Көк байрақ – еліміздің мақтанышы
5-6 сынып оқушыларына
Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, мақал-мәтелдер,Отан, жер туралы нақыл сөздер.
Слайд. Ән «Көк тудың желбірегені» Ибрагим Ескендір орындауында орындалып жатады
І Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Көк байрақ –еліміздің мақтанышы» атты ақпараттық сағатымызды ашық деп жариялаймын. Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз. Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дүниеге келді. Кез келген ел тәуелсіздігіні оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Әрбір мемлекет үшін отаншылық рухта тәрбие беру азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлауынан басталады.
ІІ Жүргізуші: 2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр деп атап көрсетті.
І Жүргізуші: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсысында да мемлекеттігінің белгісі – рәміздері бар.Тәуелсіз мемлекет-егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігімен қатар, шарттары, басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұрған айрықша мәнділері - Елтаңба, Ту және Әнұран. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекеттер тәуелсіз бола алмайды.
Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз мемлекет, демократиялы мемлекет, бай мемлекет, құқықтық мемлекет және әлеуметтік мемлекет.
Біздің еліміз – Қазақстан . Біздің президентіміз - Нұрсұлтан Назарбаев.
ІІ Жүргізуші: 1992 жыл 4 -маусым - тарихи күн. Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті. Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздеді.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын,ұлттық салт – санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман- тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер
Конституцияның 9 бабында:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары-
Туы, Елтаңбасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді- деп жазылған
Конституцияның 34 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге міндетті» -делінген.
І Оқушы (Елтаңба)
Күн образы – байлық пен берекенің белгісі. Оның графикалық бейнеленуі шеңбер өміршендік нышаны деп саналады. Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді. Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр. Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен..
ІІ Оқушы (Ту)
Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен
аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен. Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.
Күн-тыныштық пен байлықтың белгісі. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді
І оқушы Әнұран
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдар өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады.
2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Парламентінде палаталардың бірлескен отырысында “Мемлекеттік нышандар туралы” Жарлыққа түзетулер енгізіліп,елдің жаңа әнұраны болып, “Менің Қазақстаным” әні аталды.
1-оқушы: Бас білгізіп, жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлегіне дейін салса ен - таңба?
2-оқушы:
Қасиетімді сәуегей дана білген,
Ұрпақпен болашаққа бірге барам.
Ақ сәулемді бойына ала білген,
Мың мәртебе тілеймін жүрегіммен.
3-оқушы
Елтаңба еміреніп терін берді,
Терге өткізбес бұл қазақ ерінгенді.
Бақытқа қолын созған бұл қазақтың.
Сан ғасыр отын үріп, шамын жақтым.
4-оқушы
Мен уықпын - шаңыраққа шашыламын.
Бойымда байсалдылық, бар шыдамым.
Ей, ұрпақ, сен де өмірдің уығы бол,
Өшпестен қолыңдағы шам-шырағың.
5-оқушы
Мен - тұлпармын, дүлдүлмін, пырақ атпын,
Жаяу жүріп аттыны сынамақ кім?
Арасында адалдық орнатамын,
Жұптасқан ел-жұрт пенен жұрағаттың.
6-оқушы
Мен - Қазақстанмын!
Болашаққа сәлемін жолдайтұғын,
Қырандай қос қанатын қомдайтұғын.
Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын
Тұғырын саф алтыннан сомдайтұғын.
7-оқушы
Мен - Қазақстанмын!
Бабалар намысымын,
Байтақ елмін игілік, табысы мың!
2030 - мәресі әйгілейтін,
Азияның айбарлы барысымын!
7-оқушы:
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді, Ту болмады дегенге?
ІІ бөлім. Сұрақ-жауап сайысы
Таңбалар мен белгілерді зерттейтін ғылым қалай аталады
Геральдика
Мемлекеттік рәміздер жобасы қандай әдіспен таңдалды?
Байқау
Мемлекеттік тудың авторы кім?
Ш.Ниязбеков
Әнұранның авторлары
Н.Назарбаев , Нәжімеденов
Мемлекеттік елтаңбада пайдаланған негізгі бояу түсі?
Алтын түс
сәулетші Жандарбек Мәлібеков қай нышанның авторы?
Елтаңбаның
Рәміздер қабылданған жыл және күні?
1992 , 4 маусым
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
егеменді, дербес, тәуелсіз
Елтаңбада нелер бейнеленген?
күн сәулесі, көк аспан,
шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар
Әнұранды қалай айтамыз?
Тұрып, қолды жүрекке қойып
Егеменді еліміз әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұраны, Туын қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білуге борышты
Рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс – ерекшелігін, айрықша арман – аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдениет-тарихи жағдайларына байланысты қалыптасады. Біздің мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа кірген. Мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді және жалпы Қазақстандық патриотизмді қалып патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу елді халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Пайдалынған әдебиеттер:
Шаймерденов, Е Қазақ елінің рәміздері. [Мәтін]/Е.Шаймерденов.- Алматы:1993.-80 б
// Бала би. [Мәтін]/№9.-2010.-3,4 б
Қорғасбек, Ж. [Мәтін ] /Ж. Қорғасбек //Балдырған. - №12.- 2011.-2 б
Айдарбекова, Г. Мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз? / Г.Айдарбекова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2007.- № 10. - 23-25 б.
Исакова, С. Еліміздің Егемендік белгілері / Исакова, С.// Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2008.- № 8. - 22-25 б.
Өзбекова ,Э. Ел рәміздері –тәуелсіздік айғағы [Мәтін]/Э.Өзбекова //Тәрбие сағаты.- 2010.-№1.- 2 б.
Ғаламтор
Достарыңызбен бөлісу: |