Көкпекті аудандық кітапханасының 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында өткізілген іс-шаралары туралы ақпарат. «А.Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Абайым-ақындықтың пайғамбары»



бет2/5
Дата04.11.2016
өлшемі4,01 Mb.
1   2   3   4   5

« Абай оқулары» байқауы өтті.

1.«Ойлан, тап»,

2. «Өз таңдауыңды жаса»,

3. «Ұшқыр ой,жылдам жауап»,



4.«Кім шапшаң?» төрт кезеңмен өтті.

Байқау жеңімпазы Ж. Шайжүнісов мектебінің 8 сынып оқушысы Касенов Ильясқа ұйымдастырушылар тарапынан сыйлық тапсырылып және қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.



Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жылдығы!

25 ақпан күні мәдениет үйінде Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен « Халықтар достығы» фестивалі өтті.Фестивальда ауыл кітапханашылары әр ұлт өкілінің салт-дәстүрін, ұлттық киімін, өнерін көрсетті.Қатысушылар ең үздік ұлттық киім,ұлттық дастархан,ең үздік өнер номинациялары бойынша марапатталды. Бас жүлдені Тассай селолық округінен келген өзбек ұлты жеңіп алды.






Ұлы Жеңістің 70 жылдығы!

Көкпекті ауданы бойынша «Ұлы Жеңіске дейін 70 күн: өткенді болашақ үшін есте сақтаймыз» акциясы аясында Аудандық кітапханада 2015 жылы 1сәуірде «Мың тағзым, Сізге ардагер» атты Көкпекті ауылының тұрғыны 86 жастағы тыл ардагері Малғаждаров Жәлел Малғаждарұлымен кездесу өтті.Іс –шараның мақсаты: жасөспірімдерге Ұлы отан соғысы жайлы тереңірек ақпарат беру, тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқырмандарды патриоттық рухқа , Отанын сүюге тәрбиелеу. Іс-шара барысында қарт ардагердің ауыр балалық шағы,шығармашылық жолы туралы әңгімеленіп,өмірбаяны туралы толық ақпарат слайд түрінде оқырман назарына ұсынылды.

Акция «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Боздақтардан бір белгі»



Аудандық кітапханың онлайн-орталығында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Боздақтардан бір белгі» атты акция қолға алынды. Акцияның мән-мақсаты — соғыста хабар-ошарсыз кеткен немесе майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің деректерін іздестіру.Осы шара басталғаннан бері кітапхананың тұрақты оқырманы Нұрасыл Бекенов өз әкесінің қай бауырластар зиратында жерленгені туралы мәлімет тапты. Бұл үшін Сіздерден өздеріңіз іздеу салған, дерегін білгісі келген жауынгердің толық аты-жөнін, туған жылын, әскерге қашан және қай жерден шақырылғаны туралы мәліметтерді kokpektyonline@mail.ru электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.



Акция «Читаем детям о войне»
Акция «Читаем детям о войне»26 қаңтар күні аудандық кітапханада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Балалар соғыс туралы оқиық деген тақырыппен акция басталды.Акцияның мақсаты жасөспірімдерге соғыс туралы кітаптарды оқыту арқылы олардың патриоттық сезімін ояту.Соғыс көріністері кітап жадында деген тақырыптық көрме қойылып,балаларға толық мәлімет берілді.