тікелей қатысты «макроқұрылым» ұғымын ойлап тапты. Оның «Мәтін және
мәнмәтін» атты кітабы (Лондон, 1977 ) мәтін грамматикасы туралы негізі
идеяларын мазмұндайды. Дейк дискурс семантикасын зерттеуге ерекше көңіл
бөліп, «макродеңгейлік сөйлеу актісі» ұғымын ғылыми айналысқа енгізу
арқылы дискурс прагматикасын зерттеуде айтарлықтай үлес қосты. Дискурс-
прагматика бойынша Дейктің еңбегінің бір бөлімі «Дискурс прагматикасы»
(Берлин, 1981) еңбегінде жарық көрді. 1974 жылдан бастап Дейктің назары
мәтін тудыру психологиясы мәселелеріне ойысады. Бұл зерттеуді ол Колорадо,
Булдер, АҚШ университетіндегі В.Кинчпен бірлестікте жүзеге асырады. Өзінің
бірлестіктегі « Дискурсты түсіну стратегиялары» (Нью-Йорк, 1983) кітабында
авторлар сөйлеуді тудыру мен қабылдаудағы ментальді процестер мен
репрезентациялардың «стратегиялық» тәсілін ұсыныды.
Бұл кітапта, сондай-ақ «жағдаят моделі» ұғымына назар аударылады, ол
мәтінде сөз болып отырған жағдаяттардың ментальды репрезентациясы ретінде
түсініледі: мәтінді түсіну мәтіннің түсіндіретіндері туралы рецепиенттің
ментальді модельдер құруы арқылы болады. 1980 жылы Дейк дискурс пен
расизмге арналған ұзақ мерзімді зерттеу жобасымен айналысуды бастайды. Бұл
жобаның мақсаты ақ еуропалық өзгелер (иммигрант, ұлттық азшылық және
еуропалық емес елдердегі қашқындар) туралы не айтады, жазады, ойлайды
дегенді сипаттау болды.
Бұл жобада күнделікті әңгімелерді, сәйкес тарихты, газет жаңалықтарын,
орта білім беретін мектеп оқулықтарын, ғылыми сөйлеу, саяси дискурс (әсіресе
парламенттік дебаттар) және корпора тивтік дискурстарға түсіндірмелерді
зерттеуге көңіл бөлінді. Бұл жоба шеңберінде жарық көрген негізгі еңбектер:
Предрассудки в дискурсе" (Амстердам, 1984), "Коммуницирование расизма"
(Лондон, 1987), "Расизм и печать" (Лондон, 1991), "Дискурс элиты и расизм"
(Лондон, 1993)
Р.Водак (R.Wodak) пен Дейк (анти-) расизмді қабылдауда белгілі еуропалық
саясаткерлердің ролі туралы "Расизм наверху" (Клагенфурт, 2000) кітабын
редакциялайды.
Дейктің жиі зерттеген жанры — БАҚ жаңалықтары болды. Өзінің "Новость
как дискурс" (Нью-Йорк, 1988) және "Анализ новостей" (Нью-Йорк, 1988)
еңбегінде ол жаңалық репортажының өзекті құрылымдары теориясын, сонымен
бірге жаңалық репортаждарын түсіну мен еске сақтаудың аймағындағы
зерттеулерін ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: