс тезисі
 
1 Концептуализация ұғымы. Мағына туралы мубъективтік көзқарас.
Сентальды құрылым. Танымдық ерекшелік. Бейнелеуіштің аспектілері,
нақтылық деңгейі. 
Көпмағыналы сөздердің семантикасын синхронды тұрғыдан талдау және
когнитивтік лингвистика проблемалары. Торлы модельдер, олардың
мысалдары: Р.Лангакердің, Дж.Лакоффтың, К.Бругманның, Л.Яндының
модельдері. Торлы модельдер туралы сын көзқарастар.
87


 Ф.Джонсон – Лэрдтың ой түйіндек теориясы: эксплицитті және имплицитті ой
түйіндер. Логикалық ойлау ментальды модельдерді құрастыру сүсуіндігі
ретінде. Формальды логикалық аппарат ерекшелігі. Ментальды модельдер
теориясы: негізгі принциптері мен шектеуліктері. Ментальды модельдер
типологиясы. 
2. Көркем шығармадағы тілдік жүйенің құрылымын, ұлттық тілдің табиғатын
танудың бір жолы – ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен тығыз байланыста
қарау.
Әдеби туындылардағы ақиқат өмірді, ойлау мен тілді ұштастыратын
категориялар адамның когнитивті дүниесі мен ойлау әрекеті арқылы көрінеді.
(Когнитивті лингвистика – (лат cognito – білім, түсінік, көзқарас) тіл
біліміндегі бағыт. Тілді игеру табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім
жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру тұрғысынан зерттеледі Ол –
ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығы 
Қазіргі қазақ тілінде тілтанымдық зерттеулер негізінде көркем шығарманың
тілдік ерекшеліктерімен бірге дүниетанымдық ерекшеліктерін зерттеу де кең
ауқымда. Бұл көркем шығарма авторының тілі мен дүниетанымдық ой-пікірін
танып білуге әкеледі. Жұмыстың негізгі көздегені де осы. Мәселен, адам
бойындағы болатын «үрей, сасқалақтық» концептісі. М.Мағауиннің
«Ұлтсыздану ұраны» повесінде былай бейнеленеді: «соғыс өрті тұтана қалса,
екі жақтың да оттығының ұшында тұрған екі неміс бірін-бірі өлтіретін
еді».»Өмір» концептісі А.Құнанбаев тілінде былай беріледі: 
Өмір жолы – тар соқпақ, бір иген хақ
Иілтіп екі басын ұстаған жақ.
Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ
Құлап қалма, тура шық, көзіңе бақ.
Зерттелуіне келетін болақ, «концепт» терминінің негіздерін Д.С.Лихачев,
Н.Д.Артюнова,
Е.С.Кубрякова,
А.Н.Мохоровский,
В.А.Маслова,
Ю.Н.Степанов, А.Вежбицкая, ғалымдарының еңбектерінде, қазақ тіл білімінде
Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева, Б.Ақбардиева, К.Күребаев,
Г.Снаспаева, М.Күштаева, А.Ислам, Ш.Елемесова, Ф.Қожахметова, Н.Аитова,
т.б. сияқты зерттеушілердің еңбектерінде қаланды.
«Концепт» термині «ұғым» сөзімен мәндес. Бірақ, берілген анықтамаларға,
зерттеу еңбектері мен талдау жұмыстарына қарағанда «концепт» терминінің
мағынасы «ұғымға» қарағанда кең. Себебі, «концептінің» құрылымы мен
жүйелері де бар. Зерттеуші В.А.Маслова да «ұғым» мен «концептінің»
айырмашылығын былайша көрсетеді. «Концепт» терминінің «ұғымнан»
айырмашылығы, «ұғымда» энциклопедиялдық анықтама беріледі.
«Концепт – ол тілдік тұлғаның тілдік – когнитивтік деңгейлерінің негізгі
бөлшегі, әлемнің шындық немесе көркемдік негізін көрсетуші ұжымдық
сананың қозғалысын айқындаушы бірлік. Адам санасындағы дүние бейнесінің
үзіктері концептілердің көмегімен сөз арқылы таңбаланып көрініс табады,
вербалданады» .Концепт пен ұғымды оның құрылымдары арқылы ажыратуға
болады. Ұғым құрылымында тек мазмұндық элементттер болады, концептілік
88


құрамында әр уақытта да эмоцианалды, экспрессивті қырлары көрінеді,
концепт арқылы адамның дүүние туралы көзқарасы, әр обьектіге берген
жағымды, жағымсыз бағасы, әсері, ойы, эмоциясы, танымы, түсінігі көрінеді.
А.П.Бабушкин болса, концепт пен ұғым терминдерін ұқсас деп біледі. Ол:
«Қазіргі таңда тілші ғалымдар «ұғым» терминін классикалық мәнінде қолдана
бермейді, оның орнына концепт деп аталатын ойлау конструктісін қолданғанды
жөн көреді»,-дейді. Н.Н.Болдырев екі терминді былайша ажыратады:»Егер
ғылыми танымда ұғымның көлемі берілген дүниені толықтыратын белгілер мен
қасиеттерінің жиынтығы және мазмұны (ондағы бір немесе бірнеше обьекті
белгілерінің біріккен жиынтығы) болса, ал концептіде ұғымның мазмұндық
бөлігі көрінеді.
Концептілердің санада танылу деңгейіне қарай ақиқат дүниенің болмысы
мен өзіндік еркшелігіне қарай метафизикалық, ұлттық-мәдени, эмоционалдық
концептілер деп діктеледі. Концептілік жүйе сатылы құрылымнан тұрады:
Когнитивтік модель (ассоциация, бейне, символ, эталон, стереотип);
Концепт типтері (фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойсурет);
Дүниенің тілдік бейнесі (метафора, фразеологизм, сөз, сөйлем, поэтикалық
мәтін); 
Концептілік құрылымдардың негізгілеріне тоқталып өтсек;
Контраст концептілер – бір-біріне қарама-қарсы тұратын ақиқат дүниелердің
жұптасып танылуы (өмір/өлім, қала/дала).
М., Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз жарым болмаса анда – санда. 
Немесе, «Көзі соқыр жан ақ пен қара түсті айыра алмайды. Ал санасы
соқыр жан әділдік пен арамдықты, жақсылық пен жамандықты айыра
алмайды».
Ұлттық – мәдени концептілер тек ұлттық танымда ғана жан-жақты
ақпаратымен жүйеленіп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін
концептілер.
М., «О, айналайын, кең далам! Қазақ бауырым жайлаған алып далам!
Мінекей, біздің тауларды екі жаққа ысырып тастап ши менен көдеге ырғалып,
ұшы-қиыры жоқ шексіз теңіздей көсіліп жатырсың. Кім біледі сенің қойныңда
жатқан күшті! Жарықтық, сыртыңнан қарасаң, ешбір өмір белгісі тоқтай
томсарып жатқаның жатқан.
О, айналайын кең далам, тауларым, еліме осы күш, қуатты берген қасиетіңнен
айналайын».
Эмоционалды концептілер – ақиқат дүниелер адам санасындағы
эмоционалды көңіл-күй, ішкі сезім арқылы бетіледі.
М., «Адам бірде жеңеді, бірде жеңіледі.Бірде жеңгеніне қуанса, бірде
жеңілгеннен өкінеді, бірде ұтылып жатқаңыннан өзін тәубә дейді.
Иә, өмірде қызық тылсым сырлар көп, бірде біреуді түсіне білсең, ал бірде
біреу сені түсінбейді». 
89


Калейдоскоптық концептілер – бір ғана ақиқат дүниенің санада әр алуан
концептілік құрылымдарға салынып бірнеше концепт типтерінде (ойсурет,
сценарий, схема, фрейм) көрініс табуы.
Концептіні тілдік таңбалармен обьективтендіру шеберлігіне қарай эстетикалық-
көркем танымда обьективтенген концептілер, логикалық-позитивті танымда
обьективтенген концептілер болып бөлінеді. 
Көркем шығарманы көркемдік ерекшелігі (лингвостилистикалық)
талдаумен шектеуге болмайды. В.И.Постевелова «концептілік талдаудың
мақсаты – бір ғана таңбаның аясында жинақталатын жалпы концептілерді
тауып, когнитивті құрылымындағы сол таңбаның болмыс-бітімін анықтау»-
дейді. 
Сонымен, мектепте әр ақын шығармасымен танысқанда, жазушы шеберлігін
тану үшін туындыға концептуалды талдау жасау жүргізу қажет. Концептілік
талдау жүйелі болу үшін, мына мәселелерді білу керек:
-
когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндетін
айқындай алуы;
-
зерттеу афсын білу;
-
ізденіске жетелейтін, қызығушылық оятатын, ұшқыр қиял мен астарлы
ойларға толы шығармаларды оқытып, танымдық тұрғыда талдату;
-
ұлтық ұғым жайлы түсініктерін кеңейту (этнолингвистика);
ірі тұлғалардың шығармалары бойынша «өмір», «өлім», «махаббат» т.б.
концептілерге талдау жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет