Бұлшық ет ұлпасының регенерацись Тегіc булшық еттер екі жолмен қайта қалпына келеді. Бірінші жол — жарақат жеңіл болса, сол жердегі торшалардың ядролары көбейіп, бір- біріне жақындап,булшық ет бүтіндігі өз қалпына келеді. Бірақ бұндай регенерацияның маңызы аса маңызды емес, себебі зақымданған бұлшық ет көбінесе дәнекер ұлпамен алмасады. Екінші жол бірыңғай салалы бұлшық еттердің дэнекер ұлпадан метаплазия арқылы пайда болуы. Бул мүмкіндік өмірде көбірек кездесіп, дәнекер үлпа түзуші жас мезенхима торшалары бар жерде байқалады. Көлденең жолакты бұлшық еттер сыртқы қабығы-сарколеммасы сақталғанда ғана толық жаңара алады. Регенерация осы сарколемма iшіндегі миобластардың не серіктес торшалардың жәрдемімен жүреді. Журек булшық етінің регенерациясы. Жүректің инфарктқа ұшыраған жерлері бүтіндей дәнекер ұлпамен алмасып, ол жер тыртыққа айналады. Ал жүрек қызметі қалған торшалардың гипертрофиясы, ультракұрылымдарының гиперплазиясы нәтижесінде Жарақаттанған жерді ұсақталған бұлшық етпен алмастырғанда регенерация толық болады