ЖШС «Сымбат» балабақша-яслиінің әдіскері Қозыбай Жадыра
Ұлттық тәрбиенің отбасындағы маңызы.
Бүгінгі танда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты «Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады», - деп анықтама берген А.С Макаренко болатын.
Яғни, отбасы – қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан кез-келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.
Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім- тәрбие тұжырымдамасында:
«Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенің, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатының есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, обьективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжрибе негізінде тәрбиелеи отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек »екені айтылған.
Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалвқ жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатышердіктің бел алуы т.б. мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының әріден келе жатқан мәдениетін және білім, тәлім-тәрбие беру жүйесінің негіздерімен жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десек те болады.
Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, әдеп-тағылымдарын ұғыну, білу және өмірге үйлесімдерін қажетке жарату-жастардың туған халқына деген құрметінің артып және өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне әсерлі ықпал етумен қатар, бұл нәтижелі сапаға айналады.
Қазақта «үйлену оңай, үй болу қиын» дегендей үйленіп, үй болу адам өмірінің ұмытылмас кезеңі. Оның да өзіндік қызығы мен қиындығы бар. қазақ халқы қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, басқа халықтар сияқты думаншлы-сауықшыл халықтардың бірі. Ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, қазақ халқында отау тігудің әр түрлі, рет-ретімен орындалатын салт-дәстүрлері өте көп. Отау тігу дәстүріне көрік беріп, қызықты әрі мағыналы ететін – салт-дәстүр. «Қызын қияға, ұлын ұяға» қондыру әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті.
Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсетет білген. Оның басты себебі «ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішіп, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алған.
Қазақ халқының тарихы дәстүрге өте бай. Отбасы үшін ежелден тән қасиетті балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-келіншектері мен ер азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінетін дара қазақы болмысы жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік пен әдептілік үйлесімдік тапқан. Мәселен, ата-ана құқықтары қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, құдалы болу, қазақ некесінің ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, ажырасу, бала асырау, әмеңгерлік, мирас пен мұра т.б. ежелгі отбасы дәстүрлері мен соған қатысты қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының отбасына ерекше мән бергенін, шаңырақ шайқалып, босаға босамауына назар салғанын көреміз.
Жас отаудың пайдасына асатын әдет-ғұрыптар келешегін, нәсілінің болашағын ескертуден туындап, халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келген. Ата-анамыз екі жасты үйлендірмес бұрын оларға мынадай шарт қояды: біріншіден, қалыңдықты жеті атадан асырып іздеу қажет. Бұл талаптың мәнін халқымыз былай түсіндіреді: «қандас туыс адамдар үйленсе дұрыс бала туылмайды, туыла қалғанның өзінде ғұмыры қысқа болады.» екіншіден, ағайын-туысқан арасныда әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ бұзылады. Осылайша атақты қазақтар қашанда өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзінің теңіндей адамдардың қызын айттыруға тырысады. Айттыру, құда түсу ежелден келе жатқан дәстүр екенін жоғарыда сипаттадық. Алайда құда болудың бірнеше жолдары бар. кейбір өмірдің ащысы мен тәттісін бірге өткізген адамдар достықтары артып, туыс болғысы келсе бала өмірге келмей жатып құдаласуға уәделеседі де «бел құда»; екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып «бесік құда» атанады.
Қазіргі таңда көп қолданылатын құдалықтың бір түрі қыз бен жігіттің келісімімен ұл жағы сырға тағып, құда түседі.
Қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты жалғастыруды «сүйек жаңғырту» немесе «сүйек шатысу» деген. Бір кездері құдалы болған адамдар құдалықтарын ұзақ жалғастыру үшін қыз берісіп, қыз алысады.
Бұрынғы замандағыдай қазіргі кезде қызды зорлап қосу жоқ. Бірақ ата-аналары ақылдасып және екі жастың келісімі бойынша жасалатын салт.
Қалай отау құрғанда да жаң түскен келіннің екі жақты жақындататын дәнекерлік ролі аз. Келін болып түскен қыздың жаңа жұрттағы қадірі оның ақылы мен адамгершілігінде, шаруа икемділігінде, аналық қасиеттерінде және жарына деген мейірім-махаббатында деуге болады. Әрине, бұл жастардың адамгершілік қасиетіне, алған тәрбиесіне, әдептілігіне байланысты.
Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына тән, ана сүтімен сүйекке сіңген ізгі әдет-ғұрыптардан тыс қалып бара жатқандаймыз. Өз ұлтының өткені мен болашағына бей-жай қарайтын тәрбиеден тысқары қалған жастар аз емес. Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз. Халық өнерін игеру- жастарды еңбек сүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерін жалғастыруға баулиды. Ұлттық тәжірибеміз отбасынан басталып, кейін де жалғасын тауып жатса, қазіргідей қазақ халқының қанында жоқ, ата-баба тәрбиесіне жат өзін жарық дүниеге әкелген анасын, әлпештеп өсірген асқар тауы әкесін қарттар үйіне өткізген, нашақорлық пен маскүнемдікке салынғандардың шаңырағы ортаға түспес еді.
