Көкөніс пен жемістер



бет2/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,68 Mb.
#5879
1   2   3

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: “Жасыл шырша ” К.Әзірбаев

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесіне байланысты ертегі арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Асыл шырша.
Көрнекіліктер: Автордың портреті,қыс мезгілі мен шыршаның суреттері,

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1.Шаттық шеңбер.Мысалы:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?

2.Балалармен әңгімелесу.

-Балалар,мен бүгін балабақшаға келе жатқанда, есік алдында мына шыршаны тауып алдым.Ол маған сондай ұнап қалды, мен оны топқа кіргіздім.

-Ендеше,бүгін тіл дамыту сабағында біз сендермен осы Әдемі Жасыл шырша туралы әңгімелесеміз.

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.
Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.

Сөздік жұмыс жүргізу.

Асыл шырша-әдемі шырша деген мағынада айтылған.

Ертегіні оқу.

Мысалы: «Жасыл шырша»
Қанша заман өткенімен,

Ескірмейтін асыл шырша.

Алатаудың көктемімен

Доссың ғой сен, жасыл шырша.

Өзгермейсің қыс келсе де,

Боуыңды оңдырмайсың.

Аяз шымшып тістесе де,

Жапырағыңды тоңдырмайсың.

4.Сергіту сәті:

Серуендеуге шығамыз.


Шулы жерден шырақтап,
Орман, тауға барамыз.
Жайнап тұрған қырлардан,
Гүлдер теріп аламыз,
Орнымызға барамыз.

5.Дидақтикалық ойын: “Жасыл шыршаны құрастыру”.

Мақсаты: ұсақ фигуралардан шырша құрастыруды үйрету.

6.Шығарманың мазмұнын балаларға түсіндіріп ашу.

Сұрақтар қою.


  • 8.Дидактикалық ойын: “Мен бастаймын,сен аяқта”.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

9.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта не өттік?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

тыңдайды.


сергіту сәтін бірге жасайды.


Дидактикалық ойын ойнайды.








Күтілетін нәтиже: Білу: Шығарманың мазмұнын білуі;

Игеру: Жаңа жыл туралы білімді игерілуі;

Меңгеру: Шығарманың мазмұнын әңгімелеп меңгерілуі:

Күні _____



Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Ұшқыш болам ” Т.Молдағалиев

Мақсаты: Мазмұнды әңгіме құрай білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: көкке,ғарышкер.
Көрнекіліктер: Ғарыш пен зымыраның және Т.Әубакіров пен Т.Мұсабаевтің суреттері.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1.Шаттық шеңбер.Мысалы:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?

2.Балалармен әңгімелесу.

-Балалар,бүгін далада ауа-райы қандай?

-Аптаның қай күні?

-Балалар,бұл сиқырлы қорапта не бар екенін көргілерін келе ме?

-ия,-дейді балалар.

-Балалар,бұл не?

-балалар: бұл-зымыра.

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.
Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.

Сөздік жұмыс жүргізу.

Көкке-аспанға ұшу;

Ғарышкер-ғарышқа ұшатын адамды ғарышкер деп айтамыз.

Өлеңді оқу. Т.Молдағалиев

Мысалы: «Ұшқыш болам»
Көкке ұшамын-

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Ер ғарышкер ағаның.

Батыр болам-

Көк аспанды сүйемін.

Жұлдыздарға

Барып-келіп жүремін.

4.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Белімізді жазайық,

Айналаға қарайық

Отырайық,тұрайық,

Біраз тынығып алайық.

5.Сурет бойынша жұмыс: “Ұшқыш боламын”.

Мақсаты:Балаларды әңгіме құрастыруды дағдыландыру..

6.Өлеңнің мазмұнын балаларға түсіндіріп ашу.

Сұрақтар қою.

7.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта не өттік?

-Сендер өскенде қандай маман иесі болуды армандайсыңдар?

-Ғарышқа кім ұшады?

-Алғашқы рет Ғарышқа кімдер ұшты?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.



Өлең жолдарды қайталайды.

Сұрақтарға жауап береді.

өлеңді тыңдайды.

сергіту сәтін бірге жасайды.


Әңгіме құрастырады.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Шығарманың мазмұнын білуі;

Игеру: Ғарыш әлемі жайында білімді игерілуі;

Меңгеру:Мазмұнды әңгіме құрастыра алуды меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Әже” Н.Шаяхметов.

Мақсаты: Тақпақтың мазмұнын түсініп,әңгімелеуді үйрету..

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: кәрі,отын жарады.
Көрнекіліктер:Отбасының суреттері.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1.Шаттық шеңбер.Мысалы:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?

2.Балалармен әңгімелесу.

-Балалар,бүгін далада ауа-райы қандай?

-Аптаның қай күні?

-Балалар,бұл не?

3.Санамақ айту.

Бас бармақ- атам үйдің данасы,

Балаң үйрек-әжем шаңырақ ажары,

Ортаң терек-әкем отау панасы,

Шылдыр шүмек-анам,шаңырақ ажары,

Титтей бөбек-мен балалық базары.

Тіл жаттығуы:

1.Ә-Ә-Ә,

Таң ата Әтеш тұрды.

2.Ә-Ә-Ә-Ә,

Менің әжем керемет.

4.Жаңа тақырыпты хабарлау.
Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.

Сөздік жұмыс жүргізу.

Кәрі- жасы келген адамды айтады.

Отын жарады-от жағу деген мағынада;

Өлеңді оқу. Н.Шаяхметов.

Мысалы: «Әже»
Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәрне.

Базарға өзі барады,

Бәрін сатып алады.

Суды Сырым әкелсе,

Жүсіп отын жарады.

5.Сергіту сәті:

Серуендеуге шығамыз.


Шулы жерден шырақтап,
Орман, тауға барамыз.
Жайнап тұрған қырлардан,
Гүлдер теріп аламыз,
Орнымызға барамыз.

6.Дидактикалық ойын: “Отбасы мүшелерін ата”.

Мақсаты:Отбасы мүшелерін атап үйрету.

7.Өлеңнің мазмұнын балаларға түсіндіріп ашу.

Сұрақтар қою.

-Тақпақ кім жайында айтылды?

-Әже қандай болады?

-Әжеге біз қалай қамқор боламыз?

-Қалай көмектесеміз?

8.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта не жайында әңгімелестік?

-Сендердің әжелерін бар ма?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.



Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
сұрақтарға жауап береді.

өлеңді тыңдайды.

сергіту сәтін бірге жасайды.

Дидактикалық

ойнайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Шығарманың мазмұнын білуі;

Игеру: Отбасы мүшелерді аттауды игерілуі;

Меңгеру:Мазмұнды әңгіме құрастыра алуды меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Көжек пен кірпі”

Мақсаты: Ертегі мазмұнымен таныстыру, драматизациялауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: тікенек.

Көрнекіліктер: Кірпі мен көжектің және орманның суреттері.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

II. Рефлексия


1.Балалар дөңгелене тұрып,бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.Мысалы:

Сен-қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз,күлеміз,айналадағы дүниені танып білеміз.

Балалар,біреу есік тарсылдатып тұр.Кәне,ашып қарайық.

-Балалар, бізге хат келді.Ішінде не жазылған екенін көрейік.Бірақ,алдымен бізге жұмбақ шешеу керек.

Мысалы: Санай алмай шаршадым –
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа.    (Кірпі)

-балалар жұмбақты шешеді.

- Балалар,ал енді хатты ашып оқыйық.

Бұл хатта ертегі жазылған.

2.Сөздік жұмыс жүргізу:

Тікен – кірпінің ине сияқты тоны ;

3.Балаларға “Көжек пен кірпі ” ертегі оқып беру.

Әп-әдемі көжек кірпігк кеп:

-Туысқан-ау,киімің қандай жаман еді,толған тікен ғой өзі,- деді.

-Ол рас.Бірақ осы тікендерім мені ит пен қасқырдың тісінен қорғайды. Ал сенің әдемі түгің өзіңе менікендй пана бола ала ма?-деді кірпі.

Көжек жауап қатпай,ауыр күрсінді. К.Ушинскиі.

(Аударған Мұқан Иманжалов.)



Суреттер бойынша ертегінің мазмұнын ашып түсіндіру.

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай шайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз,

Бойымызды еркін ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

Сұрақтар қою:

-Ертегі қалай аталады?

- Бір күні көжек қайда келді?

-Көжек кірпіге не деп айтты?

- Кірпі көжекке не деп жауап берді?

- Көжек не істеді?

4.Дидактикалық ойын: “Жабайы аңдарды тап”

Мақсаты: Жабайы аңдарды ажырата алуды үйрету.

5.Сабақты қорытындылау.

-Балалар бүгін сабақта қандай ертегімен таныстық?

-Көжек пен кіріпінің арасында қандай жағдай болды?

Бағалау: - досын бағалау.

Жылы лебіздерді білдіреді.

Жұмбақ шешеді.


Жаңа сөзбен танысады.

Ертегіні тыңдайды.

Сергіту сәтін жасайды.


Сұрақтарға жауап береді.

Сабақты қорытындылайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала ертегінің мазмұнын білуі тиіс;

Игеру : Диалогті сөйлеу дағдыларын игерілуі тиіс;

Меңгеру: Ертегінің мазмұнын әңгімелеп меңгерілуі тиіс;

Күні _____

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: “Бақыт дегене не” С.Оспанов.

Мақсаты: Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Ботам,Бақыт.

Көрнекіліктер: Автордың портреті,даланың,табиғаттың,отбасының суреттері.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


  1. 1.Балаларды шеңберге тұрғызу.

Мысалы:Қуан,шаттан,алақай,

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң,қайырлы күн !

Күліп шықты бүгін күн!



2.Балалармен әңгімелесу.

-Балалар,қалай ойлайсыңдар, бала деп кімді айта аламыз?

-Дұрыс айтасыңдар!Өз отбасы,достары бар,денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.

Сөздік жұмыс жүргізу:

Ботам- ботам деп баланы еркелету мақсатында айтылады.

Бақыт-қуаныш деген мағынаны білдіреді.

Тақпақты оқу. С.Оспанов.

Мысалы: Бақыт деген не?

Айтшы білсең егер де,

Папа ,бақыт не?

Бақыт деген,шырағым,

Мына әсем тұрағың.

Ну ормандар,

Гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны.

Бақыт-дәні даланың,

Алақаны анаңның.

Ботам деуі әжеңнің,

Тыныштығы әлемнің!

Қайда бақыт мекені,

Қалай оған жетеді?

Адал еңбек етесің,

Сонда ғана жетесің!

Көрінбейтін көзіңе,

Сонда оның өзі не?!

Бақыт деген,сөзім шын-

Айналайын,өзіңсің!

4.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

5.Тақпақтың мазмұнын балаларға түсіндіріп ашу.

  • 6.Дидактикалық ойын: Отбасы мүшелерін ата.

Мақсаты: Балалардың отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

7.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта не өттік?

-Бақыт деген не екен?

-Тақпақта не туралы айтылды?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


тақпақты тыңдайды.


сергіту сәтін бірге жасайды.









Күтілетін нәтиже: Білу: Бақыт,қуаныш,сүйіспеншілік деген сезімдерді білуі;

Игеру: Адамгершілік құндылықтарды игерілуі;

Меңгеру: Тақпақтың мазмұнын меңгерілуі;

Күні _____



Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Екі қомағай қонжық”

Мақсаты: Қонжықтар туралы мәлімет беру, ертегі мазмұнымен таныстыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Екі қонжықтың және орманның суреттері.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III. Рефлексия


1.Балалар дөңгелене тұрып,бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.Мысалы:

Сен-қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз,күлеміз,айналадағы дүниені танып білеміз.

2.Дидактикалық ойын: Жабайы аңдарды тап.

Мақсаты: Аңдар туралы білімдерін толықтыру.

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Балаларға “Екі қомағай қонжық” ертегі оқып беру.

Суреттер бойынша ертегінің мазмұнын ашып түсіндіру.

Сұрақтар қою:

- Ертегі қалай аталады?

- Ертегіде қандай оқиға болды?

- Екі қонжық қайда саяхатқа шықты?

- Екі қонжықтың арасында қандай жағдай болды?

4.Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай шайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз,

Бойымызды еркін ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

6.Мақал-мәтелдер жаттау.

  • Дос – егіз, дұшпан – сегіз.

  • Ағаш тамырымен,

Адам досымен мықты.

  • Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

7.Сабақты қорытындылау.

-Балалар бүгін сабақта қандай ертегімен таныстық?

-Көжек пен кіріпінің арасында қандай жағдай болды?

Бағалау: - досын бағалау.

Жылы лебіздер білдіреді.

Ертегіні тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәтін жасайды.

Сабақты қорытындылайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала ертегінің мазмұнын білуі тиіс;

Игеру : Диалогті сөйлеу дағдыларын игерілуі тиіс;

Меңгеру: Ертегінің мазмұнын әңгімелеп меңгерілуі тиіс;

Күні _____

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: “ Отан туралы тақпақ,мақал-мәтел”

Мақсаты: Отан туралы тақпақ,мақал-мәтелдер жаттап блімдерін кеңейту.Дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: суреттер,.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер. Е.Өтетілеуовтің Отан деген өлеін айту.

Мысалы: Отан деген –атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен,

Қазақстан-туған ел!

2.Балалармен әңгімлесу.

-Балалар,мен бүгінгі сабақты мына сөздерден бастағым келеді: Мен Отанымды сүйемін,

Отаным-мақтанышым.

-Бүгін біз сендермен Отан жайлы әңгімелесеміз.

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдатылады.

-Әр адамның өз Отаны болады.Отан-ол біздің туған жеріміз,тұратын жеріміз,отбасымыз.Біздің еліміз өте бай, өте әдемі.Біз Отанымыз-Қазақстан.

3. Балаларға Сенің Отаның өлеңін оқып беру.

Мысалы: Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың ,бауырың,

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

4.Ойын: “Жылы сөздер”.

Балалар шеңберге тұрып,Отан туралы жақсы,жағымды сөздер айтады.

Мысалы: Менің Отаным өте сұлу.

Менің Отаным өте әдемі.

Менің Отанымда өте ақылды адамдар тұрады.

5.Отан туралы мақал-мәтелдер.



    • Отан елдің анасы, 
      Ел ердің анасы.

    • Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді. 

    • Отан от басынан басталады. 

    • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.  

    • Отансыздың оты жанбайды.

    • Отан үшін еңбек етсең 
      халқыңның сүйген ұлы боласың.

6.Сабақты қорытындылау.

- Балалар, бүгін сабақта не жайында әңгімелестік?

- Отан деген не?Біз сендермен қандай елде тұрамыз?

Жүректен-жүрекке.

Балалар тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарды қайталайды.

Отанды бәрі анасындай,

Қастерлейді бағалап,

Өйткені ,Отан баласындай,

Бізді өсірер аялап.

Бағалау:- Өз-өзін бағалау;

- Тәрбиеші бағалайды;


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Сұрақтарға жауап береді.


Йтады.

Өлеңді тыңдайды

Жылы сөздер айтады.
Мақал-мәтелдерді жаттайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Өз Отанын танып білуі;

Игеру: Отан туралы түсінікті түсініп игерілуі;

Меңгеру: Отан туралы тақпақ ,мақал –мәтелді жаттап меңгерілуі;

Күні _____



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет