Коко алғашқылардың бірі болып тамаша маркетингтік әдісті іске қосты. Ол өз киімдерін сату жолында атақты адамдардың есімдерін пайдаланды. Ол оларға өзінің тіккен киімдерін кигізіп, кейін түскен суреттерін жарнама беттеріне орналастыра бастады. Сол кезден бастап атақты әртістер ол дүниеге әкелген киімдер маркаларының символына айналды. Қазіргі кезде кез-келген модель Chanel-дің жарнамасына түсуді армандайды. Себебі бұл - сән әлемінде жетістік пен жеңістің белгісі. Кейін оны миллиондық шарттармен жалатын келісім-шарттар күтетін болады.

Коко Шанель алғаш болып күнге күюді сәнге әкелді. Күнге күйген тері Шанель кезінен бастап сәнге айналды. Бір қызығы бұл жаңалықты ол кездейсоқ ойлап тапты. 1923 жылы Коко бір круиздық саяхат кезінде денесін тым күйдіріп жіберген екен. Ал одан сәл уақыт бұрын, оны Канн қаласына бір көрсетілімге шақырып қойған еді. Бірақ ол өзінің осындай күйген терісіне қарамастан, ол жерге баруды шешеді. Ал оны көрген адамдарға оның осындай түрі бірден ұнап, кейін осындай күнге күю жаппай сәнге айналады.
Коко Шанель өмірінің соңына дейін отельде тұрып келді.
Ол Ritz отелін өзінің үйіндей көрді. Ал Ritz отелі қазір Париждегі алдыңғы қатардағы қонақ үй саналады.
"5" санын Коко Шанель "ең сүйікті саным" деп есептеді. Себебі оның өміріндегі көптеген жетістіктер осы 5 санымен байланысты. Chanel №5 хошиісі де тегіннен осылай аталған жоқ. Бұл Шанельге қатты ұнаған осы хошиістің бесінші нұсқасы болатын. Бір қызығы, Chanel №5 1921 жылдың 5-мамырында көпшілікке ұсынылды. Ал қазір әлемде 30 секунд сайын оның бір данасы сатылып жатады.
Шанельдің фразалары:
ТЫМ ҚЫМБАТ КИІМ ҚАРТАЙТЫП ЖІБЕРЕДІ.
ЖАСТАР СӘНІ - ПЛЕОНАЗМ; ҚАРТТАРДЫҢ СӘНІ БОЛМАЙДЫ.
СӘН АРХИТЕКТУРА СИЯҚТЫ, - МӘСЕЛЕ ПРОПОРЦИЯДА.
КӘРІЛІК МАХАББАТТАН ҚОРҒАМАЙДЫ, БІРАҚ МАХАББАТ КӘРІЛІКТЕН ҚОРҒАЙДЫ.
ДАҢҚ ДЕГЕНІМІЗ ЖАЛҒЫЗДЫҚ ЕКЕН.
СӘН – БҰЛ СӘННЕН ШЫҒЫП КЕТЕТІН НӘРСЕ.
СӘН ӨТІП КЕТСЕ ДЕ, СТИЛЬ ҚАЛАДЫ.
ӘЙЕЛДЕР БАСҚА ӘЙЕЛДЕР ҮШІН КИІНЕДІ ДЕП АЙТАДЫ. БҰЛ ШЫНДЫҚ. БІРАҚ ӘЛЕМДЕ ЕРКЕКТЕР БОЛМАСА, ОЛАР МҮЛДЕМ КИІНБЕУШІ ЕДІ.
ӘДЕМІЛІК - ЕР АДАМДАР БІЗДІ ЖАҚСЫ КӨРУ ҮШІН, АЛ АҚЫМАҚТЫҚ - БІЗ ОЛАРДЫ ЖАҚСЫ КӨРУ ҮШІН ҚАЖЕТ.