Білім беру саласы: Әлеуметтік
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: “Қасқыр,түлкі,әтеш ”
Мақсаты: Ертегі мазмұнымен таныстыру,әңгімелеуді үйрету.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: шаһар,мұржа, күлтеле.
Көрнекіліктер: ертегі мазмұнына сәйкес салынған суреттер.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Шаттық шеңбер.
Мысалы: Таң атады арайлап,
Оянады бар аймақ.
Оянады достарым,
Мен қаламын қарайлап.
-Балалар,сендер ертегілер тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
Не себептен кәне айтып беріңіздерші.Мысалы: Мен ертегі тыңдағанды ұнатамын,себебі........ деп өздері ары қарай жалғастырады,
2.Жаңа тақырыпты хабарлау.Ертегіні оқып беру.
Сөздік жұмыс жүргізу:
Шаһар-қала.
Мұржа-пештің ,ошақтың түтін шығаратын мойны,түтіндік.
Күлтеле-шоқтау,шоғырлау.Түлкінің күлтеленген құйрығы.
3.Сұрақтар қою.
Ертегі кейіпкерлерін атаңдар?
Қасқыр,түлкі,әтеш не салмақ болды?
Түлкі Қасқыр мен Әтешке қандай тапсырма берді?
Түлкі өзі не істеді?
Ертегі қалай аяқталды?
4. Балалардың пікірлерін тыңдау.
-Балалар ,сендерге ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнады,қайсысы ұнамады? Шаһар салу үшін не істеу керек еді?
-Маған Қасқыр мен Әтеш ұнады.Өйткені екеуі де Түлкінің атйқан тапсырмасын орындады. Екеуі де еңбекқор екен.Ал Түлкі ұнамады.Өйткені Қасқырды орманға жұмсап жіберіп, Әтешті жеп қойғысы келді.
-Шаһар салу үшін үшеуі де тату-тәтті болу керек еді.Бірігіп еңбектенсе,шаһарды салып шығатын еді.
5.Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық.
Солға-солға түзу тұр.
Оңға-оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым.
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық.
6.Дидактикалық ойын: “Қасқыр,Түлкі,Әтештің жолын тап”.Ертегі кейіпкерлерінің үйлеріне апаратын жолды сызып көрсету.
7.Жұмбақтар шешу.
Жан-жануар бәрінен ерте тұрар,
Таң келді деп әндетіп айғай салар,
Ерекше әні сұлу бұл кім өзі,
Басында әсем қызыл тақия бар. /Әтеш/
Сұр түсті,
Ақсиған көп тісті. /қасқыр/
8.Сабақты қорытындылау.
Ертегі мазмұнын мазмұндау.
-Балалар,бұл ертегі бізді өтірік айтпауға,әділ,адал болуға үйретті.Бірлік болған жерде кез-келген жұмысты да аяқтауға болады.
Бағалау: өз-өзін бағалау.
Тәрбиеші бағалайды.
|
Өлең жолдарын айтады.
Сұраққа жауап береді.
Ертегіні тыңдайды.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Өз пікірлерн тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Дидактикалық
ойын ойнайды.
жұмбақтарды шешеді.
Сабақты қорытындылайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже: Білу: “Бірлік” пен “татулық” ұғымын білуі;
Игеру: Сөйлеу мәдениетін игерілуі;
Меңгеру:Ертегі мазмұнын түсініп, мазмұндауды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Әлеуметтік
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: “Жалауша”
Мақсаты:Балаларды патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс:жалауша.
Көрнекіліктер: Жалаудың суреті.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс- әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1. Балаларды шеңберге тұрғызу:
Жылы тілектер бір-біріне айтады.Мысалы:
-Отанымыз тыныш болсын!
-Елімімз көркейе берсін!
-Халқымыз аман болсын!
-Күніміз ашық болсын!
2.Балалармен әңгімелесу.Суретпен жұмыс.
Дүрбімен суретке қарау.-Не көріп тұрсыңдар?
-Жалаушаны көріп тұрмыз.
-Ия,дұрыс айтасыңдар!-Бұл біздің еліміздің Ту жалауы.
-Тудың түсі қандай?-Онда не бейнеленген?
Балалардың жауаптары тыңдатылады.
3.Балалар,біз сендермен қай елде тұрамыз?
-Елбасымыз кім?
-Отанымыз деп қай елді айтамыз?
-Біздің Отанымызды,елімізді,кең байтақ жерімізді кімдер қорғап жүреді?
-Ия, дұрыс айтасыңдар.Біздің елімізді шекарашылар немесе біздің қорғаушылар және әскери адамдар қорғап жүреді.
4. «Жалауша» өлеңді оқу.Е.Өтетілеуұлы.
Мысалы: Атама ілесіп,
Алаңға келемін.
Ағылған гулесіп,
Халықты көремін.
Құлпырған алауша,
Алаңда жүр бәрі.
Қолымда жалауша,
Көтерем жоғары.
Көтерем жоғары,
Келмейді түсіргім.
Бақшаға барғалы,
Бір сырын түсіндім.
Тартымды,тамаша,
Мәнісін ұғынам-
Аумайды жалаушам,
Туған ел Туынан!
Сөздік жұмыс: Жалауша- біздің тудың жалауы.
Тақпақтың мазмұнын әңгімелеу,сұрақтар қою.
5.Сергіту сәті: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
6.Дидактикалық ойын: Қай елдің жалауы екенін ата.
Мақсаты: Балалардың білімдерін тереңдету.
7.Сабақты қорытындылау.-Бүгі сабақта біз не жайында әңгімелестік?
Бағалау: досын бағалау.
|
Жылы тілектерді айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді тыңдайды.
Сөздік жұмыс жасайды.
Сабақты қорытынды
лайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Отанын білуі тиіс;
Игеру :Өз елін қорғау,құрметету керетігі жайлы игерілуі ;
Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алуды меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Әлеуметтік
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “Саймандар”
Мақсаты: Балаларды құралдармен таныстыру,олардың атауларын атап әңгімелеуді үйрету.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: қарды күреу, қар тоқтату.
Көрнекіліктер: қыстың суреті мен қысқы құралдардың суреттері.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Бала әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III. Рефлексия
|
1.Балалар дөңгелене тұрып,бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.Мысалы:
Сен-қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз,күлеміз,айналадағы дүниені танып білеміз.
2.Балалармен әңгімелесу,сұрақтар қою.
Мысалы: -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Қыста ауа-рай қандай болады?
Қыстың күні адамдар қалай киінеді?
3.Жаңа тақырыпты хабарлау.
- Сурет бойынша әңгімелеу.Қысқы еңбек түрлерімен таныстыру және кімдер атқаратынын айтып түсіндіру.
- Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау,ал ауылда егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Қала көшелерінде машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін адамдар арнайы машиналармен қарды күреп тазалайды. Құрғақшылық жиі кездесетін аймақтарда қар тоқтату әдісі қолданылады.
Қар тоқтату- топырақта ылғалдық біршама қорын жинап,егіс өнімділігін арттыратын жұмыс түрі.
3.Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Шыршадай шайқалып,
Табиғатты сүйеміз,
Шетімізден шеберміз,
Бойымызды еркін ұстап,
Билеп-билеп аламыз.
4.Сурет бойынша “Қысқы еңбек тақырыбына әңгіме құрастыру”.
5.Дидактикалық ойын: “Артығын тап”
Шарты: Суреттен еңбек құралдарды тауып,оларды қоршап сызу.
6.Сабақты қорытындылау
Бағалау: - досын бағалау.
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сөзбен танысады.
Сергіту сәтін жасайды.
Сурет бойынша әңгіме құрастыра- ды.
Сабақты қорытындылайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Қыс мезгілінің білуі тиіс;
Игеру :Қысқы құралдарды игерілуі тиіс;
Меңгеру:Сурет бойынша әңгіме құруды меңгерілуі тиіс;
Күні _____
Білім беру саласы: Әлеуметтік
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “Жиһаз бен ыдыс-аяқ ”
Мақсаты: Жиһаз бен ыдыс-аяқ жайлы білімдерін толықтыру.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: сандық.
Көрнекіліктер: жиһаздардың суреттері
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Шаттық шеңбер.Мысалы:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?
2.Балалармен әңгімелесу.
-Жылдың қай мезгілі?
-Аптада неше күн бар?
-Бүгін ауа-райы қандай?
3.Жаңа тақырыпты хабарлау.
-Балалар,біз қайда тұрамыз?
-Қандай үйде тұрамыз?
-Сендер өздерің нешінші қабатта,нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?
-Үйде қандай бөлмелер болады?
4.Дидактикалық ойын: Қай бөлмеде қандай зат тұрады?
Шарты: Бөлмелерді атап, онда тұратын заттарды атау.
- Мына екі сурет бірі киіз үй, екінші көп қабатты үй –қайсысында тұрғың келеді?Бала өзі қалауымен әңгімелеп
береді.
Топтағы қазақ бұрышындағы жиһаздарды көріп тамашалайық.
-Қандай үй жиһаздарын көріп тұрсыңдар?
-Қанша ыдыстар бар екен?
-Онымен әжелер не істеп отыр?
5.Сергіту сәтті:
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
6. Осы жердегі заттар туралы жұмбақ жасырайын,соны шешіңдер.
1.Кіруге адам батпайды,
Суға салса жатпайды.
Ішіне кірген заттарды,
Аман-есен сақтайды. Сандық.
2. Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Көйлегі көк, қарны тоқ. Жастық.
3. Кішкене ұлым бар,
Кірген –шыққан сүйеді. Кесе.
4.Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. Киіз үй.
7.Сабақты қорытындылау.
-Балалар, бүгін сабақта не өтік?
Бағалау:-өз-өзін бағалау;
- Тәрбиеші бағалайды;
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
сергіту сәтін бірге жасайды.
Жұмбақтарды шешеді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Үй жиһаздарды танып білуі;
Игеру: Сурет бойынша әңгімелеуді игерілуі;
Меңгеру:Үй жиһаздардың не үшін қажет екенін айтып меңгерілуі;
Күні _____
Білім беру саласы: Әлеуметтік
Бөлімі: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: “Ауылдағы еңбек ”
Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын ,сөйлеу мәдениетін,ойлау қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс:қармақ, күбі,едәуір.
Көрнекіліктер: суреттер.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
жағымды
|
жағымсыз
|
I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру
III.Рефлексия
|
1.Шаттық шеңбер.Мысалы:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?
2.Балалармен әңгімелесу.
- Айналада қандай өзгерістер?
-Жылдың қай мезгілі?
-Бір аптада неше күн бар?
-Жазғы демалысты қайда өткізесіз?
-Ауыл сендерге несімен ұнайды?
3.Жаңа тақырыпты хабарлау.
Әңгімені оқу.
Сұрақтар:- Әңгіме не туралы болды?
-Балалар ауылға барғанда не істейді?
- Қайда барып шомылады?
4.Сергіту сәтті:
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
5.Дидактикалық ойын:Айырмашылығын тап.
Шарты: Қалалардың және ауылдың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап, қала мен ауылдың айырмашылығын табады.
-Балалар, бүгін сабақта не өтік?
Бағалау:-өз-өзін бағалау;
- Тәрбиеші бағалайды;
|
Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
сергіту сәтін бірге жасайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:Ауыл мен қаланың ерекшеліктерін білуі;
Игеру: Сурет бойынша әңгімелеуді игерілуі;
Меңгеру: Әңгіме құрастырып әңгімеуді меңгерілуі;
Достарыңызбен бөлісу: |