Атам заманнан жалғасып ар ұжданымызға ұялаған қанымызға сіңген қастерлі қазақ салтын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мұра ретінде кейінгі ұрпаққа қалыдру-бәріміздің де борышымыз. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершікке жетелейді. Сондықтан кең байтақ ата жұрттан ертеден жас буынға жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, шарапатты болу салтанатын құрды. Ұнасымды қарым-қатынас жасай білу. Бұл адамзат баласының әу бастан өз өміріне серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілік құру сапарында алға ұстап келе жатқан әдеп салттарының ең көкейкестісі. Адамдар өздерінің арасында тату, кішіпейіл, өресі деңгейлес қатынастардың тату болғаны жөн екендігіне ежелден-ақ ден қойған.
Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді деген атамыз. Яғни отбасы ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамдарды тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алған. Салт-санасы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген.
Ата-бабаларымзыдың, даналарымыздың, ақын жырауларымыздың ақыл-өсиеттері, ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған және халықтың ежелден келе жатқан салт-санасындағы, әдет-ғұрпындағы дәстүрлік тарих тағылымдарын өмірге үйлесімді пайдалану – ұл мен қызға берілетін тәлімді жетілдірудің тиімді жолы болумен қатар, олардың бойына инабаттылықты, мейірімділікті, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, адамдық қасиеттерді дарытуға игі ықпал ететін және оның өмірге тез сіңіп, болашақ отбасының тұрақтанып, бала тәрбиесінің жақсартып, адамдар арасындағы қарым-қатынас жарасымын көркейтіп, жауапкершілікті өркендетуге ықпал етеді. Мұның нәтижесі түрлі кінараттарға тосқауыл жасап, дөрекіліктер мен қатыгездіктен тиылуға және әдептіліктің бойға даруына ынталандыратын тиімді тәсіл.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет. Тәрбиенің көзі – ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек, біз сол насихаттың жүргізушісіміз. Бұған қоғам алдындағы үлкен мнідет ретінде қараған жөн.
Жас ұрпаққа білім мен саналы тәрбие беру қазіргі заман талабына сай өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты жаңарып отырады. Қазіргі таңдағы шапшаң жүріп жатқан жаңару барысы әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойына адамгершілік құндылықтарын сіңірген, яғни бәсекеге қабілетті адамзатты тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасына білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасының негізгі мақсаты тәрбие жүйесінің жаңа моделін дайындау, ұлтжандылықты, азаматтықты, төзімділікті, рухани құндылықты, рух-жігері шыңдалған әлеуметтік жағынан белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін икемділігін, экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдастырылған жағдай тудыру және басымдылық бағыттарын айқындау, ақпараттанған әлеуметтік жағынан мығым, білімді ортаны дайындау арқылы оқушылардың, жастардың танымдық және шығармашылық әрекетке жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту, ұйымдастырудың кешенді шараларын жасауын қамтамасыз етуде біздің №49 Ш.Уәлиханов атындағы шағын кешенді орта мектебінде атқарылып жатқан іс-шаралар мен істер көп.
Кешенді тәрбие бағдармасының бөлімдері:
Бағдарламаны нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
«Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және ұйымдастыру педагогикалық жұмыс»
«Саяси және құқықтық мәдениетті қалыптастыру»
«Рухани өнегелі тәрбие»
«Ұлтжандылық тәрбие»
«Есірткі және зиянды заттардың алдын алу»
«Ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі»
«Кадрлар біліктілігін көтеру және қайта даярлау»
уақыт талабына сай біздің мектеп ұжымы оқушының алдындағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, мектептің оқу-тәрбие процесі жаңалыққа бет бұрып, кешенді тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен оқу жылында біршама жұмыстар атқарылды.
Мысалы айта кетер болсақ 22 қыркүйек Қазақстан халқының тілдер күніне «Ана тілі – жүрек үні атты тіл апталығымен басталып, апталықта «әдеби кейіпкерлер бізде қонақта, «Ең үлгілі дәптер көрмесі, «Тіл жәрмеңкесі танымдық ойын –тәрбие сағаты. М.Шаханов пен М.Әуезовтың шығармалар жинағының кітап көрмесі, М.Әуезовтың 109 жылдығына орай драмалық шығармалары «Еңлік - Кебек», «Қаракөз» пьесасынан үзінді 9а,б сынып оқушылары қойды.
Сынып жетекшілері ата-аналармен бірлесе отырып, балаларды мектепке, білімге қызықтыруда барлық іс-тәжірибелерді пайдаланады.
Қазақстан Республикасы күні барлық мерекелердің ішіндегі ең жауапты да маңыздысы деп түсінетін мұғалімдер қауымы бұл мерекені ерекше атап өтті. Мерекеге іс шаралар жасалынып салтанатты жиын өткізілді. «Болашақ» ұйымына 9 сынып оқушылары қабылданды. Әр сынып өздерін қабырға газеттерін шығарып онда сол сыныптардағы әдебиетке бейім оқушылардың шағын мақалалары мен өлеңдері жарияланды. 2-сыныптың «Туған жерім жүрегім», 9б сыныптың «25 қазан Респаублика күні» атты ашық тәрбие сағаттары және осы айда 1 қазан «Қарттар күні», 6 сыныпта «Ұстаз халық анасы» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Жоспарға сәйкес «Болашағымызға байыпты тәрбие берейік» атты ата-аналар конференциясы өтіліп, тақырыпқа байланысты психологиялық суреттер, сауалнамалар, тест алынып жұмыстар жүргізілді.
Мектебімізде өзін өзі басқара алатындай тәрбиелі, білімді, зерделі бала болу тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бір-бірімен қарым-қатынасы анықтала отырып оқушылар ұйымы «Оқушылар президенті» сацланып жұмыс жасайды. Олардың көмегімен бірнеше іс шаралар «Өнерлі отбасы», «Алтын күз», «Салауатты болашақ үшін», 1 желтоқсан «Дүниежүзілік СПИД қарсы күні» - «Мектеп және отбасы» атты шығармалар, мектептегі «Жас полиция» қоғамдық ұйымдары да өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар «Желтоқсанға 20 жыл» атты «Біз тәуелсіздікке қалай жеттік» атты драмалық көріністер концерттік бағдарлама «Тәуелсіздік тұғыры» атты ақындар байқауы, 7б сыныбының «Желтоқсан жаңғырығы» атты ашық тәрбие сағаты, түрлі тәрбиелік жұмыстары жүзеге асырылды. Бұл орайда сынып жетекшілері баларамен бірге әрбір тарауға тыңғылықты дайындалып өткізіп отырады.
Сондай-ақ мектептегі аз қамтамасыз етілген оқушыларға көмек көсрету жақсы жолға қойылған. Сондай-ақ іс-шаралардың бірі «Алтын жүрек қайырымдылық » акциясы.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық. Елге, жерге, ұрпағына, Отанына қайырымды, бойындағы барлық асыл қасиетін халқына ұлтына арнаған адамды «Ер қамын жеген ер» деп бағалаған. Сондай азаматтарымыз біздің Әсіл ауылында баршылық. Бұл мерекеге акцияға байырғы мектеп түлектері 18 азамат келіп қаржылай көмек көрсетті. Түскен қаржыға тұрмысы нашар 15 балаға мектеп формасын, 6 балаға «Болашақ» сауықтыру лагеріне жолдама берілді.
Өздеріңізге белгілі 2007 жылдың 5 сәуір күні облыс әкімінің кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кәмелетке толмағандардың арасында 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Жасөспірім» атты жедел профилактикалық айлық өткізілді. «Заң білмеген зардап шегеді» дөңгелек столы МАИ қызметкерлерімен балалар құқығын қорғаушы инспеткор Тортаев Ержанмен кездесу ұйымдастырылды. Тәрбиесі қиын балалармен сынып жетекшілер педагог-психологтар мектеп ұстаздары үнемі зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырды.
Мектебімізде «Сырғалым қыздар кеңесінің жұмысы жақсы жолға қойылған. Атап айтар болсам «Бұрымды қыз» сырласу кеші, «Инабаттылық, нәзіктік, сезімталдық қызға тән қасиет» конференция, «Қыз қылығымен» дөңгелек стол, «Мектеп аруы -2007» байқауы өтіліп ауданға жолдама алып, «Сайрам аруы -2007» байқауына Исабеков Әсел қатысып ІІ орынды иеленді. «Қамқоршылар тобы» ҰОС және ғңбек ардагерлерінің үйіне аптасына 1 рет барып, аула маңын тазалап, көктемгі уақытта жер үлестерін аударып, жеміс ағаштарының түбін қопсытып береді.
«Жасыл желекке көмектесу яғни «Көгалдандыру» айлығында биология пәнінің мұғалімдері мен сынып жетекшілер, оқушылар ұйымы жоспар түзіп бірнеше іс шараларды мектеп алаңына тал көшеттері мен гүл көшеттерін қондырып көптеген жұмыстар атқарды.
Мектеп оқушылары аудан облыс көлемінде өтіліп жатқан іс шаралармен байқаулапрдан еш уақытта тыс қалып көрген емес. «Абай, Шәкәрім» оқулары байқауында 5 сынып оқушысы Қалтаева Н 2-ші орынды, ән орындауда Шыршықбаева Алтынай, 10 сынып оқушысы «Ғасырдың алтын ұрпақтары» аудандық байқауда Әмірбектегі Мейіржан, Аманкелді Гүлсана «Әуелетейік әуенін - Отанымның» атты патриоттық облыстық байқауында мектептің хор ұжымы, «Сайрам таланаттары 20058-2006,2007» байқауларында Шыршықбаев Мағжан, Исабекова Әсел, Шыныбектегі Жақсылық, Аманкелді Гүлсаналар ІІ орынды және мақтау дипломдарымен марапатталды. «Балауса» бишілер тобының өнерін мақтанышпен айта аламыз.
Мектеп әкімшілігін, ұстаздар қауымы ата – аналармен және қоғамдық ұйымдармен байланысты дамыта отырып, өскелең ұрпақты зама талабына сай тәрбиелеуде өздеріне жүктелген міндеттер аясында жұмысты жалғастыра береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |