Көкпекті аудандық кітапханасының 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында өткізілген іс-шаралары туралы ақпарат. «А.Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Абайым-ақындықтың пайғамбары»


Кітап көрмесі.Әлия Молдағулова онлайн көрсетілім



бет3/5
Дата04.11.2016
өлшемі4,01 Mb.
#196
1   2   3   4   5

Кітап көрмесі.Әлия Молдағулова онлайн көрсетілім.

Әлия Молдағұлова арналған онлайн-көрсетілім өтті



2015 жыл Ұлы Жеңістің 70 «Шығыс Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары» илл.кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.



«Көкпектілік Кеңес Одағының Батырлары» тақырыптық сөре және Ұлы Жеңіске тағзым онлайн көрсетілім келушілер назарына ұсынылды.Сонымен қатар Шығыстан шыққан Совет Одағының батырларына арналған «Всем тем, кто ушел в бессмертие и победил,посвящается…» деген тақырыппен еске алу сағаттары өткізілді.



15 сәуір - Козы Көрпеш Баян Сұлу ғашықтар күні.

Аудандық кітапханадағы «Жас ақын » клубының мүшелері Жақия Шайжүнісов атындағы мектебінің 8,9 сынып оқушылары, жас ұстаздар М. Мақатаевтың өлеңдерін оқып, Ғашықтар күні туралы ойларын ортаға салды.



.



«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы

Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.


Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік
Ғабит Мүсірепов.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.      


Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында  маңызды  рөл атқарады. Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, Аудандық кітапханада кітап қорын әр саладағы әдебиеттермен, балаларға арналған кітаптармен толықтыру, қазақ әдебиетінің  кітаптарын  насихаттау, жастарды  рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатымен  «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын өткізді.
Жергілікті ақын, Бейсен Аханов игі  іс-шараға белсене қатыса отырып Алматы баспасынан 2015 жылы шыққан 3 бөлімнен тұратын «Шашу» атты жинағын Көкпекті аудандық кітапханасына және оқырмандарына , сыйға тартты. Ақынның  бастамашылығын  қолдай келе, ұйымдастырушылар ризашылығын білдіреді.«Кітап- білім бұлағы» демекші, кітап оқыған адамның әрдайым рухани байлығы, дүниетанымы кеңейіп, ішкі дүниесі тазаратынын білеміз. Сондықтан да ұстаздар мен ата-аналар қауымы жас  ұрпақты кітапханаға көптеп тартуы керек.



Қазақ хандығының 550 жылдығы!

21 сәуір Көкпекті аудандық кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Алтын Орда хандары» атты тақырыппен кітап көрмесі оқырманға насихатталды. Көрмеге қазақ мемлекетін құруға үлес қосқан атақты хандар мен сұлтандар туралы жазылған кітаптар,қазақ хандығының тарихын дәріптейтін шығармалар қойылды.Көрмеге жиналған оқырмандар тарихқа толы әдебиеттермен танысып,өз ойларын ортаға салды.



.

1 мамыр Халықтар достығы күні!

Аудандық кітапханада 1 мамыр Халықтар достығы мерекесіне арналып, « Бір шаңырақ астында!» деген тақырыппен кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге әр ұлт және ұлыс өкілдерінің салт-дәстүрін, ұлттық дастархан мәзірін дәріптейтін кітаптар қойылып, оқырман назарына ұсынылды. Аудандық кітапхана қызметкерлері 1 мамыр күнгі мерекелік шеруде қазақ халқының ұлттық киімін киіп, ұлттық тағамдарынан дастархан жайды. Іс- шара соныңда кітапханашылар халық әнін айтып сайысқа түсті.1-мамыр қазақстандықтар үшін татулық, достық мерекесі ретінде қалыптасқан – көп ұлтты мемлекет. Еліміздегі қол жеткізген табыстар осы халықтар достығымен тығыз байланысты. Осы бірлік аясында еліміз дамыды, өсті, біздің достығымыздан үлгі алатын мемлекетке айналды.





Ұлы Жеңістің 70 жылдығы!

Ұлы Жеңістің 70 «Шығыс Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары» .кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды. «Көкпектілік Кеңес Одағының Батырлары» тақырыптық сөре және Ұлы Жеңіске тағзым онлайн көрсетілім келушілер назарына ұсынылды.Сонымен қатар Шығыстан шыққан Совет Одағының батырларына арналған Всем тем, кто ушел в бессмертие и победил,посвящается…деген тақырыппен еске алу сағаттары өткізілді.



Аудандық кітапханада Ұлы Жеңіске 70 жылдығына орай Отты жылдар жаңғырығы деген тақырыпта тарихи кеш өтті.

Слайд –шоу көрсетілді. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы туралы оқырмандар толық танысып, талдау жасауға мүмкіндік алды





Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет