моделін ұсынатын ғылыми жетістіктерді атаймын
» деген Т.Кун
тұжырымынан бастау алған бұл ұғым бүгінде лингвистикада бірде кең
мағынасында қолданылса, бірде тар мағынада сипатталып келеді. Бірінші
жағдайда ол көзқарастар, құндылықтар мен амалдар жиынтығы ретінде сөз болса,
келесіде нақты бір міндеттерді шешу барысында пайдаға асатын үлгілер
тұрғысынан сараланды, сол арқылы оның кең мағынадағы өзгешелігі сұрыпталды.
Аталған екі парадигмалық мағынаның арасындағы үйлесімділік тіл жүйесінің
белгілерін
сипаттауда, адамның сөйлеу әрекетін түсіндіруде және осы
міндеттерден туындайтын өзге де құрамды бөліктерді айқындауда ерекше қызмет
атқарары сөзсіз, сондықтан қазір кейбір ғалымдар «парадигмалардың ауысуы»
мен «ғылыми прогресс» тіркестерін синоним ретінде пайдаланады және оның
өзегін тек жаңа идеялардың тууымен емес, оны қолдаушы жақтастарының
сенімімен байланыстырады. Тіл біліміндегі мұндай идеялардың негізінде тіл
туралы
мәліметтер, тілдік білімінің жинақталу, сақталу қоры әрі жүзеге асу
нормалары көрініс табатындықтан, «...білім парадигмасының нақтыланған ұғымы
лингвистикалық тарихнамаға да негіз бола алады деген ойдамыз, сөйтіп, тіл
туралы көзқарастарды жүйелеу әрі тілді сипаттау амалдарының жемісті болуын
анықтау нәтижесінде тіл шындығын табу, түсіндіру мүмкіндігі пайда болады.
Лингвистикадағы әр жаңа білім парадигмасының мәні де сол арқылы
анықталады, яғни белгілі бір уақытқа дейін назардан тыс қалып келе жатқан не
болмаса толық түсінбеген яки түсініктеме,
сипаттама берілмеген тіл
өзгешеліктерін, белгілері мен аспектілерін ашатын шындықты бақылап табумен
дәйектеледі». В.З.Демьянковтың парадигманы «белгілі бір идеялардың үстемдігі»
,-деп тұжырымдауы да сондықтан болар. Осы тұрғыдан автор идеяның әрі жаңа
ұғымдармен, әрі бұрыннан таныс мәліметтерді қайта ой елегінен өткізумен
толығатынын ескертті.
Кез келген ғылыми парадигмаға арқау болар тұжырымдар мен теорияларға,
олардың қалыптасу, даму тарихына назар аударатын болсақ, әр уақытта арнайы
заңдылықтардың сақталатынына көз жеткізу қиынға соқпас. Бір кезеңде өмір
сүріп, бір мақсатта еңбек етіп, зерттеулер жүргізген ғалымдардың ортақ мүддеге
бағытталуы, тіл туралы ізденістерін тоғыстыруы,
шын мәнінде, ортақ
парадигмалардың дүниеге келуін айғақтайды, себебі алуан түрлі теориялық
тұжырымдардың бастауында тілдік деректермен қатар, сыртқы күштердің де
ықпалы айқын сезіледі. Қоғамдық, идеологиялық шарттар, халықтық дәстүрлер
мен мәдени құндылықтар, халықаралық қатынастар және өзге де толып жатқан
факторлар әр тарихи
дәуірдің өз заңдарын орнатады, сондықтан қоғамдық
құбылыстардың бірі ретінде танылған тіл де бұл өзгерістерден сырт қала
алмайды, керісінше, олармен тығыз байланыста, үзілмес бірлікте дамып отырады.
Е.С.Кубрякова бөліп көрсеткен парадигмалық өлшемдердің әрқайсысында сол
қатынастардың белгісі аңғарылады. Хронотопиялық көрсеткіштермен қатар
қолданылатын
алғышарт, мақсат, нысана. әдіс, бағалау ұғымдарының қай-
қайсысы да ғылыми көпшіліктің бірлескен әрекетін сипаттауға негізделетіндіктен,
аталмыш тарауда жинақталған тілтанымдық тұжырымдар қазақ тіл біліміндегі
танымдық теориялардың даму кезеңдерін, олардың парадигмалық
7
«қауымдастықтарын» анықтауға септігін тигізеді.
Нәтижесінде қазақ
лингвистикасында әлемдік ұстанымдармен қатарласа қалыптасқан когнитивтік
алғышарттармен танысу мүмкіндігі пайда болады.
Осы қатарда парадигма мен идея ұғымдарының жақындығын зерделеген
В.З.Демьянков, Рудзка-Остиннің пікірі негізінде, когнитивтік лингвистиканың
дамуын өзектеген алғышарттарды бұрынғы идеялардың қайта жаңғырып, жаңа
сипатқа ие болуымен біріктіре түсіндірді. Мәселен:
тіл - өзге салалармен тығыз байланыс
құрайтын адамға тән
Достарыңызбен бөлісу: