27 маусымда Көкпекті аудандық кітапханасында Көкпекті ауданының мамандары бас қосты. Ақпараттық семинарды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Т. Саржанов құттықтау сөзімен ашты. Облыстық Пушкин атындағы кітапхана директордың орынбасары Б.Ж Шагиева сөз алып, жаһандық кітапхана қоғамдастығының бағыттары туралы әңгімеледі.
Жаһандық кітапхана қоғамдастығын дамыту тенденциялары және облыстық кітапханалардың міндеті бүгінде барлық кітапханашыларды қызықтырып отыр. Өмір бір орында тұрмайды және кітапханалар да қазіргі заманға сәйкес болуы тиіс.
Семинарда ЭКСПО-2017 көрмесінің идеялары қарапайым эксперименттерді жүргізу арқылы қаралды. «Өлкетану кітапханада» секциясының жұмысын облыстық кітапхананың методикалық орталығының жетекшісі Р.С. Мязова жүргізді.
Семинарға қатысушылар «Идеялар мен тәжірибе» ой талқысына бар ынталарымен қатысты. Әлеуметік желілерде креативті практика (Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай), «Бір ел - бір кітап», кітапханадағы үштілділік тақырыптары талқыланды. Ұсынылған жобалар мен идеялар қарастырылып, кітапханаларда іске асырылады.
Кітапхана бүгінде мәдениет және білім орталығына айналуы тиіс. Ол үшін не істеу керек? Қандай жұмыс формалары арқылы қол жеткізуге болады? Семинар барысында осы мәселелер қарастырылды.
Мұндай семинарлар кәсіби білімді жетілдіруде өте маңызды болып табылып, кітапхана өміріне жаңа көзқараспен қарап, кітапхана жұмысының даму перспективаларын қарастыруға көмектеседі.
.
Достарыңызбен бөлісу: |